Архив событий

23/06/2016

Сотта бітімгершілік институттарын дамытуға бағытталған меморандумға қол қойылды

23/06/2016

Күршім ауданының №2 аудандық сотының ғимаратында аудандық соттың төрағасы С.Жансейіттің, Теректі ауылдық округінің әкімі С.Ақсартовтың және жергілікті нотариустар кеңсесінің басшысы Қ. Аманжоловтың арасында бітімгершілік институттарын, соның ішінде медиацияны дамытуға бағытталған меморандумға қол қойылды.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік қамауға алынған

23/06/2016

Бесқарағай аудандық сотында ӘҚБтК 434-бабының 2-бөлігінде (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластау, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіру) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін М.Түкібаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, М.Түкібаев қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде темекі шегіп, қалдығын белгіленбеген жерге тастап, ол ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдірген.

Ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік қамауға алынған

23/06/2016

Бесқарағай аудандық сотында ӘҚБтК 434-бабының 2-бөлігінде (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластау, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіру) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін С.Касеновқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, С.Касенов қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде темекі шегіп, қалдығын белгіленбеген жерге тастап,  ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластаған және айналасындағыларға құрметтемеушілік білдірген.

Отбасының мазасын алғаны үшін қамаққа алынды

23/06/2016

Бесқарағай аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) әкімшілік жауапкершілікке тартылған құқық бұзушы М.Уалиевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Аса iрi мөлшердегі есірткі заттарын өткізу мақсатында сақтау

23/06/2016

В  Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК 28-бабы 5-бөлігі, 297-бабы 3-бөлігі, 3-т   тармақтары, 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен (алдын ала сөз байласқан топпен жасалған, аса ірі мөлшердегі есірткі затын сату мақсатында   заңсыз тасымалдауға көмектесу, аса ірі мөлшердегі есірткі затын сату мақсатында заңсыз сақтау) қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін      айыпталған А.Лебедевке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Бесқарағай аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

23/06/2016

Бесқарағай аудандық сотында ӘҚБтК 434-бабының 2-бөлігінде (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластау, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіру) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін В.Юрьевке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, В.Юрьев қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде темекі шегіп, қалдығын белгіленбеген жерге тастап, ол ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдірген.

Соттың үмітін ақтамады

23/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық сотында  Қылмыстық кодексінің 188 бабы, 2 бөлігі, 3 тармағы (тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға  заңсыз кiрумен ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша А.Дингес сотталған болатын. Сот оның орта санатты қылмыс жасағанын, кінәсін мойындауын, жазасын жеңілдетіп А. Дингеске екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындаған.

Сот орындаушысына айыппұл тағайындалды

23/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық соты ҚР ӘҚБтК 664 бабы бойынша (прокурордың ұсынуы бойынша шаралар қолданбау) құқық бұзушылықты жасаған Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің Глубокое аумақтық сот орындаушылар бөлімі филиалының басшысы У.Алибековке қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Көлік құралдарын масаң күйлерінде басқарғандары үшін жазаланды

23/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608 бабының 1 бөлігі (алкогольды масаң күйінде көлік басқару) бойынша П.Закусиловқа, А. Низамиевке, Е.Тютеньковқа, В.Байжуминовқа қатысты әкімшілік істер қаралды.

Қылмыстық іс жүргізуде медиация қолданылды

23/06/2016

Глубокое аудандық соты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 149 бабы, 2 бөлігі, 187 бабы, 1 бөлігі және 191 бабы, 2 бөлігі 1,2,3 тармақтары бойынша Р.Тұрмамбетұлына, А.Қожахметовқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Әкімшілік айыппұл салынды

23/06/2016

ШҚО Жарма аудандық соты ӘҚБтК-нің 434-бабының, 1-бөлігімен көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған А.Мұхамедкалиеваға қатысты әкімшілік істі қарады.

Іс-құжаттарынан, А.Мұхамедкалиева қоғамдық орында, жәбірленушімен  жанжалдасып, оған қатысты балағат сөздер айтқан.

Сот қаулысымен А.Мұхамедкалиева ӘҚБтК-нің 434-бабының, 1-бөлігімен қарастырылған құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған  мемлекет пайдасына 21 210 теңге айыппұл салу түріндегі  әкімшілік жаза тағайындалды.

Зырян аудандық сотының мамандары қазақ тілінен емтихан тапсырды

23/06/2016

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi- қазақ тілі, мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданыста. Мемлекеттiк тiл- ұлттық бірліктің басты факторы. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.

2015 жылдың  қазан айынан бастап сот мамандары Зырян ауданының әкімшілігінің Тілдер оқыту орталығы МКК –де қазақ тілі сабақтарына қатысқан.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы арыздар мен хаттарды жіберу» тақырыбында брифинг өтті

23/06/2016

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы арыздар мен хаттарды жіберу» тақырыбында брифинг өтті.

Шараның мақсаты «Сот кабинеті» сервисі туралы тиісті ақпаратты жариялап, түсіндірме жүргізу.

Достық үйінде татуласты

23/06/2016

Самар ауылының Достық үйіндегі медиация кабинетінде ерлі-зайыптылардың арасында  медиациялық келісімге қол қойылды.

Новостройка ауылының тұрғыны В.Иваненков масаң күйінде үйінде жұбайына жан-жал шығарып, жұбайы полицияға жүгінген. Жанжал шығарушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабы 1 бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) әкімшілік іс қозғалған.

Медиация әдісіне жүгінген ерлі-зайыптылар заңды некелерін сақтап қалды

23/06/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында неке бұзу туралы  азаматтық іс қаралды.

Сотқа, талапкерден  жауапкермен келісімге келулеріне байланысты, некені бұзуды сұраған талабынан бас тару туралы өтініш түсті.

Жауапкер дауды өзара реттеу кезінде талап қоюшымен татуласып, отбасын сақтау мақсатында алған міндеттерін орындап, талапкермен медиация келісімін жасасқан.