Сот жүйесінің ардагерлері туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Сот жүйесінің ардагерлері

 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының тарихына сот жүйесінің көптеген ардагерлерінің аттары алтын әріппен жазылған.  Олар он жылдықтар бойы заң мен әділдік үшін адал қызмет етті.

 

  Макаров Александр Алексеевич

  08.08.1923 жылы ҚазКСР-нің Көкшетау облысы Щучинск қаласында шаруаның отбасында дүниеге келген. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталуымен  байланысты  Қызыл Әскер қатарына шақырылған, 1942 жылы қаңтар айынан  қазан айына дейін  Ташкент әскери училишесінде оқыды. Училищені аяқтағаннан кейін 1942 жылдың қазан айынан 1943 жылдың қаңтар айына дейін Сталинград фронтында взвод командирі ретінде қызмет етті.

  1943 жылы қаңтар айында ауыр жарақат алуына байланысты  осы жылдың мамыр айына дейін емханада жатты. «За отвагу», «За оборону Сталинграда», «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медальдарымен наградталған.

  1943 жылдың  шілде айынан 1945 жылдың ақпан айына дейін Щучинск қаласының «Боровое» колхозында жұмыс істеген. 1945 жылдың наурыз айынан  бастап «Ударниа»  мүгедектер артелиясы өндірісінің меңгерушісі болып қызмет еткен. 1945 жылдың  қыркүйек айынан айынан 1946 жылдың қаңтар айына дейін сыртқы сауда халықтық комиссариатының  Институтында оқыған, науқасына байланысты оқуы үзіліп қалған.

  1946 жылдың қыркүйек айынан 1948 жылдың тамыз айына дейін – Алматы  заң  мектебінің  студенті болды. 1948 жылдың қазан айынан бастап  1951 жылдың желтоқсан айына дейін  Шығыс Қазақстан облысының Предгорненск ауданының 2-ші учаскесінің халықтық судьясы. 1951 жылдың желтоқсан айынан 1954 жылдың желтоқсан айына дейін – Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданының бірінші учаскесінің халықтых судьясы. 1955 жылдың қазан айынан  1957 жылдың желтоқсан айына дейін  - Зырян қаласының 2125 орталық жинақ кассасының меңгерушісі.

1957  желтоқсан айынана 1960 жылдың желтоқсан айына дейін  - Зырян қаласының 4-ші учаскесінің халықтық судьясы.  1960 жылдың желтоқсан айынан бастап Зырян қаласының халықтық судьясы. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін қорғаушы болып еңбек еткен, Ұлы Отан соғысының мүгедегі.

 

  Перетятькин Николай Иванович

  1923 жылы 22 мамырда Алматы облысы Алакөл ауданы Үш-Арал ауылында шаруаның отбасында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының басталуына байланысты 1942 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылды, 1942 жылдың ақпан айынан қыркүйек айына дейін Ашхабад қаласының жаяу-әскер училищесінде оқыған.  1942 тамыз айынан бастап Сталинград фронтында соғысқан,  (64 әскер, 157 атқыштар дивизиясы, 633 атқыштар полкі)  пулеметшілер взводының командирі болған.  1942  желтоқсан айынан бастап  жарақат алуына байланысты Энгельс қаласындағы эвакуацуиялық госпитальда емделіп жатыр.   1943 жылы ақпан айында – Саратов облысының  Татищево қаласының 19-шы кезектегі бригадасының атқыштар ротасының командирі. 1943 жылдың мамыр айында – Дала фронтының 27-ші әскерінің  жанындағы рота командирлері  курсының тыңдаушысы.  1943 жылы  қыркүйек  айында  танкіге қарсы қарулар ротасының командирі. 1945 жылы маусым айынан 1946 жылдың шілде айына дейін – атқыштар батальоны командирінің орынбасары.

  Наградалары: 1-ші және 2-ші дәрежелі Отан соғысының екі ордені, Қызыл Жұлдыз ордені, «За отвагу», «За оборону Сталинграда», «За освобождение г.Праги», «За победу над Германией 1941-1945 гг.», «20 лет Победы над Германией», «50 лет Советской Армии» мадельдары бары. Запастағы майор әскери шеніне ие.

