Архив событий

20/06/2016

Зырян аудандық сотында Медияцияның қолданылуы

20/06/2016

Сот жүйесінің негізгі бағыттарының бірі, медиация жолымен дауларды реттеудің баламалы әдісін енгізу болып табылады.

Зырян аудандық соты аталған бағытта жоспарлы түрде шаралар атқарылып, кәсіби емес медиаторларды тарту арқылы тараптарды татуластыру жұмысы артқарылуда.

Қоғамдық орынды ластаған

20/06/2016

Жарма ауданының №2 сотында  ҚР-нің ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігінде (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластау, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіру) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Р.Антваевқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында, Р.Антваев қоғамдық орында, үй аулысынан жиналған қоқыстарды көшеге  лақтырғаны анықталған, яғни  ол ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіріп, қоғамдық тәртіп пен тазалыққа нұқсан келтірген.

Бесқарағай аудандық сотында қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

20/06/2016

Бесқарағай аудандық сотымен ҚК-тің 188 бабы 1 бөлігі бойынша С. Мусульманкуловқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен, С.Мусульманкулов жәбірленушінің үйінде ремонт жасаған кезде, жәбірленушіге тиесілі жататын бөлмедегі чемоданнан алтын бұйымдарды ұрлап, оларды  ломбардқа өткізіп, алған ақшаларды өзінің жеке қажеттілігіне жұмсаған, осылайша өз әрекеттерімен жәбірленушіге 460 000 теңгеге материалдық зиян келтіргендігі анықталды.

Ерлі-зайыптыларды медиатор татуластырды

20/06/2016

Күршім аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен   (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса,) А.Мұқышевқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Тараптар медиациялық келісімге келді

20/06/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа
қарсы әрекеттер) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған С.Беляевке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, С.Беляев отбасы-тұрмыстық қатынаста бірге тұратын азаматшаға сыйламаушылық танытып, оның атына балағат сөздер айтқан және үйдің тыныштығы мен берекесін алғандығы  анықталған.

Үржар ауданының №2 аудандық сотында шығынды өндіру туралы азаматтық іс татаптардың медиациялық келісімге келулеріне байланысты қысқартылды

20/06/2016

Сотта  талапкер С.Мұқатайдың Т.Нұғмановтан келген шығынды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарынан, жауапкер өз іс әрекеттерімен талапкерге 300 000 теңгеге материалдық шығын келтірген, алайда шығынды  өз еркімен төлеуден бас тартқандығы анықталды.

Сот мәжілісінде тараптар дауды медиациялық тәртіппен реттеу туралы келісімге келіп, соттан істі медиациялық келісімге келулеріне байланысты қысқартуды сұраған.

Татуласып әкімшілік жауапкершіліктен босатылды

20/06/2016

Зырян аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса,)  С.Құсаиновқа қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Катонқарағай аудандық сотында қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталды

20/06/2016

Катонқарағай аудандық сотымен ҚР ҚК 108 бабы, 1 тармағы бойынша денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірген қылмыстық құқық бұзушылық жасаған айыпталушы азамат С.Зарылқановқа қатысты қылмыстық іс қаралды

Р.Бухарова ҚІЖҚ  408 бабына сәйкес ол, 2016 жылы 2 маусымда  Бұхтарма су қоймасының «Одесса» паромында азамат С.Зарылқанов алкогольдік масаң күйінде, өзіне жеңіл түрінде дене жарақаттарын келтірілгенін айтып сотқа шағымданған.

Медиациямен белсенді жұмыс нәтижесі

20/06/2016

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотымен ауданда татуласу шараларын насихаттау жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Семинар, брифинг, дөңгелек үстелдер мүдделі тұлғалармен өткізіліп жатыр.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде самар ауылының Достық үйіндегі медиация кабинетінде отбасы тұрмыстық саладағы дауды реттеу бойынша 2 медиативтік келісім жасалды.

