Архив событий

15/04/2024

Семинар өткізілді

15/04/2024

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының  2024 жылғы  8 сәуірдегі бұйрығымен «Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу қағидасы» бекітілді.

Осыған орай,  ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің басшысы А.Кайсановамен «Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу қағидасы»  тақырыбында семинар өткізілді.

Алтай қаласы әкімінің өкімін және жер учаскесін жер пайдалану шартын сот жарамсыз деп таныды

15/04/2024

ШҚО Алтай аудандық соты Алтай қаласының әкіміне, аз. К-ға және Алтай ауданының жер қатынастары бөліміне Алтай қаласы әкімінің өкімін заңсыз деп тану, жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану шартын жарамсыз деп тану туралы Жер ресурстарын басқару Департаментінің талабын қанағаттандырды.

Сот Алтай қаласы әкімінің өкімімен аз. К-ға Каюпов көшесіндегі жеке тұрғын-үй құрылысы үшін жер учаскесіне өтеулі жер пайдалану құқығы берілгенін анықтады. Осы өкімнің негізінде аз. К. мен Алтай ауданының жер қатынастары бөлімі арасында жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану шарты жасалды.