Архив событий

28/06/2016

Медиациялық келісім негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

28/06/2016

Аягоз аудандық сотында К.Абилмаликовке қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 187-бабының 1-бөлігімен қозғалған қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдарына  сәйкес, К.Абилмаликов Ақтоғай станциясында орналасқан ЖШС ТД «ТЭК-Қазақстан» мекемесінің отын қоймасынан 20 литр дизель жанар – жағармайын ұрлаған, ол өзінің қылмыстық іс-әрекеттерімен ЖШС ТД «ТЭК-Қазақстан» мекемесіне жалпы сомасы 1980 теңгеге материалдық зиян келтірген.

Үржар ауданының №2 аудандық сотында қарызды өндіру туралы азаматтық іс медиация тәртібінде қысқартылды

28/06/2016

Үржар ауданының  №2 аудандық сотында  талапкер  Е.Жалпақовтың  А.Жельдыбаевадан қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарынан анықталғандай, жауапкер А.Жельдыбаева  талапкер Е.Жалпақовтан қарызға ақша алып, қарызды уақытында қайтармаған.

Сот мәжілісінде тараптар дауды медиациялық тәртіппен реттеу туралы келісімге келіп, соттан істі медиациялық келісімге келулеріне байланысты қысқартуды сұраған.

Медиация тәртібімен татуласты

28/06/2016

Глубокое аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабы 2-бөлігі  (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) бойынша азамат П.Потаповқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Айналасындағыларға сыйламаушылық танытқаны үшін кінәлі деп танылды

28/06/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты азамат И.Заикинаға қатысты Қазақстан Республикасының  әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес (ұсақ бұзақылық) әкімшілік іс қарады.

Сотта, И.Заикина  кафеде жәбірленушіге балағат  сөздер  айтып, қоршаған ортаға сыйламаушылық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзғандығы анықталды.   

Қоғамдық орынды темекі қалдығымен ластағаны үшін жазаланды

28/06/2016

Бесқарағай аудандық сотында ӘҚБтК 434-бабының 2-бөлігінде (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластау, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіру) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Р. Құрманғалинге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, Р. Құрманғалин қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде темекі қалдығын белгіленбеген жерге тастап, ол ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдірген.

Жарма ауданының №2 аудандық сотында «Медиация - дауды шешудің балама түрі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

28/06/2016

Жарма ауданының №2 аудандық сотының судьясы А.Кальпебаева Жарма АІІБ Шар ПБ-нің жергілікті полиция қызметкерлерінің қатысуларымен    «Медиация - дауды шешудің балама түрі» атты тақырыпқа  дөңгелек үстел  өткізді.

Іс шараның мақсаты – дауды шешудің әрекеттегі балама тәсілі туралы кеңінен ақпараттандыру.

Катонқарағай аудандық сотында оқу семинары өткізілді

28/06/2016

Катонқарағай аудандық сотында «Сот кабинет»  сервисінде  жаңадан өзгерістер еңгізілуіне байланысты оқу семинары өтті. Семинарға мемлекеттік  және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, адвокаттар мен аудан азаматтары шақырылды.

Алкоголь өнімдерін 21 жасқа толмаған тұлғаға сатқандығы үшін жауапқа тартылды

28/06/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 200-бабының 1-бөлігі (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь   өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) бойынша әкімшілік істі қарады.

Сотта,  дүкен сатушысы   Б.Абдрахметова 21 жасқа толмаған 1998 жылы туған В.Бадиковқа, бір шөлмек сыра сатып, ӘҚБтК-нің 200-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқықбұзушылық жасағаны анықталды.

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында семинар өтті

28/06/2016

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Е-Кадры» автоматтандырылған жүйесінде жеке мәліметтерді дұрыс толтыру» тақырыбында семинар өтті.

Семинарда сот приставы Ж.Ракимов баяндама оқып, жеке карточкалардың барлық деректемелерінің дұрыс толтырылуын көрсетіп, салынатын әрбір құжаттың көшірмесі PDF форматында болуын және тиісті қызметкердің жеке бас мәліметтері өзгерген жағдайда, олардың уақытылы енгізілу қажеттілігін атап өтті.

Сотта татуласты

28/06/2016

Зырян аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігімен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы құқық бұзушылықты жасаған С.Сумскойға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сотта, С.Сумской өзінің үйінде алкогольдің масаң күйінде, ұрыс-керіс барысында бірге тұратын әйелі балағат сөйлеп, отбасы-тұрмыстық қатынастағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiп, олардың тыныштығын бұзғандығы анықталды.

