Архив событий

09/06/2016

Семей қалалық сотында ЖОО – ның заң факультетінің студенттері болып қайтты

09/06/2016

Семей қалалық сотында «Ашық есік күні» болып өтті. Бұл күні Қазақ гуманитарлық-инновациялық заң университетінің студенттері келген еді.

Студент үшін, оның ішінде «Заңгер» мамандығын таңдаған студент үшін білім алудың алғашқы кезеңінде өзінің болашақ мамандығымен жақынырақ танысқаны маңызды. Сот қызметкерлерімен әнгімелесіп, өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алды.

Моральдық шығынды өндіру туралы дау медиация тәртібінде реттелді

09/06/2016

Семей қалалық сотымен К.И. Усенованың К.Ж. Айтказиннен  500 000 теңге моральдық шығынды өндіру бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді ұсынды. Оның шарттары бойынша жауапкер талапкер жұмыс атқаратын ұжым алдында кешірім сұрап, ЖШС Басқармасының төрағасына К.И. Усенова туралы жалған мәлімет таратқан жұмысшы туралы ақпаратты ұсынып, ал талапкер өз арыз талаптарынан бас тартуға уағдаласты.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының №2 соты Достық Үйінде «дөңгелек үстел» ұйымдастырды

09/06/2016

«ШҚО Әкімдігі Аппаратының «Достық үйі-қоғамдық келісім орталығы» КММ-де Өскемен қаласының №2 соты «Қылмыстық сот өндірісінде медиацияны қолдану іс тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс шараның мақсаты – қылмыстық сот өндірісінде медиацияны дамыту, медиацияны қолдануда келеңсіз мәселелерді анықтап және жою болды.

Өскемен қалалық сотында «Сот жүйесінің БАҚ-мен өзара іс-қимылын үйлестіру» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

09/06/2016

Өскемен қалалық  сотында  БАҚ өзара іс-қимылды үйлестіру жөніндегі топтың мүшелері   судьялар Л.Р. Зинашева және Е.С. Ақымбеков  «Сот жүйесінің БАҚ-мен өзара іс-қимылын үйлестіру»  тақырыбында сот  мамандарына арналған семинар өткізді.

Өскемен қалалық сотында азаматтық істердің сот кеңсесіне, мұрағатқа тапсыру мерзімі мен тәртібі кеңінен талқыланды

09/06/2016

Өскемен қалалық  сотында «Азаматтық істердің сот кеңсесіне, мұрағатқа тапсыру мерзімі мен тәртібі» тақырыбында семинар сабағы өтті. Іс-шараға мұрағатшы  С.Камева және сот қызметкерлері қатысты.

Семинардың модераторы ретінде мұрағатшы А.К.Асқарова келесі мән-жайларды түсіндірді.

«Дауларды сотқа дейін реттеу міндеттілігі» тақырыбындағы семинар өткізілді

09/06/2016

Өскемен қалалық  сотында судьялардың қатысуымен «Дауларды сотқа дейін реттеу міндеттілігі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Сот төрағасы Б.Тайтөлеуов  ззінің баяндамасында жаңа Азаматтық  процестік Кодексінде дауларды альтернативті түрде реттеуге, соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіпке, медиация тәртібі арқылы татуластыру рәсімін дамытуға басты назар аударылғаны жайлы атап өтті.

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

09/06/2016

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотымен Б.Нарынчиновты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 73 бабы 2 бөлігімен жауапқа тарту туралы әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды.  

Сотта Б.Нарынчинов спирттік ішімдік ішкен масаң күйінде өзінің үйінде  аз.А.Дюсенованы балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтқандығы анықталды. Осыған дейін де Б.Нарынчинов әкімшілік жауапқа тартылып, жыл ішінде  осындай құқық бұзушылықты қайталап жасаған.

Глубокое аудандық сотымен отбасы-тұрмыстық жанжал бейбіт аяқталды

09/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық сотымен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73 б. 1 б. бойынша (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін М.В. Кодинцевке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта М.В. Кодинцев өз үйінде  алкогольдік масаң күйінде  апайы В.В. Кодинцеваға былапыт сөйлеп, күш көрсетумен қорқытып жанжал шығарғаны анықталды.

Ірі мөлшердегі есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін сотталды

09/06/2016

Зырян аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 296-бабы 3-бөлігінде қарастырылған (ірі мөлшерде  есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) қылмысты жасаған С.Воропайға қатысты қылмыстық ісі  қаралды.

Сотпен, 2016 жылдың сәуір айында полиция қызметкерлерімен жүргізілген шұғыл іздестіру шаралары нәтижесінде С.Воропай ұсталып, оның қолға ұстайтын сөмкесінде өсімдік тәрізді заты табылып,  алынғаны анықталды. Сарапшының қорытындысы бойынша аталған өсімдік тегі кептірілген анаша ретінде танылды.

Тараптардың медиация тәртібінде келісімге келулеріне байланысты жеке айыптау қылмыстық ісі қысқартылды

09/06/2016

Зырян аудандық сотында азамат Н-ға қатысты ҚР ҚК-нің 108 бабы бойынша жекеше айыптау тәртібімен қылмыстық ісі қаралды.

Сотпен жеке айыптаушы У.айыптаудан бас тартып, сот отырысы барысында тараптар медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімін жасап сотқа бекітуді ұсынды.

Көкпекті ауданының Достық үйінде «дөңгелек үстел» өтті

09/06/2016

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотымен  жұмыс жоспарын орындау шеңберінде татуласу процедураларын насихаттау бойынша Достық үйінде «Медиация туралы заң» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.  

Дөңгелек үстелге қоғамдық ұйым өкілдері, маслихат депутаттары, ауылдық әкімшіліктің басшысы, медиаторлары мен өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Сот әкелікті тану фактісін анықтады

09/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха аудандық соты С-ның заңгерлік мәнге ие факті – әке екенін тану фактісін анықтау жөніндегі арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Арыз беруші С. 2000 жылдың маусымынан бастап ол аяқ астынан қайтыс болып кеткенге дейін М-мен нақты некелік қатынаста болғанын айтып, әкелік фактісін  тану туралы өтінішпен сотқа жүгінді. Бірге тұрған кездерінде үш бала дүниеге келіп, оны азамат М. өз балаларым деп танып, тәрбиесімен айналысып, асыраған.

Ерлі-зайыптылар мүлікті бөлісуді медиация тәртібінде жүзеге асырды

09/06/2016

Семей қалалық сотымен ерлі-зайыптылардың ортақ мүліктерін бөлісуі туралы азаматтық іс қаралды.

В.В.  Шестиков С.Х. Шестиковамен неке кезінде пәтер түріндегі ортақ табысқа қол жеткізген жылжымайты мүлікті бөлу үшін сотқа жүгінген. Әңгімелесу барысында жауапкер ортақ қарыздарды бөлісу туралы қарсы арызын ұсынды.