Сот ғимараттарын жөндеу, реконструкциялау және салу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысында 40 сот өз жұмысын атқарып тұр, олар 37 ғимарат пен үй-жайда орналасқан, оның ішінде 2 ғимарат жалға алынған.

Нормативке сәйкес  сәйкес, жалпы алғанда 22518,8 ш.м. жеткіліксіз (жалпы алып жатқан ауданы – 38282,2 ш.м., Норматив бойынша болуы тиіс- 60 801 ш.м.)

Сонымен қатар, 1948-1980 жылдар аралығында салынған, сот қызметіне жарамсыз ғимараттардың 52%-ы тозығы жеткен, жүйелі жөндеуді қажет етеді:

 

1956-1980 жж. салынды – 19 немесе 52,8%

 

1981-2000 жж салынды – 12 немесе 33,3%;

 

2001-2019 жылдары салынған – 4 немесе 11,1%.

 

Апаттық жағдайдағы ғимараттар жоқ, 11 ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама бар.

 

Әлемдік тәжірибені қолдануды ескере отырып, 10 бірлік  жаңа соттарды салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Басты назар сот ғимараттарының қолжетімділігі мен судьялар үшін де, азаматтар үшін де жайлылыққа аударылды. Мәселен, 6 сотқа 3 құрамды типтік жобасы, 3 сотқа 5 құрамды типтік жобасы әзірленді (Глубокое  аудандық соты жергілікті өзін-өзі басқарудың қаражаты есебінен салынып жатыр), 1 сот бойынша   10 құрамды типтік жоа әзірленді (осы жоба бойынша «Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында сот ғимаратының құрылысы» жобасының жобалық-сметалық құжаттамасы түзетілуде).

 

2019 жылы жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен «Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Глубокое ауылында әкімшілік ғимараттың құрылысы» басталды. 2019-2020 жылдарға 301 260 000 теңге бөлініп, игерілді. 2022 жылы аяқтау үшін қажетті сома 195 474,4 мың теңге.

 

Ғимараттармен қамтамасыз ету және жаңаларын салу мәселелері де жергілікті атқарушы органдар арқылы пысықталуда.

Барлық жаңа ғимараттарда сот төрелігін сапалы жүзеге асыру үшін қажетті нақты үй-жайлар (сот залдары, кеңесулер, адвокаттарға, прокурорларға және медиаторларға арналған кабинеттер, сондай-ақ келушілерге арналған залдар және т.б.) қарастырылған.

2022 жылдың 1 тоқсанында ғимараттар мен үй-жайларға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлінген жоқ. Ғимараттардың техникалық және эстетикалық жағдайын сақтау үшін жыл сайын кемінде 100 миллион теңге қажет.

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында толыққанды және оңайлатылған 31 фронт-офис жұмыс істеп тұр.