Архив событий

22/06/2016

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қаралды

22/06/2016

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы  1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша А.Абдулғазиевке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, А.Абдулғазиев заңды некедегі әйелінің ар-намысына тиетін сөздермен балағаттап, отбасы тыныштығын бұзғандығы анықталды.  

ҚР-ның халықтың көші-қоны туралы заңнамасын бұзған

22/06/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігінде (шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Өзбекстан Республикасының азаматы М.Рахимжоновқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды

22/06/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК  610-бабының, 1-бөлігінде (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін В.Чекановаға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Семей қаласының №2 сотының судьясы «Алаяқтық» тақырыбында баспасөз маслихатын өткізді

22/06/2016

Семей қаласының №2 сотының судьясы Г.Биназарова «31 телеарна» тілшісі Д.Ерболқызының қатысуымен ҚР ҚК-нің 190-бабы, 3-бөлігінің, 1,3 тармақтары (алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену, ірі мөлшерде, екі неме одан да көп адамға қатысты жасалған) бойынша  азамат К.Қасымхановаға  қатысты қылмыстық іс бойынша баспасөз-мәслихатын өткізді.

Маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы әкімшілік іс қаралды

22/06/2016

Үржар аудандық сотында азаматты маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта, Т.Чукетаев алкогольдік ішімдікке өте әуес екені, 2009 жылдан бастап Үржар аудандық ауруханасының нарколог дәрігері есебінде және Үржар АІІБ-нің арнайы есебінде  тұратыны, өз еркімен жауапкердің  маскүнемдіктен емделуден бас тартатыны анықталған.

Сот Т.Чукетаев маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемесіне жіберу туралы шешім шығарды.

Семей қаласы № 2 сотында «Атқарушы іс қозғалғанда сот актілерін орындау кезінде туындайтын сұрақтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

22/06/2016

Семей қаласы № 2 сотында «Атқарушы іс қозғалғанда сот актілерін орындау кезінде туындайтын сұрақтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Семей қаласы № 2 сотының судьялары, Семей қаласы бойынша сот актілерін орындау Департаментінің аға сот орындаушы А.Нұржакупова, Семей қалалық прокурорының көмекшісі А.Жарылғасын, көлік прокурорының көмекшісі Т.Қажекенов және Семей қаласы бойынша Ішкі істер бөлімінің өкілдері қатысты.

Аса ірі мөлшерде ұрлық жасағандары үшін сотталды

22/06/2016

Үржар аудандық сотында  ҚК-нің  188 бабының 4 бөлігі 3 тармағымен, яғни, аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотта, А.Серіков, Е.Қабдрахман және Н.Айнабеков  сауда үйіне заңсыз түрде кіріп, күміс және алтын бұйымдарды, сонымен қатар шетел валюталарын (АҚШ доллары және ҚХР юаньдары) ұрлағандығы анықталды. Жасалған ұрлық бойынша жалпы келтірілген залал 33 597 445 теңгені құрайды.

Маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

22/06/2016

Үржар аудандық сотымен азаматты маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасы» ҚКМК өз талабында жауапкер алкогольдік ішімдікке өте әуес екенін, 2014 жылдан бастап Үржар аудандық ауруханасының нарколог дәрігері есебінде және Үржар АІІБ-нің арнайы есебінде  тұратынын, өз еркімен жауапкер  маскүнемдіктен емделуден бас тартатынын, сол себепті сотқа жүгінуге мәжбүр болғанын көрсеткен.

Тараптар дауды медиатордың қатысуымен реттеді

22/06/2016

Семей қаласының № 2 соты ҚР ҚК-нің 107-бабы, 2-бөлігінің 5-тармағымен (бұзақылық ниетпен, денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша азамат А.Кожкеновқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, азамат А.Кожкенов қоғамдық орында алкогольдік  масаң күйінде қоғамдық тәртіпті аса дөрекі бұзып, қоғамды құрметтемей, себепсіз бұзақылық ниетпен жәбірленушінің  жақ сүйегін сындырып, дене жарақатын келтіргені анықталды.

Сот тергеуі барысында тараптар дауды медиатордың қатысуымен реттеді.

Аса iрi мөлшердегі есірткі заттарын өткізу мақсатында сақтау

22/06/2016

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 297-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағымен (аса iрi мөлшердегі есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау және есірткі заттарын сату) қарастырылған  қылмысты жасағаны үшін  айыпталған А.Лыновқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ерлі-зайыптыларға қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

22/06/2016

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында  ҚР ҚК-нің 108- бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру ) бойынша Р.Калиолдинға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта,   Р.Калиолдин заңды некедегі жұбайын ұрып-соғып жеңіл дәрежеде дене жарақатын түсіргендігі анықталды.

