Архив событий

13/06/2016

Айналасындағыларға сыйламаушылық білдіргені үшін әкімшілік қамаққа алу мен айыппұл салу түріндегі жаза қолданылды

13/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 434- бабының 1-бөлігімен (Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) азамат  М.М.Акеджановқа  және Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 2-бөлігімен

Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

13/06/2016

Зырян ауданының №2 аудандық сотында  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат А.М. Кучерге  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот  отырысында А.М. Кучер үйінде жанжал шығарып, соның барысында енесін балағат сөздермен қорлап, сыйламаушылық көрсетіп,  тыныштығын бұзғаны анықталды.

Қылмыстық теріс қылық үшін жауапкершілік

13/06/2016

ШҚО Катонқарағай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің  346-бабы,  1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі) сотталушы А. Құсмановқа қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Семей қаласының ювеналды сотында мемлекеттік тілді дамыту мәселелері талқыланды

13/06/2016

ШҚО №2кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының вице-президенті және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі О.Шәріпбаев келді.

Сот төрағасы Р.Ақпар сот ғимаратында экскурсия жүргізіп, сонымен қатар, сот жүйесінің, соның ішінде ювеналды соттың қалыптасуы мен дамуы туралы мұражайдағы тарихи естеліктермен таныстырды.

Алкоголизмнен мәжбүрлеп 12 айға емделуге жіберілді

13/06/2016

Катонқарағай аудандық сотында Шығыс Қазақстан облысының Әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Катонқарағай ауданының ауруханасы»  шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының азамат А.Караваеқа қатысты  алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы талап арыздар бойынша азаматтық іс қаралды.

Қоғамдық орында әйел адамды балағаттағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды

13/06/2016

Жарма  ауданының №2 аудандық сотында азамат Е.Қажыбаевқа қатысты,  ұсақ бұзақылық жасағаны  туралы әкімшілік іс қаралды.  

Е.К.Қажыбаев   ішімдік ішкен масаң күйінде  Шар қаласының орталығында орналасқан дүкенінің ішінде қоғамдық жерде, адамдардың көзінше    азаматша А.Муликованы балағаттап, ар-намысын қорлаған.

Экономикалық сотта «Төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі» тақырыбында семинар өткізілді

13/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот төрағасы А.Қ.Рамазановтың төрағалық етуімен судьялар арасында «Төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді.

Аталған тақырыпта судья Р.Б.Какишеваның баяндамасы тыңдалды.

Ауылдық округтердің әкімдерімен «дөңгелек үстел» өтті

13/06/2016

Ұлан аудандық №2 аудандық сотының төрағасы А.Аринова ауданның  ауылдық округтерінің әкімдері және кәсіби емес медиатордың қатысуымен Таврия ауылының әкімшілік ғимаратында орналасқан медиация кабинетінде «Медиация заңын  халыққа  жеткізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Сот төрағасы бүгінгі таңда Ұлан ауданы Таврия ауылы әкімдігінің ғимаратында «Медиация кабинеті» ашылғанын айтты. Кабинеттің халыққа «Медиация туралы» заңы туралы және сотқа дейін дауды шешудің тәсілін жеткізу үшін ашылғанын атап өтті.

Әкімшілік іс әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қысқартылды

13/06/2016

Жарма ауданының №2 аудандық сотында азаматша Р.Абдраимоваға қатысты ҚР ӘҚБК-нің 434 бабы, 1 бөлігі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сот ісін жүргізу барысында азаматша Р.Абдраимова мен оның күйеу баласының арасында  С.Омаровтың үйінде сөзге келіспеушілік  болған анықталған. Осы құқық бұзушылық туралы Р.Абдраимоваға қатысты 434 бабы, 1 бөлігі әкімшілік іс қозғалған.

Жарма ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен аз.Р.Абдраимоваға қатысты әкімшілік іс құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қысқартылған.

