Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Описание: C:\Users\723-0200\Desktop\index_4.jpgМанат Ғалымұлы Комиршинов 1962 жылы 1 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген.

1987 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Заң саласындағы еңбек жолын 1987 жылы Қарағанды қаласының Киров аудандық атқару комитетінің инспекторы қызметінен бастаған.

1990 жылдан 1993 жылы аралығында Семей облысы прокуратурасының прокурор көмекшісі, аға тергеушісі және жалпы қадағалау бөлімінің прокуроры болып жұмыс істеген.

1993-1995 жылдар аралығында Семей қаласы Ленин аудандық халық сотының судьясы  болып қызмет атқарған.

1995 жылдар 1997 жылы аралығында Семей қалалық сотының судьясы болған.

1997 жылдан 2001 жылдары аралығында Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Жаңасемей сот учаскесінің аға судьясы болып қызмет атқарды.

2001 жылдан бастап 2002 жылы аралығында Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының № 2 сотының төраға міндетін атқарушысы болған.

2002 жылдан 2008 жылдары аралығында Павлодар облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы қызметіне тағайындалған.

2008 жылдан 2012 жылдары аралығында Шығыс Қазақстан облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы болған.

2012 жылдан 2017 жылдары аралығында Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі апеляциялық сот алқасының төрағасы қызметін атқарған.

2017 жылдан 2021 жылдары аралығында Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі апеляциялық сот алқасының төрағасы болған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 30 қарашадағы №699 Жарлығымен Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы лауазымына тағайындалды.

Қазақстан Халқы Ассамблеясы Төрағасының Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», "Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен, Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының «Үш би» құрмет белгісімен, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызмет үшін» медалімен,  ІІ дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.