Жаңалықтар

Еңбек даулары

18/04/2024

Риддер қалалық сотында азамат О.-ның «Риддер арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-ге жұмысқа қайта орналасу,  жұмысты босатуға мәжбүр болғаны үшін жалақыны өндіріп алу туралы талабы қаралды.

Қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, оған тәртіптік жаза қолданылғаны жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға алып келгені талап қоюшының жоғарыда  аталған талап қоюына негіз болған. Жұмыстан шығаруды заңды емес деп санайды. Соттан жұмысты мәжбүрлі босатқан кездері үшін жалақы төлеп, жұмыста қалпына келтіруді сұрады,.

Әкімшілік полиция қызметкері мен басқа құрылымдардың қызметкерлері пара алғаны және бергені үшін сотталды

18/04/2024

Өскемен қаласының №2 соты аз. Т.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 366-бабы 3–бөлігінің 4-тармағы (құқық қорғау органы қызметкерінің пара алуы); аз.Д.-ға  367-бабы 1-бөлігі (лауазымды тұлғаға пара беру);  аз.З.-ға, А.-ға 367-бабы 2-бөлігі(лауазымды тұлғаға пара беру); аз.Г.-ға,М.-ға, Б.-ға 28-бабы 5-бөлігінің - 367-бабы 2–бөлігі(пара беруге көмектесу);  аз.Б.-ға, Е.-ге 368-бабы 2–бөлігі(парақорлыққа делдалдық) бойынша қылмыстық істі қарады.

Жұмыс кездесуі өткізілді

18/04/2024

2024 жылы 12 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында «Сот актілерінің орындалуы» атты тақырыпта жұмыс кездесуі өткізілді.

Шараға Өскемен қаласының ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің басшысы- аға сот орындаушы Ф.У.Слямова,  сот орындаушы Г.К.Султангазина, сонымен қатар  қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің басшысы А.К.Кайсанова, бас мамандар А.Каракасова мен А.Нугыманова қатысты.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілерінің орындалуындағы проблемалық мәселелер талқыланды

18/04/2024

2024 жылы 12 сәуірде Өскемен қаласының әкімшілік құқық  бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған  сотының судьясы Е.С.Акымбековтың бастамасымен, сот әкімшісі басшысы Ш.А.Ислямова,  сот отырысының хатшылары, Өскемен қаласының ауданаралық сот актілерін орындау жөнінде аумақтық бөлімнің басшысы- аға сот орындаушы Ф.У.Слямова,  №16, №22 мекемесі өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізіліп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша  тәркілеу және жою туралы сот актілерін орындау бойынша проблемалық мәселелер талқыланды.

Заңсыз ағаш кескені үшін сот айыппұл салды

18/04/2024

Катонқарағай аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 381-1 бабының 1 бөлігімен (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу)  К.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы  іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, 2024 жылы 7 наурызда К.   «Тоғат» учаскесінде өзінің қажеттілігіне орман қорына кірмейтін және кесуге тыйым салынған көлемі 0,36 текше метр құрайтын екі дана қайың тұқымды ағашты тиісті рұқсат құжатынсыз кесіп мемлекетке материалдық залал келтірген.

Сот отырысында К. кінәсін толық мойындаған.

Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмысшыларға кепілдіктер

18/04/2024

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер мен еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 49-VIII ҚР Заңымен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге берілетін кепілдіктерді реттейтін 127-3 баппен  толықтырылды.

Сот тіркеуші органда некені бұзу тәртібі мен шарттарын түсіндірді

17/04/2024

Алтай аудандық сотында сот төрағасы А.К. Садыкованың, судья Ж. Ш. Айтбаеваның және "ШҚО бойынша Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының Алтай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Г. А. Аликанованың қатысуымен "Тіркеуші органда некені бұзу тәртібі мен шарттары"тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел өткізілді

16/04/2024

Алтай ауданының №2 сотының судьялары  Алтай ауданының No2 пробация қызметі мен  полиция бөлімінің қызметкерлерінің және Алтай ауданы  прокурорының қатысуымен «Үкімдерді орындау және шартты түрде мерзімінен бұрын босату тәжірибесін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел барысында пробациялық бақылау мәселелері, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде  көзделген пробация қызметінің өкілеттіктері және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 169-бабы жан-жақты талқыланды.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу өтті

16/04/2024

Риддер қалалық соты Риддер қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотымен бірлесіп, Риддер қалалық полиция бөлімінің ғимаратында құқық қорғау органдарымен кездесу өткізді.   

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 131-бабының тәртібімен сотқа жүгінген кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарында туындайтын проблемалық мәселелер, салынған электрондық құжаттардың сапасы, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді сотқа жолдау мерзімдерінің сақталуы талқыланды.

Сот әкімшілігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің және филиалдарының қызметкерлері экологиялық акцияға қатысты

16/04/2024

2024 жылы 13 сәуірде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Сот әкімшілігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің және филиалдарының  қызметкерлері сот ғимараттарына қарасты аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалыққа келтіру жұмыстарын жүргізді.

 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

Беттер