Достық үйінде "дөңгелек үстел" өтті

20/06/2016

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотымен маусым айына арналған  жоспарға сай бітімгершілік рәсімін насихаттау  бағытында Самар ауылының Достық үйінің медиация кабинетінде «Медиация - дауды реттеу тәсілі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстелге» прокуратура, полиция, кәсіби  емес медиаторлар мен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Медиатор ерлі-зайыптыларды татуластырды

20/06/2016

Үржар аудандық сотында неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта тараптардың ортақ некеден  екі балалары бар екені, мінездері сәйкес келмегендіктен,  жауапкер жиі ұрыс-керіс шығарып, қол жұмсайтындықтан  талапкердің жанұяны сақтау мүмкін емес деген шешімге келгені анықталды.

Ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік қамауға алынған

20/06/2016

Бесқарағай аудандық сотында ӘҚБтК 434-бабының 2-бөлігінде (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластау, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіру) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін К.Абишевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында, К.Абишев қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде темекі шегіп, қалдығын белгіленбеген жерге тастап, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіргендігі анықталған.

Жарма аудандық сотында ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды

20/06/2016

ШҚО Жарма аудандық соты ӘҚБтК-нің 434-бабының, 1-бөлігімен  (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер)  көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған А.Ескендироваға  қатысты әкімшілік істі қарады.

Жүргізушінің жол қозғалысы Ережесін бұзу салдарынан жәбірленушіге жеңіл дәрежедегі зиян келтірілген

20/06/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 610-бабының 82-бөлігі (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы, жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан әрекет) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында «дөңгелек үстел» өткізілді

20/06/2016

Күршім ауданының №2 аудандық сотының ұйымдастыруымен «Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстердің нормаларын қолдануда туындаған өзекті мәселелер» атты тақырыбында  құқық қорғау органдарының өкілдерімен «дөңгелек үстел» өткізілді. 

Іс-шараға Күршім ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы С. Жансейіт, Күршім АІІБ-нің Теректі кенттік полиция бөлімшесінің тергеушілері мен анықтаушылары қатысты.

Тарбағатай аудандық сотында үш азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

20/06/2016

Тарбағатай аудандық сотында «Қазақтелеком» Акционерлік қоғамының телефонға берешекті өндіру туралы үш азаматтық іс қаралды.

Сот отырыстарында талапкер өкілі С.Қайыржанова жауапкерлер телефонды пайдаланғандары үшін қарыздар болғандарын, қарызын төлемегендіктен сотқа жауапкерлерден қарыз соманы және мемлекеттік бажға төлеген шығындарды өндіруді сұраған.

Қылмыстық іс медиациялық келісім жасау арқылы қысқартылды

20/06/2016

Зайсан аудандық сотында ҚР ҚК-нің 108-бабы бойынша жекеше айыптау тәртібімен  азамат К.Нұрғалиевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

К.Нұрғалиев көршісі Р.Жақыпбаевамен сөзге келіп қалып, ұрып-соғып, оған қасақана жеңіл дене жарақатын түсіргені үшін жеке айыптау бойынша ҚК-тің 108-бабымен қылмыстық жауаптылыққа тартылған.

Неке бұзу туралы іс медиация тәртібінде қысқартылды

20/06/2016

Зырян аудандық сотында неке бұзу туралы азаматтық ісі ҚР «Медиация туралы» Заңын қолдану арқылы қаралды.

Істі қарау барысында отбасылық дау кәсіби емес медиатордың көмегімен реттеліп отбасы сақталынып қалды.

Сот ұйғарымен медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп, сот өндірісі қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енбеген.

 

Зырян аудандық сотының

баспасөз қызметі

Жанжал шығарғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

20/06/2016

Зырян аудандық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434 бабы 1 бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса)  әкімшілік іс қаралды.

Азаматтық іс бойынша жеке ұйғарым шығарылды

20/06/2016

ШҚО Үржар аудандық сотымен талапкер А.Скаковтың жауапкер Н.Алиповқа «жер телімін қайтару туралы» азаматтық ісін қарау барысында Үржар ауданы әкімінің атына жеке ұйғарым шығарылды.

Жоғарыда аталған істі қарау барысында сотпен, А.Скаков  ауылдық округке жер телімі туралы сұрақтармен жүгінгенде, Үржар ауылдық округінің әкімімен А.Скаковқа тиесілі жер телімінің көлемі туралы қате ақпараты бар жауап берілген. Осы жауап сотқа арыздануға себеп болған.

