Архив событий

07/06/2016

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

07/06/2016

Тарбағатай ауданның  №2 аудандық сотында,  талапкер «Орда Несие» Несие Серіктестігі ЖШС-тің азамат Н.Альдебаевтан қарызды өндіру азаматтық ісі қаралды.

«Орда Несие» Несие Серіктестігі ЖШС азамат Н.Альдебаевтан 3 264 326 теңге несие қарызын өндіруді сұраған.

Сот талқылауы барысында талапкердің өкілі жауапкер Н.Альдебаевпен өзара келісімге келгендіктен талап арыздан бас тартатынын айтты.

Сот орындаушысының мүлікке тыйым салу туралы қаулысы санкцияланды

07/06/2016

Тарбағатай аудандық сотына ШҚО атқарушылық округінің жеке сот орындаушысынан борышкер О.-дан өндіріп алушы «Орда-Несие» Несие Серіктестігі» ЖШС пайдасына 828 084 теңге өндіру жөніндегі  атқару парағы негізінде мүлікке тыйым салу туралы қаулысына санкция беру ұсынылды. Қаулыға санкцияланатын әрекеттерді қабылдаудың негізділігін растайтын атқарушылық іс жүргізу материалдары қоса берілді.

Күршім ауданының № 2 аудандық сотымен конференция өткізілді

07/06/2016

Күршім ауданының №2 аудандық сотының судьясы С.С.Жүніспекова Теректі ауылдық округінің мәдениет үйінің  ғимаратында орта мектептердің мұғалімдеріне арнап «Балалар құқығын қорғау – жарқын болашақтың кепілі» атты тақырыпта конференция өткізілді.

Конференция барысында судья ұстаздар назарына 1989 жылдың 20 қарашасында Нью-Йорк қаласында қабылданған және Қазақстан Республикасымен 1994 жылдың 8 маусымында ратификацияланған «Бала құқықтары туралы» Конвенциясының ережелерін жеткізді.

Қылмыстық теріс қылық медиация тәртібімен қысқартылды

07/06/2016

Көкпекті аудандық сотына Б.Көңілбаевтан М.Болатовты Қылмыстық кодекстың 108-бабымен қарастырылған қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы жеке шағымы келіп түскен. Шағымға сәйкес М.Болатов масаң күйінде, өзара келіспеушілік барысында, Б.Көңілбаевтың  денсаулығына жеңіл дәрежелі зиян келтірген.

Сотта тараптарға медиация тәртібімен татуласу мүмкiндiгi түсiндiрілген соң, тараптар медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімін жасап сотқа ұсынды.

Талапкерге төленген мемлекеттік баж қайтарылды

07/06/2016

"ЖЫЛЫ ҚЫС" ЖШС "Тасымал көлігі" ЖШС-не қарызды өндіру туралы талап арызымен ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

Азаматтық істің материалдарына сай, тараптар арасында 300 орынға арналған «Орта мектеп» құрылысының жаңа объектісін ішкі канализация және жылумен қамту жинақтауы бойынша қосалқы мердігерлік шарттары жасалған. Салыстыру актісіне сәйкес жауапкер 4 676 388 теңге негізгі қарызды төлемеген. Соттан негізгі қарызды, шарт бойынша айыпақыны, сондай-ақ, өкілдік шығындарды өндіріп алуды сұраған.

Қылмыстық іс сотпен процестік келісім аясында қаралып үкім шықты

07/06/2016

Зайсан аудандық сотымен Д.К.Дубраевты ҚК-тің 293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен (бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу) айыптаған қылмыстық іс прокурормен жасалған процестік келісім аясында қаралды.

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот актілерін орындау мәселелері талқыланды

07/06/2016

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот актілерін орындау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстелге аумақтық сот орындаушылар бөлімінің, әкімшілік айыппұлдарды өндіру бөлімінің және жеке сот орындаушылардың  аймақтық палатасының сот орындаушылары шақырылды.

