Архив событий

01/06/2016

Балалар біздің болашағымыз!

01/06/2016

2016 жылғы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде Семей қаласы №2 сотының судьялары З.Р.Раймханова, Т.Р.Кудайбергенова ата-анасының қамқорлығынсыз қалған ММ «№ 3 балалар үйіне барды.

Семей қаласы № 2 сотының судьяларары үшін жыл сайын 1 маусым балаларды қорғау күні мерекесінде балалар үйіне бару дәстүрге айналған. Іс-шара барысында арнайы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар табыс етілді. Балаларға концерттік бағдарлама, өлең, сурет конкурстарын тағы да басқа іс-шаралар өткізілді.

Семейдегі Достық үйінде медиациялық келісім туралы талқыланды

01/06/2016

 «Халықтар достығы үйі – қоғамдық келісім орталығы» КҚМ «Азаматтық әрі қылмыстық процестегі медиациялық келісім» тақырыбында «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. Шараға  Семей қалалық сотының судьясы Е. Адильбеков,  №2 Семей қалалық сотының судьясы Ж. Абенова және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Балаларға деген қамқорлықпен

01/06/2016

Үржар ауданының аумағында Науалы балалар үйі орналасқан. Жылда балаларды қорғау күнінде балалар үйінде мерекелік іс шара өткізіледі. Дәстүр бойынша биылғы жылы да мерекелік іс шара ұйымдастырылып, оған ауданымыздың барлық мемлекеттік мекемелері, жеке кәсіпкерлері мен балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты.

Өскемен қаласының №2 сотының төрағасы Балалар үйінде болып қайтты

01/06/2016

Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында Өскемен қаласының №2 сотының төрағасы Г. Әділбаева Балалар үйінде болып, бүлдіршіндерді осы мереке күнімен құттықтап, барлығына денсаулық,  бейбітшілік пен достық, жарқын болашақ тіледі.  

Бүлдіршіндерге ұжым атынан балаларға арналған киімдер және жемістер табысталды.  

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі

Глубокое аудандық соты балаларды құттықтады

01/06/2016

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Глубокое аудандық сотында сот қызметкерлерінің балаларымен мерекелік шара өткізілді.

Сот төрағасы Б.А. Кәсенов өз сөзінде, Халықаралық балаларды қорғау күні-бұл жазғы демалыс күндерінің басталуымен белгіленген тек жаздың мерекелі күні ғана емес, сонымен қатар, балалардың өмірге деген құқықтарын , физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықтан қорғауға үлкендерді шақыру болып табылатынын атап өтті.

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Достық үйінің қоғамдық келісім Орталығында «дөңгелек үстел» өткізді

01/06/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты облыстық Достық үйінің қоғамдық келісім Орталығында жер жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің,  қаладағы қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен «Әкімшілік дауларды реттеудегі медиация институтының рөлі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді. Іс-шара сот төрағасы С.Ибраевтың төрағалық етуімен өтті.

Балаларды қорғау күні қарсаңында Риддер қалалық соты балаларды құттықтады

01/06/2016

Бүкіл әлемде 1-маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, халықаралық мейрамдардың бірі ретінде саналады. Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында  бекітіліп, алғаш рет 1950 жылы аталып өткен.

Осыған орай Риддер қалалық сотының төрағасы Т.К.Адаспаев және кеңсе меңгерушісі З.А.Алгабек.,  балаларды қорғау күні қарсаңында 2016 жылы мамыр айының 31-і күні Риддер қаласы «Дамуында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы мектеп-интернат» ММ-ң балаларын құттықтады.

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба» тақырыбында семинар өтті

01/06/2016

Өскемен қалалық сотында кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба» тақырыбында семинар өткілді.

Семинар барысында  Өскемен қалалық сотының бас маманы Н.Бепеева сот мамандарына,  талап арыздарды электронды түрде жіберу   2013 жылдан бері заматтарға қолданысқа енгендігін атап өтті.

Тараптар сотта татуласты

01/06/2016

 «Объединенное железнодорожное хозяйство» ЖШС «База ТГМ» ЖШС-не қарызды өндіру туралы талап арызбен ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

Азаматтық істің материалдарына сай, талапкер мен жауапкер арасында тепловозды жөндеуден кейін уақытша сақталуы үшін орынды төлеу бойынша келісім-шарт жасалған. Жауапкер атқарылған жұмыс үшін төлем төлемеген, қарыз сомасы 1 624 000 теңгені құраған.

Медиация кабинетінде дөңгелек үстел өткізілді

01/06/2016

Бүгін Күршім аудандық сотының төрағасы Е.Шымыров татуласу рәсімдерін жүргізуге арналған  Күршім ауданы «Жастар орталығы» ғимаратында ашылған медиация кабинетінде «Медиация - дауларды шешудің оңтайлы рәсімі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс шараға аудан прокурорының орынбасары, кәсіпқой емес медиаторлар, Күршім ауылдық округі әкімдігінің өкілдері, жергілікті полиция қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Автокөлік құралын алкогольдік масаң күйінде жүргізген

01/06/2016

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық сотында азамат Г. Пеньковты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) айыптау туралы әкімшілік іс қаралды. 