«Медиация туралы» Заңды түсіндіру мақсатында халықпен кездесу өтті

20/06/2016

Үржар  аудандық сотының  төрағасы  Үржар ауданының  әкімі аппаратының  мемлекеттік құқықтық  заңгерлік бөлімі  қызметкерімен бірге Үржар ауданының Алтыншоқы ауылына барды.

Татуласу рәсімдерін насихаттау жұмыстарын жүргізу жоспарын жүзеге асыру мақсатында, «Медиация туралы» Заңның тиімділігі»  тақырыбында ауыл турғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуге ауыл тұрғындары ғана емес, ауылдық округтің қызметкерлері мен ақсақалдар алқасы да қатысты.

Тарбағатай ауданында «Медиация туралы Заңының» қолдануы жөнінде кездесу өтті

20/06/2016

Тарбағатай ауданының №2 сотының төрағасы С.Ахмеджанов, Тарбағатай ауданы Ақжар полиция бөлімінің бастығы Т.Нұрмұханбетов, Ақжар ауылына қарасты кәсіби емес медиатор Т.Омармен бірге Қарасу, Қабанбай ауылдық округінің кәсіби емес медиаторларымен және ауылдың мекеме басшыларымен кездесу өткізді.

Көлікті алкогольдік масаң күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

20/06/2016

Үржар ауданының  №2 аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлімі  (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша  С. Тұрсын қатысты әкімшілік іс қарады

Сот мәжілісінде, Тұрсын С. алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде көлік құралын жүргізгені анықталды.

Бесқарағай аудандық сотында «Орындалмаған сот актілері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

20/06/2016

Бүгін Бесқарағай аудандық сотында «Орындалмаған сот актілері» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті.

Іс шараға Бесқарағай аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы Р.Қабенова, Бесқарағай аудандық прокуратурасының прокуроры К.Хаметов, Бесқарағай аудандық ішкі істер бөлімінің өкілі Н. Кайсин, пробация қызметкерінің инспекторы А.Құмарова және т.б қатысты.

Ерлі-зайыптылар татуласып, неке медиация тәртібімен сақталды

20/06/2016

Тарбағатай аудандық сотында неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер Қ., өз талап арызында, жауапкер М-мен заңды некеде 4 жыл тұрғанын, некеден ортақ бір баласының барын, жауапкермен мінездері жараспағандықтан, отбасы болып тұруға мүмкіншілік жоқтығын айтып, ортақ мүлікке даулары жоқ екенін көрсетіп, некелерін бұзуды сұраған.

Аңшылық мылтықты заңсыз алып жүргені үшін айыппұл төледі

20/06/2016

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  кодексінің  482-  бабының 1-бөлігімен азамат Ғ.Айтқұрмашқа қатысты әкімшілік  ісі  қаралды.

Іс  материалдарынан, Ғ.Айтқұрмаш Тарбағатай ауданында дала жайылымында ішкі істер органдарында тіркелмеген тегіс ұңғылы 32 калибрлі аңшылық мылтықты заңсыз алып жүргені бекиді.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылды

20/06/2016

Ұлан ауданының № 2 аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік,  есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде  басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік,  есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң  күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік іс қарады.

Сотта,  Ж.Байғалиев алкоголдік масаң күйде көлік құралын жүргізгені анықталды. 

Жол көлік оқиғасын жасағаны үшін айыппұл салынды

20/06/2016

Үржар аудандық соты ӘКБтК-нің 610 бабы 1 бөлігімен қарастырылған  (көлік  құралдарын жүргізушілермен  жол қозғалыс  қауіпсіздігін қамтамасыз ететін  белгіленген ережелерді бұзу, көлік  құралдарының  бұзылуына  әкеп соқтырған материалдық  залал келтіру) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азамат Ш.Көкежановқа   қатысты  әкімшілік істі қарады.

Қоғамдық тәртіпті бұзған

20/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі (ұсақ бұзақылық, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер)  бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сай, құқық бұзушы алкогольдік масаң күйде былапыт сөйлеп , қоғамдық тәртіпті, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, төңірегіндерге сыйламаушылық білдірген. Бұндай әрекетті әкімшілік жаза қолданғанан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.