Архив событий

08/04/2024

Сот шешімімен қайтыс болды деп жарияланды

08/04/2024

Алтай аудандық соты азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы азаматтық істі қарады.

Арызданушы Л. азаматтың туған қызы 2020 жылдың тамызынан бастап аз.Л.-дан ешқандай жаңалық жоқ екенін, тиісті іздеу шаралары нәтиже бермегенін көрсеткен. Соңғы белгілі тұрғылықты жері Алтай қаласы. Өтініш беруші мұраны ресімдеу үшін аз. Л-ды қайтыс болды деп  жариялауды сұрады.

Иесіз тұрғын емес үй-жай коммуналдық меншікке берілді

08/04/2024

Алтай аудандық соты жылжымайтын мүлікті иесіз деп тану және оны коммуналдық меншікке беру туралы азаматтық істі қарады.

Уәкілетті мемлекеттік органның ақпаратына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйдің 1 қабатындағы тұрғын емес үй-жайға меншік құқығы ешкімге тіркелмеген.

Өтініш беруші - Алтай ауданының әкімі жылжымайтын мүлікті иесіз және коммуналдық меншікке түскен деп тануды сұрап, объектіні иесіз мүлік ретінде есепке қою жөніндегі іс-шаралар жүргізілгенін дәлелдеді.