Іс құжаттарына сәйкес, жүргізуші Г.Пеньков «ВАЗ-210130» автокөлік құралын жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйінде жүргізген.

ШҚО Катонқарағай аудандық сотында медиация жөнінде семинар өткізілді

01/06/2016

Кәсіби емес медиаторлардың, әкімдіктің өкілдері, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерінің және қоғам өкілдері қатысуымен Катонқарағай аудандық «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімінде «Медияция - сотқа дейінгі дауды шешудің жолы» тақырыбында семинар сабағын ұйымдастырып өткізді.

Кездесуге қатысушылар «Медиация» заңын, Азаматтық процестік және Қылмыстық процестік кодекстерінің татуластыру рәсімдеріне қатысты қағидаларын талқылады.

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін ескерту түріндегі жаза тағайындалды

01/06/2016

Үржар аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабы, 1-бөлігімен  (процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк)) әкімшілік іс қаралды.

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында "Сот актілерінің орындалуы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

01/06/2016

Тарбағатай  ауданының №2 аудандық  сотында сот төрағасы С.Ахмеджанов «Сот актілерінің орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Ақжар аумақтық сот орындаушылар бөлімінің басшысы-аға сот орындаушысы А.Баяхметов, Зайсан балық инспекция бөлімінің инспекторы Е.Құсайнов және сот қызметкерлері  қатысты.

Неке бұзу туралы азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

01/06/2016

Тарбағатай аудандық сотында неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер Ж., өз талап арызында, жауапкермен 2009 жылдан бастап заңды некеде тұрғанын, некеден ортақ кәмелеттік жасқа толмаған үш бала барын, күйеуі үнемі арақ ішетінін, табыс таппайтынын, бірге тұруға мүмкіншілік қалмағанан соң отбасы болып тұруға мүмкіншілік жоқтығын айтып, соттан некені бұзуды сұраған.

«Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары бойынша татуласу рәсімдерін қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

01/06/2016
Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Г.Ж.Боранбаевамен Өскемен қаласының әкімшілік сотының төрағасы С.М.Ибраев бірігіп «Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары бойынша татуласу рәсімдерін қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Азаматтық іс медиациялық келісім негізінде қысқартылды

01/06/2016

Зайсан аудандық сотында талапкер М.Толыбаевтың жауапкерден қарыз ақша өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында тараптар дауды өзара медияция тәртібінде реттеу туралы келісімін жасау туралы арыз ұсынып, оны бекітуді сұраған. Келісімге сай жауапкер 88 320 теңге көлеміндегі қарызын  белгіленген уақытта қайтаруға міндеттелді.

Тараптар медияция тәртібінде істі қысқартуды сұраған. Сот ұйғарымымен іс медиация тәртібінде тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды.

31- мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні...

01/06/2016

Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен 31- мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып бекітілді.  Сондықтан Қазақстанның Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Болашақ үшін» жоба шеңберінде Самар ауылындағы Достық үйінде Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотының судьясы А.Танабаеваның қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Дөңгелек  үстелге қоғамдық мекемелердің, ауылдық әкімшіліктің өкілдері, мәслихат депутаттары қатысты. Бас қосу басталмас бұрын қатысушылар саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Бұзақылық жасағаны үшін айыппұл салынып, процестік шығындар өндірілді

01/06/2016

Тарбағатай аудандық соты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 293- бабы 1- бөлігімен (бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу) сотталушы К.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот әкімшілік қадағалау орнатты

01/06/2016

Ұлан ауданының № 2 аудандық соты бұрын сотты болған В.Блидарға қатысты әкімшілік қадағалау орнату туралы ішкі істер бөлімінің ұсынысын қарады.

Ауыр қылмыс жасағаны үшін  сотталған В.Блидар жазасын өтеу мекемесінен босатылғаннан кейін,  Ішкі істер бөлімінің арнайы есебіне алынған. Оған әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда әкімшілік қадағалауға алынатыны туралы ескертілген.

 Алайда, есепке тұрғанан кейін, түзелу жолына түспей бірнеше рет  әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін оған  үш рет ескеру жасалған.

Өскемен қаласының №2 сотында ДБҚ жүйесіне арналған семинар өткізілді

01/06/2016

Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану сот қызметінің қолжетімді, ашық әрі тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Сондай-ақ, ақпараттық сервистерді қолдану сот кеңсесі қызметкерлерінің ғана емес, сотқа жүгінетін адамдардың да уақытын үнемдейді.

Бүгін Өскемен қаласының №2 сотында сот процестерін техникалық жазып алу үшін арналған «Дыбыс-бейне құрылғысы» бағдарламасын қолдану бойынша сот мамандары арасында үйрету семинары өткізілді.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылды

01/06/2016

Жарма  аудандық сотында Әкімшілік Құқық Бұзушылық Кодексінің  608-бабы, 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру)  азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта  жүргізуші  М.,  Жарма ауданының Алматы-Өскемен тас жолында  «Nissan Primera»  маркалы, автокөлікті ішімдік ішкен масаң күйінде басқарғандығы анықталды. 

Курчатов қалалық сотында әкімшілік іс қаралды

01/06/2016

Курчатов қалалық сотында ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) бойынша азамат Д.Третьяковқа қатысты әкімшілік іс қаралды.