  1946 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматыдағы заң мектебінің студенті. 1948 қыркүйек айынана  1955 жылдың қаңтар айына дейін Семей облысы Жаңа-Шүлбі ауданының халықтық судьясы болып қызмет етті. Сырттай Алматы заң институтын бітірген  (1949-1953).   1955 жылдың ақпан айынан бастап – Семей облыстық  адвокаттар алқасы президиумының адвокаты. 1955 жылдың қыркүйек айынан бастап – Семей облысы Жарма ауданының  Георгиевка ауылындағы Маяковский ауылындағы орта мектептің оқытушысы. 1961 жылы қаңтар айынан бастап – Семей облысы жарма нотариалдық кеңсесінің нотариусы.

  1965 жылды наурызда Семей облысы Жарма ауданының халықтық судьясы болып тағайындалған. 1970 жылдың желтоқсан айынани бастап – Семей қалалық сотының халықтық судьясы. 1973 жылдың маусым айынан бастап – Семей облысы Калинин ауданының халықтық сотының төрағасы. 1976 жылдың сәуірінен бастап денсаулық жағдайына байланысты Семей облыстық атқару комитетінің әділет бөлімінің аға кеңесішісі болып ауыстырылды.  1983 жылы құрметті еңбек демалысына шықты.  Зейнеткерлікке шаққаннан кейін Семей қаласының жол шаруашылық басқармасына юрисконсульт болып жұмыс істеді.

 

  Сатыбалдин Жолдасбек Жанузакович

  1921 жылы 31 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында шаруаның отбасында дүниеге келген.  1936 жылдын  1940 жылдары – Алматы қаласының педагогикалық институтының жұмысшы факльтетінің студенті,  1940 жылдан  1941 жылға дейін бастауыш мектептердің оқытушысы болып қызмет істеді.  1941 жылы Ұлы Отан Соғысы  басталғаннан кейін Қызыл Әскер қатарына шақырылды,  1941 жылдан  1942  жылға дейін Владимир жаяу әскер училищесінде оқыды, оны тәмамдағаннан кейін кіші лейтенант шенін алып, фронтқа жолданған.  1942 жылдан бастап  1945 жылдары – атқыштар взводының, одан кейін 557 атқыштар ротасының командирі. Калинин  фронтында, 1-ші және 2-ші Белорусь  фронттарында, Прибалтика фронтында соғысты. 1945 жылдың мамыр айынан  1946 жылдың ақпан айына дейін Харьков қаласының 557 СП 153 СД әскери бөлімінде қызмет етті.  1946 жылдың ақпан айынан шілде айына дейін  Харьковтағы Қызыл Әскер пехота офицерлерін жетілдіру курстарында оқыды. Қызыл жұлдыз екі орденімен, 1-ші дәрежелеі отан соғысы орденімен және 12 медальмен  наградталған. Запастағы майор шеніне ие.

  1947 жылдың қаңтар айынан қыркүйек айына дейін – Шымкент қаласының 18-ші париялық съезі атындағы артелия төрағасының орынбасары.  1947 жылдың қыркүйек айынан  1949 жылдың шілде  айына дейін – Алматы қаласының заң мектебінің студенті.  1949 жылдың тамыз айынан  1950 жылдың шілде айына дейін Өскемен қаласының прокуратурасында тағылымдамашы тергеуші ретінде, ШҚО Бұхтырма ауданының халықтық тергеушісі ретінде қызмет еткен.

  1950 жылдың шілде айынан бастап  1951 жылдың тамыз айына дейін  - Бұхтырма  ауданы  прокурорының міндетін атқарушы, 1951 жылдың тамыз айынан желтоқсан айына дейін – Зайсан ауданының халықтық тергеушісі, 1951 жылдың желтоқсан айынан  1963 жылдың тамыз айына дейін – Марқакөл ауданының халықтық судьясы, 1963 жылдың тамыз айынан  1976 жылғы дейін  - Күршім ауданының халықтық судьясы, 1976 жылдан  1982 жыл аралығында  - ШҚО Ұлан ауданыңы халықтық судьясы. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін  1982 жылдан  1995 жылға дейінгі аралықта Ұлан ауданының юрисконсульты болып қызмет еткен. 1995 жылдан  1997 жылға дейінгі аралықта  - ШҚО Әділет басқармасының бас кеңесшісі.

