Жаднама

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Құрметті сот ісін жүргізудің қатысушысы!

Жоғарғы Сотқа жүгінбес бұрын келесіні ТЕКСЕРУІҢІЗ қажет:

  1. Кассацияның Сіздің өтінішхатыңызды қарауға құқығы бар ма? (АПК-нің 434-бабының 2-бөлігі - кассациялық тәртіппен қайта қаралуға жатпайтын сот актілерінің тізімі);
  1. Өтінішхат дұрыс толтырылған ба (АПК-нің 441-бабы) және Сіздің өкіліңіздің құжаттары ресімделген бе (АПК-нің 58-бабы)?

Өтінішхатқа сенімхатты, жоғары заң білімі туралы дипломның расталған көшірмесін, ордерді (адвокаттар үшін) тіркеу қажет.

  1. Мемлекеттiк баж дұрыс төленген бе?
  • Салық кодексінің 610-бабын;
  • АПК-нің 104-бабын;
  • «Мәмілелер жарамсыздығының және олардың жарамсыздығының салдарларын соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 07.07.2016 жылғы № 6 Нормативтік қаулысының 3-тармағын;
  • соттарда мемлекеттiк баж төлеуден босатуды (Салық кодексінің 616-бабы) мұқият оқуыңыз қажет.
  1. Жоғарғы Сотқа мемлекеттік баж төлеу үшін төлем деректемелері.

Бенефициар: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі

БСН: 081240013779

ЖСК: KZ24070105KSN0000000

Бенефициар банкі: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» ММ

БСК: KKMFKZ2A

Салық органының коды: 6205

БКК 108126

ТТК 911.

ЕСКЕРТУ:

Егер жергілікті соттардың сот актiлерi кассациялық тәртіппен қаралуға жатпайтын болса (I.т. қараңыз) немесе шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталмаған жағдайда, тараптар АПК-нің 438-бабының 6-бөлігінде көзделген негіздер болған кезде Жоғарғы Сот Төрағасының атына ұсыну енгізу туралы өтінішхатпен жүгінуге құқылы.

Өтінішхат II - IV.т.т. көрсетілген жоғарыда аталған талаптарға сәйкес ресімделеді.