Татуласқандықтан әкімшілік жауапкершіліктен босатылды

28/06/2016

Зырян аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігімен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы құқық бұзушылықты жасаған А.Старших қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сотта, А.Старших өзінің үйінде алкогольдің масаң күйінде, ұрыс-керіс барысында бірге тұратын зайыбына балағат сөйлеп, отбасы-тұрмыстық қатынастағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiп, олардың тыныштығын бұзғандығы анықталды.

Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

28/06/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат Н.Солтаевқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта істі қарау барысында, Н.Солтаев некедегі зайыбына  сыйламаушылық көрсетіп, балағат сөздермен тіл тигізіп,  тыныштығын бұзғаны анықталды.

Тараптар сотта татуласты

28/06/2016

Курчатов қалалық сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда жасалған басқа да әрекеттер) азамат Б.Қайырғазыұлына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Бөтен мүлікті талан-таражға салғаны үшін сотталды

28/06/2016

Семей қаласының № 2 сотымен ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, ірі мөлшерде), Л.Кашковскаяға қатысты және Ж.Құрымбаевқа қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

28/06/2016

Ұлан ауданының № 2  аудандық соты азамат В.Қаймақовты маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы азаматтық істі қарады.

Сотта, В.Қаймақов алкогольдік ішімдікке  әуес екені, соның әсерінен қоғамға қарама-қайшылық құқық бұзушылық жасайтындығы, Ұлан аудандық ауруханасының нарколог дәрігері есебінде және Ұлан АІІБ-нің арнайы есебінде  тұратыны, өз еркімен  маскүнемдіктен емделуден бас тартатыны анықталды.

Көлік жүргізу құқығынан айырылды

28/06/2016

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен  (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта істі қарау барысында анықталғандай, азамат  С.Соколов  ішімдік ішкен күйде көлік басқарып, ҚР жол қозғалысы Ережесінің 2 тарауы 4 бабы 2 тармақшасын бұзған.

Көкпекты ауданының орталығында дөңгелек үстел өтті

28/06/2016

Көкпекті ауылының аудандық әкімшілік ғимаратында «Медиация-дауды реттеудің балама әдісі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Көкпекті аудандық  сотының төрағасы Ә.Бақыбекұлы, Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы Н.Нұралинов, Көкпекті аудандық әкімінің орынбасары А.Акимова, қоғамдық келісім орталығының директоры Е.Сихварт, кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры А.Мұкашева, аудан прокуратурасының, полиция, адвокатура, БАҚ өкілдері, кәсіпқой емес медиаторлар және басқа да мемлекеттік органдар қатысты.

Медиатордың қатысуымен татуласты

28/06/2016

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотымен шартты міндеттемелерді орныдамағандарға қатысты 12 азаматтық іс қаралды.

Сот мәжілісі кезінде  тараптар медиация тәртібімен дауды шешу туралы жазбаша келісімді сотқа тапсырды.

Сот  тараптардың татуласуына байланысты істі өндірістен қысқартты.

Осылайша, Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотымен медиация тәртібімен 12 азаматтық іс қысқартылды.

Шешімдер заңды күшіне енген жоқ.

 

Отбасының мазасын алғаны үшін қамаққа алынды

28/06/2016

Бесқарағай аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) әкімшілік жауапкершілікке тартылған құқық бұзушы К.Костыркинге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, К.Костыркин отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған,  алкогольдік масаң күйінде жәбірленушіге қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ сыйламаушылық көрсетіп,  қорлап  отбасының тыныштығын бұзған.

Ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік қамауға алынған

28/06/2016

Бесқарағай аудандық сотында ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігінде (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластау, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіру) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Н.Есаловқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, Н.Есалов қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде темекі шегіп, қалдығын белгіленбеген жерге тастап, ол ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдірген.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды

28/06/2016

ШҚО Үржар аудандық сотымен ӘКБК-нің 610 бабы 1 бөлігімен  қарастырылған  (көлік  құралдарын жүргізушілермен  жол қозғалыс  қауіпсіздігін қамтамасыз ететін  белгіленген ережелерді бұзу, көлік  құралдарының  бұзылуына  әкеп соқтырған материалдық залал келтіру) әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азамат П.Яковлевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Глубокое аудандық сотында семинар өткізілді

28/06/2016

Глубокое аудандық сотында 2016 жылдың 5 наурызында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Депртаменті басшысымен бекітілген  аудандық және оған теңестірілген соттардың іс жүргізуінің жаңа ережесін талқылауға арналған семинар өтті.

