Жаңалықтар

Пробация қызметі кездесу ұйымдастырды

24/04/2024

Риддер қалалық сотының ғимаратында Риддер қаласының пробация қызметі мен  прокурорлары бірлесіп, сотқа дейінгі пробацияны жүзеге асыру шеңберінде қылмыстық сот ісін жүргізудегі қызмет бөлігінде мәселені шешу бойынша кездесу өткізді.

Іс-шара барысында ҚР ІІМ ҚАЖК-нің жаза түрін ауыстыру туралы ұсыныстарына қатысты мәселелер, «шартты түрде соттау және бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу шарттары мен тәртібін кішігірім бұзу» ұғымын енгізу, сондай-ақ өзге де ұсыныстар талқыланды.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

23/04/2024

Риддер қалалық сотының қызметкерлері «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысты. Мұндай іс-шаралар азаматтық белсенділіктің, бірліктің және қоршаған ортаны жақсартуға деген жалпы ұмтылыстың жарқын мысалы болып табылады.

                

«Сотта мемлекеттік тілді дамыту» тақырыбында семинар өткізілді

23/04/2024

Катонқарағай аудандық сотымен «Сотта мемлекеттік тілді дамыту» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға соттың судьялары мен мамандары қатысты.

Аудандық сот төрағасы Е.Е.Токшекенов өз баяндамасында, қазақ тілінде қаралған істердің статистикасын келтіріп, сотта мемлекеттік тілде істердің түсуі мен қаралуы әлі де төмен  болып отырғанын еске салды.

«Мемлекеттік тілде жолданатын істер санын арттыру бойынша шаралар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

23/04/2024

Өскемен қаласының №2 сотында «Құқық қорғау органдарымен мемлекеттік тілде жолданатын істер санын арттыру бойынша шаралар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Өскемен қаласының №2 сотының судьялары, Өскемен қаласы прокуратурасының және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

«Тергеу судьясымен қаралатын материалдар бойынша әдістемелік ұсыныстарды талдау» тақырыбында семинар өткізілді

23/04/2024

Зайсан аудандық сотында «Тергеу судьясымен қаралатын материалдар бойынша әдістемелік ұсыныстарды талдау» тақырыбында семинарлық оқу өткізілді.

Іс-шараға Зайсан ауданының прокурорының орынбасары Д.Б.Альсеитов, Зайсан аудандық полиция бөлімінің бастығының тергеу жөніндегі орынбасары М.Р.Кеңесбек, Тарбағатай АІІБ тергеу бастығының орынбасары Е.Қ.Ақтанов,  аға анықтаушы Т.Мухаметжанов, аға криминалист А.Гумарқызы, сондай-ақ тергеушілер Б.А.Дүйсенов, Н.Б.Болатханов, З.Ж.Айтқалиев  қатысты.

«Кәмелетке толмағандардың құқықтарына қол сұғуға байланысты әкімшілік істерді қараудың ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22/04/2024

Шығыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бастамасымен  «Кәмелетке толмағандардың құқықтарына қол сұғуға байланысты әкімшілік істерді қараудың ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға сот төрағасы Сәния Тұтқанбаева мен Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар қатысты.

Шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

22/04/2024

Катонқарағай аудандық сотында шетел азаматы Р.-ды Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517 бабы 5 бөлігімен (шетелдiктiң Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік жазаға тарту туралы әкімшілік ісі қаралды.

Өзбекстан азаматы Р. 11 наурыз 2024 жылы,  уәкiлеттi органның рұқсатынсыз  «Бура»   сауда үйінде тұрмыстық заттар сатып, өз бетімен жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамасыз өз бетімен жұмыс жасап ұсталды.

Сот мәжілісінде Р. өз кінәсін толық мойындаған.

Оқушылармен кездесу өтті

22/04/2024

Шығыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы С.Тутканбаева

Өскемен қаласының №13 орта мектебі 9-11 сынып оқушыларына «Кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі» тақырыбында кездесу өткізді.

Бұлғындарды заңсыз аулады

22/04/2024

Шығыс Қазақстан облысы Алтай аудандық соты ҚР ҚК-нің 337 - бабының 2-бөлігінде(бірнеше рет жасалған заңсыз аңшылық) көзделген қылмыс жасағаны үшін  аз.И.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

2023 жылдың қаңтарында аз.И. оған тиесілі омартада жүргенде, бұлғын жануарын байқап қалды. Осы уақытта оның қақпандарды орнату арқылы бұлғын аулауға бағытталған қылмыстық ниеті пайда болды.

Беттер