Өскемен қалалық сотында «Сот актілерінің орындалу мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді

07/06/2016

Өскемен қалалық  сотында  жеке сот орындаушылары және БАҚ-өкілдерінің қатысуымен «Азаматтық істер бойынша сот актілерінің орындалуы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Аталмыш іс-шараны Өскемен қалалық сотының  төрағасы Б.Тайтөлеуов  ашып, сот актілерінің орындалуы құқықтық тәжірибенің ең маңызды бөлігі болып табылатынын, мұның өзі мемлекеттегі сот төрелігінің тиімділігін көрсететінін атап өтті.

Тараптардың медиациялық келісімі негізінде іс өндірісі қысқартылды

07/06/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігінде (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған құқыққа
қарсы әрекеттер) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған В.Курочкинге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта В.Курочкин әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде тағы да қайталап отбасы-тұрмыстық қатынаста бірге тұратын азаматшаға сыйламаушылық танытытқаны  анықталды.

Өскемен қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ШҚО бойынша департаментімен бірлесе дәріс өткізілді

07/06/2016

Өскемен қаласының №2 сотында соттың кеңсе меңгерушісі Салтанат Жортбасовамен бірлесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ШҚО бойынша департаментінің бас маманы Жанар Смекенова  «Қазахстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы » Заңы және Қазахстан Республикасының жаңа мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексін түсіндіру» тақырыбында  дәріс өткізді.

Іс шараға соттың мамандары және сот приставтары қатысты.

Түберкүлезден мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

07/06/2016

Өскемен қалалық сотында түзеу мекемесінің сотталған Г-ны туберкулез дертінен мамандандырылған емдеу мекемесіне жолдау жөнінде арызы қаралды.

Аталған арызды беруге, сотталған тұлғаның туберкулез дертімен ауыруына байланысты, айналасындағыларына дертін жұқтыру эпидемиологиялық қауіп туғызуы себеп болған.

Соттың шешімімен тузеу мекемесінің талабы қанағаттандырылып, сотталған Г. түберкүлезбен қарсы мамандандырылған ұйымға толық емделу курсынан өту үшін жіберілді.  

Тарбағатай аудандық сотында мемлекеттік білім гранты бойынша қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды

07/06/2016

Тарбағатай аудандық сотымен «Қаржы орталығы» Акционерлік қоғамының  жауапкер С.-дан мемлекеттік білім гранты бойынша 1 542 927 теңге көлемінде қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

«Электрондық цифрлық қолтаңба» тақырыбындағы семинар сабағы өтті

07/06/2016

Семей қаласының мамандандырылған  әкімшілік сотында  судьялармен кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен «Электрондық цифрлық қолтаңба» тақырыбында семинар сабағы өтіті.

Семинар барысында  бас маман М.С.Зарлыханова  баяндама оқып, электрондық цифрлық қолтаңбасын алу жолдарын, сотқа электрондық құжаттарды беру және  электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану тәртібі жайлы айтты.

Бесқарағай аудандық сотында азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

07/06/2016
Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық сотымен «Казахтелеком» акционерлік қоғамның Н.Р. Казбековтан 3017 теңге қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.
 
Сот талқылау барысында жауапкер қарызды толық көлемде қайтарғандықтан сотқа тараптардан дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім түсті. 
 

Үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айрылды

07/06/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беруі) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған Е.Шелиховқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Бесқарағай аудандық соты әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

07/06/2016

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін  азамат Д.Е. Уалиевке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта  азамат Д.Е. Уалиев өзінің үйінде алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде өзімен бірге тұратын жұбайымен ұрыс шығарып, ұрыс барысында оған қатысты балағат сөздер айтқандығы анықталды.

Сот отырысында тараптар медиация тәртібімен татуласқанына байланысты соттан әкімшілік істі қысқартуын сұрады.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

07/06/2016

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы заңға қайшы әрекеттер) азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта  азамат К. өзінің үйінде алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде өзімен бірге тұратын анасына ұрыс шығарып, оған қатысты балағат сөздер айтқандығы анықталды.