Сот отырысына дайындық жүргізу кезінде медиатордың қатысуымен жәбірленушінің Р.Калиолдинмен өзара медиациялық тәртіпте татуласуларына байланысты дау реттелді.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылды

22/06/2016

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық соты  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік,  есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде  басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік,  есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң  күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша М.Кузьмичевке қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта,  М.Кузьмичев алкоголдік масаң күйде көлік құралын жүргізгені анықталды. 

Отбасылық жанжал медиация тәртібімен реттелді

22/06/2016

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы заңға қайшы әрекеттер) азамат Д.Тютюновқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта  аталған  азамат  өзінің үйінде алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде өзімен бірге тұратын жұбайымен ұрыс шығарып, ұрыс барысында оған қатысты балағат сөздер айтқандығы анықталды.

Семей қаласының ювеналды сотында сот орындаушыларымен дөңгелек үстел өтті

22/06/2016

Семей қаласының ювеналды сотында «Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Дөңгелек үстелге» әкімшілік айыппұлдарды өндіру бөлімінің және жеке сот орындаушылардың  аймақтық палатасының басшылары қатысты.

Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды

22/06/2016

Катонқарағай ауданының №2 сотымен  сот актісін орындамағаны үшін  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 669-бабы (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша Д.Құдайбергеновке  қатысты қаулы  шығарылды.

Сот мәжілісінде, 2015 жылдың 8 қазанында шығарылған сот бұйрығы негізінде Д.Құдайбергеновтен барлық табысының 1/2 бөлігінде алимент өндірілген, алимент бойынша қарызы 559 017 теңге құрайды, бүгінгі күнге дейін борышкер Д.Құдайбергеновтің алимент бойынша сот актісін орындамаған анықталғаны.

Әкімшілік іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

22/06/2016

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы заңға қайшы әрекеттер) азамат Ф.Қасымовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, аталған  азамат  өзінің үйінде алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде өзімен бірге тұратын анасымен ұрыс шығарып, ұрыс барысында оған қатысты балағат сөздер айтқандығы анықталды.

Тараптар медиациялық келісімге келді

22/06/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде (отбасы-тұрмыстық қатынастардағы құқыққа қайшы әрекеттер) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған В.Макиенкоға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, В.Макиенко өз пәтерінде отбасы-тұрмыстық қатынаста бірге тұратын азаматшаға қарсы ұрыс шығарып, оның атына былапыт сөздер айтып, үйдің тыныштығын бұзған.

Өскемен қаласының №2 сотының судьялары халықпен кездесу өткізді

22/06/2016

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылы Қазақстан Республикасы судьяларының V съезінде сот жүйесін жүзеге асырудың басым бағыты ретінде медиация жолымен дауларды реттеудің баламалы әдістерін енгізу, басты міндеттердің бірі болып қойылған болатын.

2011 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы  Қазақстанның құқықтық жүйесі үшін  азаматтық қоғамда жаңа институттардың шынайы дамуынының және құқықтық мемлекеттің негізін қалаудың куәсі  болып табылады. 

Өскемен қалалық сотында шығынды өндіру туралы азаматтық іс қаралды

22/06/2016

Өскемен қалалық сотында  шығынды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа  жауапкерден материалдық шығынды өндіру туралы талап арызбен жүгінген, ол өзінің талабында  СТ «Светоч» саяжайдындағы үйдің меншік иесі болып табылатын көрсеткен. Аталған мүлік жауапкерге ауызша келісіммен жалға берілген. Жауапкердің салдарынан  өрт шығып саяжайдағы үй өртеніп кеткен. Жауапкермен жазбаша қолхат жазылып, онда ол 300 000 теңгені құрайтын шығынды тараптармен келісілген мерзімде өтеуге келіскен, алайда ол келісілген  міндетті орындамаған.

Қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүргені үшін қамаққа алынды

22/06/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігі (жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам жасаған әрекеттер) бойынша қатысты әкімшілік

Материалдық және моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық іс қаралды

22/06/2016

Өскемен қалалық сотында материалдық және моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер өзінің талабын істегі зерттеу актісі және көршілермен ПИК-тің төрағасының түсініктеріне сүйеніп, жауапкердің кесірінен бірнеше рет пәтерін су басқанын айтып көрсетті.

Істі қарау барысында тараптар дауды медиациялық тәртіпте бітімгершілікпен шешу мақсатында  өзара келісімге келді. Ол бойынша жауапкер келтірген материалдық және моральдық зиянды өтеу мақсатында 180 000 теңге өтеуге келісті.