 

  Виктор Сергеевич Меньшиков

  1926 жылы 28 желтоқсанда РФ Воронеж облысының Анна ауылында жұмысшы отбасында дүниеге келген.  1940 жылы Воронеж ауылының  №10 қолөнер училищесіне слесарьдың шәкірті болып қабылданды. 1941 жылы қыркүйек айынан бастап – Воронеж облысы Анна станциясы темір жолының жұмысшысы. 1943 жылы мамыр айынан бастап қыркүйек айына дейін Воронеж қаласының №1 мектебінде оқыған, слесарь-сантехмонтажниктің шәкірті.

  1944 жылы ақпан айында Қызыл Әскер қатарына шақырылып, фронтқа жолданған.  1944 жылдан бастап 1945 жылға дейін Польша және Германиядағы соғыстарда минер ретінде қатысқан.  1945 жылдан  1951жылдың қыркүйек айына дейін Германияда оккупациялық әскер тобында қызмет еткен.  «За победу над Германией», «За взятие Берлина», «За взятие Варшавы», «За освобождение Польши», «30 лет Советской Армии и Флота»  және т.б. медальдармен наградталған. Запастағы аға сержант шеніне ие.

  1951 жылы қыркүйек айынан  1953 жылы желтоқсан айына дейін Воронеж қаласының Отраж вагон құрастыру зауытының слесарьі болып жұмыс істеген. 1953 жылдың наурыз айынан бастап  1955 жылдың  мамыр  айына дейін – Украина КСР-нің Гадяч қаласы әскери бөлімінің шопыры болып қызмет етті. 1955 жылдың маусым айынан  1960 жылдың наурызына дейін – РФ Алтай аймағының Змеиногор ауданының слесарь-монтажнигі болып қызмет етті.  1960 жылдың сәуір айынан қыркүйек айына дейін  - Өскемен қаласының үй салу комбинатының слесарьі болып қызмет етті. 1960 жылдың ұыркүйек айынан бастап 1963 жылдың шілде айына дейін  - Өскемен қаласының  титано-магний  комбинатында қызмет етті.

  1958 жылдан 1963 жылға дейін «Құқықтану» мамандығы бойынша Мәскеу Жалпы Одақтық заң институтында сырттай оқыды.  Иститутты тәмамдағаннан кейін 1963 жылы Өскемен қаласы прокуратурасының тергеушісі болып қызмет етті. 1963 қыркүйек айына дейін  -  Шығыс Қазақстан облысының жалпы қадағалау, қылмыстық-сот қадағалау прокурорының көмекшісі. 1964 жылдың сәуір айынан бастап  - Шығыс Қазақстан облысы прокурорының көмекшісі.  1967 жылдың маусым айынан бастап  1971 жылдың ақпан айына дейінгі аралықта – Өскемен қаласының ШҚ прокуратурасының тергеу бөлімінің прокуроры.  1971 жылдың ақпан айынан бастап 1991 жылға дейін – Шығыс Қазақстан облыстық сотының мүшесі. 1991 жылы зейнеткерлікке  шықты, 1991 жылдан 1994 жыл аралығында қорғаушы болып қызмет еткен.

 

  Шарипов Аждар Каримович

 1925 жылы 23 наурызда Қостанай облысының Забеловка ауылында шаруаның сотбасында дүниеге келген. 1943 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылған.  Тюмень әскери-пехота училищесін тәмамдаған. 1944 жылы фронтқа аттанған.  1944 жылдан 1945 жылға дейін бірінші Белорусь фронтында 23 атқыштар дивизиясы құрамындағы миномет взводының командирі ретінде соғысты.  1945 жылдан  1946 жылдары Германиядағы кеңестік оккуппациялық  әскер тобында қызмет еткен, 79 атқыштар дивизиясы взводының командирі.   «За освобождение Варшавы», «За взятие Берлина», «За победу над Германией» медальдарымен наградталған. Запастағы кіші лейтенант шеніне ие.  Демобилизациядан кейін  1946 жылдан бастап Қостанай облысы  Жетіқара қаласында «Джетыгаразолото» комбинатында бөлім бастығы болып қызмет еткен. 1947 жылдан бастап Шымкент қаласының  Облмаслопромының жабдықтау бөлімінің бастығы болып қызмет еткен. 1948 жылдан бастап 1950 жылдар аралығында Алматы заң мектебінің студенті.

