Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясының қатысуымен семинар өткізілді

26/04/2024

Шығыс Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Кенжеғарин Асқаржан Қапезұлының қатысуымен «Қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және сотқа дейінгі тергеп-тексеру және соттардың кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қылмыстық істерді және әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарау кезіндегі қылмыстық іс жүргізу құқығы» тақырыбында семинар өткізілді.

Шығыс Қазақстан облысының соттары 2024 жылдың 1 тоқсанының қорытындысын шығарды

26/04/2024

Бүгін Шығыс-Қазақстан облыстық сотының төрағасы Манат Комиршинов 2024 жылдың 1 тоқсанындағы облыстық соттардың сот төрелігін жүзеге асыру нәтижелері бойынша кеңейтілген отырыс өткізді.

Отырысқа сот алқаларының төрағалары, облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары,сонымен қатар Сот Әкімшісінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшылығы қатысты.

Азаматтарды қабылдау

26/04/2024

Шығыс Қазақстан облыстық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында тұрақты түрде азаматтарды қабылдау жүргізіледі.

Азаматтарды қабылдау –бұл азаматтардың сеніміне апаратын жол және сот жұмысының ашықтығы мен жариялылығының дәлелі.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Д.Салатов қарызды өндіру туралы сот актісін орындау мәселесі бойынша жүгінген Германия азаматын қабылдады. Өтініш иесіне тиісті түсініктемелер берілді. Азаматты қабылдау онлайн режимде жүзеге асырылды.

 

Пробация қызметі кездесу ұйымдастырды

24/04/2024

Риддер қалалық сотының ғимаратында Риддер қаласының пробация қызметі мен  прокурорлары бірлесіп, сотқа дейінгі пробацияны жүзеге асыру шеңберінде қылмыстық сот ісін жүргізудегі қызмет бөлігінде мәселені шешу бойынша кездесу өткізді.

Іс-шара барысында ҚР ІІМ ҚАЖК-нің жаза түрін ауыстыру туралы ұсыныстарына қатысты мәселелер, «шартты түрде соттау және бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу шарттары мен тәртібін кішігірім бұзу» ұғымын енгізу, сондай-ақ өзге де ұсыныстар талқыланды.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

23/04/2024

Риддер қалалық сотының қызметкерлері «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысты. Мұндай іс-шаралар азаматтық белсенділіктің, бірліктің және қоршаған ортаны жақсартуға деген жалпы ұмтылыстың жарқын мысалы болып табылады.

                

«Сотта мемлекеттік тілді дамыту» тақырыбында семинар өткізілді

23/04/2024

Катонқарағай аудандық сотымен «Сотта мемлекеттік тілді дамыту» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға соттың судьялары мен мамандары қатысты.

Аудандық сот төрағасы Е.Е.Токшекенов өз баяндамасында, қазақ тілінде қаралған істердің статистикасын келтіріп, сотта мемлекеттік тілде істердің түсуі мен қаралуы әлі де төмен  болып отырғанын еске салды.

«Мемлекеттік тілде жолданатын істер санын арттыру бойынша шаралар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

23/04/2024

Өскемен қаласының №2 сотында «Құқық қорғау органдарымен мемлекеттік тілде жолданатын істер санын арттыру бойынша шаралар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Өскемен қаласының №2 сотының судьялары, Өскемен қаласы прокуратурасының және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

«Тергеу судьясымен қаралатын материалдар бойынша әдістемелік ұсыныстарды талдау» тақырыбында семинар өткізілді

23/04/2024

Зайсан аудандық сотында «Тергеу судьясымен қаралатын материалдар бойынша әдістемелік ұсыныстарды талдау» тақырыбында семинарлық оқу өткізілді.

Іс-шараға Зайсан ауданының прокурорының орынбасары Д.Б.Альсеитов, Зайсан аудандық полиция бөлімінің бастығының тергеу жөніндегі орынбасары М.Р.Кеңесбек, Тарбағатай АІІБ тергеу бастығының орынбасары Е.Қ.Ақтанов,  аға анықтаушы Т.Мухаметжанов, аға криминалист А.Гумарқызы, сондай-ақ тергеушілер Б.А.Дүйсенов, Н.Б.Болатханов, З.Ж.Айтқалиев  қатысты.

«Кәмелетке толмағандардың құқықтарына қол сұғуға байланысты әкімшілік істерді қараудың ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22/04/2024

Шығыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бастамасымен  «Кәмелетке толмағандардың құқықтарына қол сұғуға байланысты әкімшілік істерді қараудың ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға сот төрағасы Сәния Тұтқанбаева мен Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар қатысты.

Беттер