Архив событий

24/06/2016

Өскемен қалалық сотында медициналық - әлеуметтік сараптаманы заңсыз деп тану туралы азаматтық іс қаралды

24/06/2016

И.Кажимякин «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Департамент комитеті» РММ-не медициналық-әлеуметтік сараптаманы заңсыз деп  тану туралы арызбен жүгінді.

Ар – намысты қорғау

24/06/2016

Өскемен қалалық сотына азамат М.Гудин ар-намыс, қадыр-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы арызымен жүгініді, онда ол В. Брызгин көп пәтерлі үйлер тұрғындарынның жиналысында тек қана тұрғындардың қатысуымен ғана емес, сонымен қатар бөтен адамдардың көзінше былай деді: «Сіздің адалдығыңызды тексеру керек деді.........».

Бұршақ сақтандыру жағдайына жатама?

24/06/2016

Өскемен қалалық сотына қала  тұрғыны С.Святых сақтандыру компаниясына қатысты  талап арызбен жүгінді. Ол өзінің талабында «Renault Sandero» автокөлігінің  жеке меншік иесі болып табылатынын көрсеткен. Бұршақтың салдарынан оның авокөлігі зақымданған, маманның есебі бойынша автокөлікті қалпына келтіру қаражаты 279 752 теңгені құраған. Талапкердің автокөлігі сақтандырылған, бірақ жауапкер сақтандыруды төлеуден бас тартуына байланысты, соттан талап арызды қанағаттандыруды сұраған.

Семей қаласының ювеналды сотының психологы «Жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу» тақырыбында семинарға қатысты

24/06/2016

Семей қаласының Абай атындағы кітапханасының ғимаратында «тәрбиесі қиын» жасөспірімдерді анықтау әдістері мен алдын алу жұмыстарын талқылау мақсатында «Жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Семинар сабағына  «Отбасы орталығы» қоғамдық қорының мамандары, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, қалалық мектептердің психологтары және ювеналды полицияның инспекторлары қатысты.

Семей қаласының ювеналды сотында «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметші» тақырыбында семинар өтті

24/06/2016

Семей қаласының ювеналды сотында Мемлекеттік қызметшілер күніне орай сот мамандарының қатысуымен «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметші» тақырыбында семинар өтті.

Семинар барысында қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің  жұмыс уақытында жұмыстан тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның негізгі принциптері мен міндеттерін, және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің ережелерін талқылады.

Семей қаласының ювеналды сотында азаматтық іс медиация тәртібімен қаралды

24/06/2016

Семей қаласының Ювеналды сотында  алименттің мөлшерін азайту  туралы іс қаралды. 

Алдын ала сот отырысында тараптардан дауды медиация тәртібімен шешу және медиация рәсімін істі қарап жатқан судьяның жүргізуі туралы өтініш түсті.

Сот мамандары арасында семинарлық сабақ өткізілді

24/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі А.Түсіпова сот мамандары арасында ««Төрелік» Ақпараттық жүйесін қолдану» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында А.Түсіпова «Төрелік» ақпараттық жүйесін қолдануды түсіндірді, тіркеу және карточкаларды толтыру,  деректерді енгізу, ол мамандардың назарын жауап дайындау мәселесіне аударды.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

24/06/2016

Үржар ауданы №2 сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлімімен жинақталған С.Чотаевқа қатысты әкімшілік іс медиациялық келісіммен қысқартылды.

Сотта анықталғанындай, С.Чотаев  алкогольдік  масаң күйінде өз үйінде себепсіз жанжал шығарып, өзінің некедегі жарын балағаттаған, яғни өзінің іс әрекеттерімен өзімімен тұратын отбасы тұрғындарының тыныштығын бұзған.

Сот мәжілісінде тараптар кәсіби емес медиатордың қатысуымен медиациялық келісімге келіп, сотқа  дауды медиациялық келісімге келгендері жөніндегі келісімді ұсынған.

Билік өкілін қорлап, бағынбағаны үшін жауапкершілікке тартылды

24/06/2016

Үржар ауданы №2 аудандық сотында  ҚР ҚК -нің 378 бабы 1 бөлігі, 379 бабы 1 бөлігімен (билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау, билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау) айыпталған М.Нұрмұхаметовке қатысты   қылмыстық іс қаралды.

Сақтандыру ақысы өндірілді

24/06/2016

Талапкер Л.Бұтақова сотқа сақтандыру компаниясына қатысты сақтандыру ақысын төлеу туралы талап арызбен жүгінген. Ол өзінің талабында  жеке кәсіпкер А. Прошкинамен Түркияға саяхат жасау үшін келісім шартқа отырып, саяхат  қызметін толық төлеген. Саяхат қызметіне екі жаққа ұшып келу, тұрғын үйде тұру, медициалық сақтандыру кірген. Қызмет түрлері үшін міндеттер  талапкермен толық орындалған. Жеке кәсіпкер  саяхаттандырушы А. Прошкинамен  ақша қаражаты «TRAVEL»ЖШС-не аударылып, сонғысы барлық саяхат  кейінге қалдырылған.

«Мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен бірлескен мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

24/06/2016

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен бірлескен мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге кеңсе меңгерушісі Г.Ильбисинова, сот қызметкерлері Риддер қаласының Тілдерді оқыту орталығының әдіскері Қ.Садықова қатысты.

Тараптар сотта татуласты

24/06/2016

«Стекло-Восток» ЖШС-сі жеке кәсіпкер М.Катинге жеткізу шарты бойынша 1 130 000 теңге көлеміндегі қарызды, сондай-ақ, 33 900 теңге сомасындағы  мемлекеттік баж төлеумен және 90 000 теңге көлеміндегі іс бойынша өкілдің қызметімен байланысты сот шығындарын өндіру туралы талап арызбен ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

Сот талқылауы барысында, дауды медиация тәртібімен реттеу және аталған мәселені төрағалық етуші судья-медиатордың қатысуымен қарау туралы арыз түсті.

Семей қаласының №2 сотында «Медиация туралы» Заңды насихаттау» тақырыбында брифинг өткізілді

24/06/2016

«Халықтар достығы үйі – қоғамдық келісім орталығында» Семей қаласының №2 сотының төрағасы Д.Бұлғынбаев «Медиация туралы» Заңды насихаттау бойынша «ТВК -6» телеарнасының тілшілерінің қатысуымен брифинг өткізді.

Сот жұмысшының еңбек ақысын өндіріп берді

24/06/2016

Семей қалалық соты еңбек ақыны әрі моральдық шығын өндіру бойынша азаматтық істі қарады.

Сотқа жүгінген С.Крамчанинов «Казахцемент» ЖШС-іне шағымданып, жұмыс уақыты кезінде жауапкермен 795 000 теңге көлеміндегі еңбек ақысының,  544 161 теңге іс-сапарлық шығынының төленбегені, 150 000 теңге зейнетақы аударымдарының аударылмағандығын алға тартады. Сонымен қатар, талапкер 4 жыл бойы еңбек әрі экологиялық демалыс берілмегендіктен және ұзақ уақыт бойы қаражат тапшылығын бастан кешкендіктен моральдық шығынды да талап еткен.

Дауды шешудің баламалы тәсілі банк пен клинеттің өзара түсіністігінің құралы ретінде қолданылады

24/06/2016

Семей қалалық сотында  «Банк дауларын шешу кезінде татуластыру процедураларын қолданудағы сұрақтар» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Шараға Семей қалалық сотының  судьясы А.Увалиева,  кәсіби медиаторлар, екінші деңгейлі банктің өкілдері қатысты.

Медиацияның даулар мен тұрмыста қолданылуы талқыланды

24/06/2016

Дауды реттеудің баламалы тәсілдерінің, оның ішінде делдалдың қатысуымен болатын татуластыру процедуралары орын алатын тәсілдердің маңыздылығы күн санап артып келеді.

Азаматтық істер бойынша медиация процедураларын қолдануды зерттеу мақсатында, тараптар арасындағы конфликтілік деңгейінің төмендеп, медиация тәртібінде дауды бекіту кезінде туындайтын мәселелі сұрақтарды анықтауда Семей қалалық соты Достық Үйінде «Медиацияның даулар мен тұрмыста қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Қалалық Достық үйінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті

24/06/2016

Семей қалалық сотымен қарызды өндіру бойынша азаматтық іс қаралды. Талапкер К.Қаратаевқа қатысты сотқа жүгініп, олардың арасында орынды жалға алу туралы келісім бекітіліп, соған сәйкес жауапкер ай сайын 60 мың теңге төлеуі тиіс болатындығын көрсеткен.  Жалдау құны бойынша берешек  120 660 теңгені құраған.

Істі қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келеді.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылды

24/06/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беруі) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған М.Қыдырхановқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Шығыс Қазақстан облыстық сотында Мемлекеттік қызметкерлер күні мерекесіне арналған салтанатты шара өткізілді

24/06/2016

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотында ШҚО бойынша Соттар Әкімшісінің басшысы Е.Айтпай Мемлекеттік қызметкерлер күні мерекесіне арналған салтанатты шара өткізді.

Атаулы шараға бөлім басшылары мен сот мамандары қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Жарлығындағы өзгерістерге  сәйкес 23 маусым мемлекеттік қызметкерлер күні деп жарияланған.

Тараптар татуласты

24/06/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде (отбасы-тұрмыстық қатынастардағы құқыққа қайшы әрекеттер) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған С.Шолковқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, С.Шолков отбасы-тұрмыстық қатынаста бірге тұратын азаматшаға қарсы ұрыс шығарып, оның атына анайы сөздер айтып, үйдің тыныштығын бұзған.

Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

24/06/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат Н.Заурбековке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот  отырысында Н.Заурбеков некедегі зайыбына сыйламаушылық көрсетіп, балағат сөздермен тіл тигізіп,  тыныштығын бұзғаны анықталды.

Риддер қалалық сотында «Мүмкіндігі шектелген балаларға арналған арнайы (түзету) мектеп-интернаты» тәрбиеленушілерімен кездесу өткізілді

24/06/2016

Кездесудің мақсаты жасөспірімдер арасындағы кылмыстықты және олардың негізгі себептерін талқылау, сонымен қатар, есірткіні пайдаланудың алдын алу болып табылады.

Шараға Риддер қалалық сотының судьясы А.Ракимова, «Риддер қалалық психоневрологиялық диспансері» КМК-ның бас дәрігерінің міндетін атқарушы С.Оразғалиев, Риддер қалалық ІІБ-нің жасөспірімдер істері бойынша инспекцияның қызметкерлері қатысты.

Маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуде жіберілді

24/06/2016

«Көкпекті ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК А.Тоқпаевты мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы талап арызбен Көкпекті аудандық сотына жүгінген.  

Күршім ауданының №2 аудандық сотында әкімшілік іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

24/06/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБК-нің  73-бабының 1-бөлігі бойынша (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаған) азаматтар А.Торпақовқа және Ж.Бөкенге қатысты әкімшілік істер қаралды.

Сотпен екі медиция өткізілді

24/06/2016

Көкпекті ауданының № 2 аудандық соты екі іс бойынша сот медиациясын қолданды.

Азамат Б.Жолдыбаев  алкогольдалкогольдік масаң күйінде үйінде жанжал шығарып, өзімен бірге тұратын зайыбан балағаттап, тыныштығын бұзған. Нәтижесінде  зайыбы полицияға жүгініп,  ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабы 1 бөлігімен, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқықбұзушыға әкімшілік іс қозғалған.

Кәсіби емес медиатор отбасын сақтап қалды

24/06/2016

ШҚО Катонқарағай аудандық сотымен некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта істі қарау кезінде, кәсіби емес медиатордың  қатысуы арқылы дауларды реттеудің балама технологиясы ретінде медиация қолданылды. Кәсіби емес медиатор тартылып, нәтижесінде ерлі-зайыптылар татуласып,  арадағы  дауды реттеу туралы келісім бекіту жайлы арыз ұсынылды. 

Сот ұйғарымымен әкімшілік іс өндірісі тараптардың татуласуына және медиативтік келісімге келуіне байланысты  қысқартылды.

Сотқа құрметтемеушілік танытқаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

24/06/2016

Зырян ауданының №2 аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653 бабы 1 бөлігімен (процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк)) әкімшілік іс қа

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды

24/06/2016

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық сотында Е.Кизеновқа  қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 481-бабының 1-бөлігі (қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға осы мекемелерде сақтауға және пайдалануға тыйым салынған алкогольдік ішімдіктерді, дәрілік және есеңгірететін әсері бар басқа да заттарды, ақшаны, тамақ өнімдерін, бұйымдарды және басқа да нәрселердi жете тексеруден жасырып беру немесе кез келген тәсiлмен беруге әрекеттену) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

24/06/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының  әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес (ұсақ бұзақылық) азамат Э.Вагнерге қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта Э.Вагнер  қоғамдық орында шылым шегіп, қалдығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластап, әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны анықталды.     

Соттың қаулысымен  Э.Вагнер ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасауы бойынша кінәлі деп танылып 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін Грузия азаматы жауапқа тартылды

24/06/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Грузия азаматы  М.Копалейшвилиге қатысты Қазақстан Республикасының  әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабының 4-бөлігіне сәйкес (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы) әкімшілік іс қарады.

Алимент төлемеуден жалтарғаны үшін қамаққа алынды

24/06/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты П.Эбертқа қатысты  Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК 669-бабы (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша әкімшілік іс қарады.

Сотта П.Эберт  ШҚО, №2 Зырян аудандық сотының кғәмелеттік жасқа толмаған баласын асырау үшін  табысының ¼ бөлігін өндіру туралы сот бұйрығын орындамағаны, алимент бойынша 919 464 теңге берешек екендігі анықталды.

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында әкімшілік іс қаралды

24/06/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты К.Абильмажиновке  қатысты  Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК 669-бабы (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша әкімшілік істі қарады.

Сотта Бесқарағай аудандық сотының атқару парағының К.Абильмажиновтан  мемлекет пайдасына 2 081 100 теңге мөлшерінде материалдық шығын өндірілген, борышкер бірнеше рет атқару парағын ерікті түрде орындау жөнінде ескертілсе де, осы уақытқа дейін сот шешімін орындаудан жалтарып келгендігі анықталған.