Бесқарағай аудандық соты әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

28/06/2016

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-тармағында (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін  азамат Р.Құрманғалинге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ұлан ауданының №2 аудандық сотының төрағасы кәсіби емес медиаторлармен кездесу өткізді

28/06/2016

Таврия ауылдық әкімдігіндегі  «Медиация кабинетінде» Ұлан ауданының №2 аудандық  сотының төрағасы А.Аринова медиация заңының қолдану барысы  жайлы кездесу өткізді.

Аталған шараға Таврия ауылдық  әкімдігінің кәсіби емес медиаторлары: Ш.Утепов, П.Гречухин, Г.Бокова, Е.Воронкова және   жұмысқа  жауапты мамандары қатысты.

Мүлікті бөлу туралы дау медициялық келісім бекітумен қысқартылды

28/06/2016

Үржар аудандық сотымен Ю.Григоренконың Д.Григоренкоға «ортақ мүлікті бөлу туралы» талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарына сай, талапкер сотқа жауапкермен заңды некеде тұрған кезінде 600 000 теңге тұратын тұрғын үй алынғанын көрсетіп соны бөліске салу туралы талап арызбен жүгінген. 2015 жылдың күзінен бастап некелік қарым - қатынастары тоқтатылып, қазіргі уақытта жауапкер талапкерге өз еркімен бірлесіп алған мүлік, тұрғын үйдің оған тиесілі үлесін бөліспей отырғандықтан сотқа талап арыз беруге мәжбүр болған.  

Балық аулау қағидаларын өрескел бұзған

28/06/2016

ШҚО Катонқарағай аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 3-бөлігімен қарастырылған азамат А.Амреновқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, «ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» Бұхтырма инспекциясының қызметкерлерімен  «Нерест» жедел сақтандыру іс-шаралары барысында уылдырық шашу кезеңінде  А.Амренов тиым салынған уақытта, тиым салынған құрылғымен, тиым салынған жерде, яғни Бұхтырма су қоймасында балық аулау қағидаларын өрескел бұзғаны анықталды.

Қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

28/06/2016

Үржар ауданы №2 аудандық сотында ӘҚБтК 440-бабының 4-бөлігімен, яғни  қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келген А.Мамановқа қатысты  әкімшілік  іс қаралды.

Сотта істі қарау барысында, бір жылдың ішінде екі рет алкогольдік ішімдік ішкені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған А.Маманов алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде ШҚО Мақаншы ауылы Қаспақов көшесінің бойында, яғни қоғамдық орында жүргені анықталған.

Татуласуларына байланысты әкімшілік жауапкершіліктен босатылды

28/06/2016

Зырян аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігімен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы құқық бұзушылықты жасаған В.Шимолинаға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сотта, В.Шимолина өзінің үйінде алкогольдік масаң күйінде, ұрыс-керіс барысында бірге тұратын өгей әкесі Н.Кухняковқа балағат сөйлеп, отбасы-тұрмыстық қатынастағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiп, олардың тыныштығын бұзғандығы анықталды.

Әкімшілік іс медиациялық келісіммен қысқартылды

28/06/2016

Үржар ауданы №2 сотында Е.Отовленовқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер)  әкімшілік іс медиациялық келісіммен қысқартылды.

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында семинар өткізілді

28/06/2016

Тарбағатай  ауданының  №2 аудандық сотында «Қысқаша  хаттама толтыру, дыбыс-бейне жазба құралдары қолданылып өткізілген сот отырысының  хаттамасымен танысу, беру  тәртібі» және «Төрелік» бағдарламасы бойынша  іс жүргізу» атты тақырыптарда   семинар  сабағы  өткізілді.

Семинарға кеңсе  меңгерушісі  Б.Тоқтасынова, бас маман А.Жанұзакова, бас  маман сот  мәжілісінің хатшылары А.Жақаева, Т.Закариянова және жетекші  маман А.Нұрмұханбетова қатысты.

Тергеушінің құжаттарды алу туралы қаулысы санкцияланды

28/06/2016

Тарбағатай аудандық сотына аудандық ішкі істер бөлімі тарапынан банктегі мектептің 2016 жылдың қаңтар-мамыр айлар аралығында жұмысшылардың еңбекақысы бойынша тиісті құжаттарды банктен алу және ақшаны алған кездегі банкомат жанындағы бейнежазбаны қоса алу жөніндегі қаулысына санкция беру ұсынылды. Сотқа қаулы санкцияланатын әрекеттерді қабылдаудың негізділігін растайтын материалдармен қоса берілді.

«Медиацияның қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

28/06/2016

Катонқарағай ауданының №2 аудандық соты Катонқарағай ауылының кәсіби емес медиаторларымен  бірігіп «Медиация заңының қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотының судьялары мен кәсіби емес медиаторлар, Катонқарағай ауылының мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.