  1950 жылдан бастап 1951жыл аралығында Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының тергеушісі болып қызмет еткен. 1951жылы – ШҚО Самар ауданының халықтық тергеушісі.   1951 жылдан  1955 жылға дейін Алматы заң институтында сырттай оқыған.  1957 жылы Катон-Қарағай ауданының халықтық судьясы болып сайланған, 1960 жылдан 1976 жылға дейін – Ұлан, Таврич аудандарының халықтық судьясы, 1976 жылдан бастап – ШҚО Күршім ауданының халықтық судьясы.  1987 жылы құрметті еңбек демалысына шықты. Қызмет еткен жылдарында: «За доблестный труд» медальімен  наргадталған. Зейнеткерліккке кеткеннен кейін 2005 жылдың 1 сәуіріне дейін  Күршім ауылының ШҚ РЭК ЖАҚ филиалында заңгер болып қызмет еткен.

 

 

  Антипов Владимир Никитович

  Антипов Владимир Никитович  ұзақ  жылдар бойы Глубокое аудандық сотының судьясы және төрағасы болып қызмет еткен. 1925 жылдың 28 қазанында Солтүстік Қазақстан облысының Бунаев ауданының Бунаев ауылында дүниеге келген.

  1951 жылы Алматы заң мектебін, 1964 жылы Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік университетін  тәмамдады. 1944 жылдың қаңтар айынан  1945 жылдың ақпан айына дейін 2-ші  Белорусь фронтында қызмет етті. 1945 жылы ақпан айында ауыр жарақаттанып  Ростов қаласына госпитальға жіберілген.

  Сот жүйесіндегі еңбек қызметі 1951 жылы Предгорнен ауданының халықтық судьясы ретінде басталды.  1965 жылы – Глубокое аудандық халықтық сотының аға халықтық судьясы.

 

 

 

 

  Костюков Анатолий Матвеевич

  1923 жылдың 5 мамырында  Алматы қаласында жұмысшылар семьясында дүниеге келген. 1955 жылы Алматы Жалпы Одақтық сырттай заң институтын  тәмамдады. 1942 жылдан 1948 жылға дейін кеңес әскері қатарында қызмет еткен, аға лейтенант гваридя шеніне ие. 1948 жылы демобилизациядан кейін Алматы заң мектебіне түсіп, 1950 жылы оны тәмамдап, Әділет Министрлігі Басқармасымен Бұхтырма ауданының халықтық сотының судьясы  ретінде қызмет етуге жолданған.  1965 жылдан бастап Зырян қалалық халықтық сотының төрағасы болып қызмет еткен.

  Облыстық сот ардагерлерінің және бүкіл сот жүйесі  тылының құрамындағы тұлғалар: Еленов Кулук Айдаболович, Игликова Мария Зейнуровна, Левченко Лидия Алексеевна, Лебедева Ираида Дмитриевна, Курцевич Елена Адольфовна, Пирогова Рахиль Александровна, Мерзлякова Евгения Ивановна, Пак Тимофей Илларионович, Кургина Августа Ивановна, Кузембаева Динам Абразаковна, Абылхожин Хафиз Гареевич, Ержепбаев Жумакан Нуркенович, Тихомирова Валентина Александровна.

  Баган Василий Иванович, Гранкин Анатолий Ефимович, Елапов Владимир Константинович, Карымсаков Ернес Мукатаевич, Копылова Светлана Георгиевна, Уланов Сиязбек Уланович, Третьякова Анна Михайловна, Кумаров Габбас Кумарович, Смадик Светлана Леонидовна, Михина Галина Степановна, Балачева Валентина Ивановна, Икласов Канагат Жолжаксынович, Галашин Виктор Алексеевич, Нанарова Риза Молдабаевна, Баекенова Жумабике Канашевна, Подзоров Виктор Ефимович, Касаткин Юрий Васильевич, сияқты зейнеткер тұлғалар  үлкен құрметке ие.