Ерлі-зайыптыларды медиатор татуластырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен   (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса,) А.Мұқышевқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта істі қарау барысында, А.Мұқышев өзінің тұрғын үйінде, алкогольдік масаң күйінде жұбайын балағаттаған, сөйтіп ол өзімен бірге отбасылық-тұрмыстық қатынастағы азаматтың тыныштығын бұзып, оған сыйламаушылық білдіріп Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағандығы анықталды.

Сот мәжілісінде кәсіби емес медиатор Н.Қайровтың қатысуымен  жәбірленуші мен құқық бұзушының арасында дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісім ұсыныды.

Сот қаулысымен А.Мұқышев әкімшілік жауапкершіліктен босатылып, тараптардың медиация тәртібінде татуласуларына байланысты, іс бойынша өндіріс қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Күршім аудандық сотының

 баспасөз қызметі