Әкімшілік қамауға алынды

13/06/2016

Жарма аудандық сотында сотында ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдалану орындарын ластау, айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiретiн әрекеттер)  көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған С.Нұрымбековқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта С.Нұрымбековтің қоғамдық орында темекі шегіп, қалдығын жерге тастағандығы анықталды. Осы әрекеті арқылы ол ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластап, айналасындағы адамдарға құрметтемеушілік білдірген және қоғамдық тәртіп пен тазалыққа нұқсан келтірген.

Достық үйінде «Татуластыру рәсімдерін азаматтық істер бойынша қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

13/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотымен Достық үйінде «Татуластыру рәсімдерін азаматтық істер бойынша қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға Шығыс Қазақстан облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы С.Азмағанбетова, медиаторлар және адвокаттар қатысты.

«Аудандық сот ғимаратындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Кіру тәртібі» тақырыбына дөңгелек үстел өтті

13/06/2016

Үржар аудандық сотымен «Аудандық сот ғимаратындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.Кіру тәртібі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына Үржар ауданы бойынша Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері мен Үржар аудандық сотының сот приставі қатысты.

Медиация кабинетінде дәріс оқылды

13/06/2016

 

Глубокое аудандық сотымен медиация кабинетінде «Дауларды медиация тәртібінде шешу» тақырыбында дәріс оқылды. Оған Глубокое аудандық сотының судьясы Б.Амиров, прокурордың көмекшісі А.Безродных, қоғам кеңесінің өкілдері және кәсіби емес медиатор Т. Глушкова қатысты.

Неке медиация тәртібімен сақталды

13/06/2016

Көкпекті аудандық сотында некені бұзу туралы екі азаматтық іс қаралды.

Сотта тараптарға медиация тәртібімен татуласу мүмкiндiгi түсiндiрілген соң, тараптар медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімге келім сотқа ұсынды.

Сот  тараптардың отбасын сақтап қалу мақсатында  дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітті.

 

Көкпекті аудандық сотының

баспасөз қызметі

Бородулиха аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

13/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабында қарастырылған құқық бұзушылық жасаған азамат Б-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес, ағымдағы жылы мамыр айының басында жүргізуші Б. Бородулиха ауылында көлік жүргізіп келе жатып, көлікті дұрыс басқара және қозғалыс үшін қауіпсіз жылдамдықты таңдай алмай дүкеннің витринасына соғылған. Жол көлік оқиғасының нәтижесінде зардап шеккендер жоқ, материалдық зиян келтірілген.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

13/06/2016

Ұлан ауданының № 2 аудандық соты ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен қарастырылған  Т.Өмірбекке қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта Т.Өмірбек өзінің үйінде алкогольдік ішімдік ішкен күйінде әкесіне дөрекі  сөздер айтып, қорлаған, яғни отбасының тыныштығын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынаста бірге тұратын адамдарға сыйламаушылық көрсетiп, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын  әрекеттер жасағандығы анықталды.

Тонағаны үшін сотталды

13/06/2016

Глубокое аудандық сотымен В.С.  Бутаков бөтеннің мүлкін ашық жымқырғаны үшін ҚК 191 бабы, 2 бөлігі 1 тармағы бойынша мүлкін тәркілеумен пробациялық бақылау орнатумен қоса, 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Сот мәжілісінде, Глубокое ауданының Степное ауылында сотталушы В.С.Бутаков спирттік ішімдіктерді ішкен соң жәбірленушінің бар қаражатын иемденбекші болағаны  анықталған.

Аккумулятор ұрлағаны үшін бас бостандығынан шектелді

13/06/2016

Глубокое аудандық сотымен Р.О. Саскеневке қатысты «ВостокЦветМет» ЖШС тиесілі аумақтағы Камаз автокөлігінің 2 аккумуляторын ұрлағаны үшін қылмыстық іс қаралды.

Сот мәжілісінде  анықталғаны, сотталушы Р.О. Саскенев бөтен біреудің мүлкін ұрлау мақсатында Глубокое ауданының Белоусовка кентінде орналасқан «ВостокЦветМет» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күзетулі аумағына заңсыз еніп «Камаз» автокөлігінің құны 53 571 теңге тұратын екі аккумуляторларды жасырын ұрлаған.