Архив событий

10/04/2024

Ар-намыс пен абыройды қорғаудан бас тартылды

10/04/2024

Талап қоюшы  (57 жаста) жауапкерден (70 жаста) 100 000 теңге моральдық зиянды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгініп,  негіз ретінде жауапкердің талап қоюшының қолынан ұялы телефонын тартып алып, оны балағаттағанын, осылайша моральдық азапқа ұшырағанын айтты.

Сот отырысында көпқабатты үйдің МИБ шатырды жөндеуге қаражат жинауға шешім қабылдағаны анықталды.

Қарызды өтеу дәлелденді

10/04/2024

Коллекторлық агенттік жауапкерден 168 894 теңге қарызды өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Талап қоюға жауапкердің микроқаржы ұйымымен 90 000 теңге және 50 000 теңге сомасында екі несиелік келісім шарт жасасқаны, бірақ жауапкердің несиені өтеу бойынша міндеттемені орындамауы себеп болған.

Кейіннен несие беруші қарызды талап ету құқығын талапкерге берді.

Жауапкер талаптарға қарсылық білдіріп, жалпы сомасы 214 528 теңге несие сомасын төлеген 2 жыл ішінде сақталған барлық түбіртектерді дәлел ретінде көрсетті.