Архив событий

09/04/2024

Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша Меморандум жасалды

09/04/2024

2024 жылы 8 сәуірде Риддер қалалық сотының әкімшісі басшысы А.Т.  Карибаева және «Риддер қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы М.М. Акрамов  өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тараптардың осы Меморандум аясындағы бірлескен қызметі Риддер қаласының тұрғындарының құқықтық сауаттылығын және құқықтық білімін арттыруға бағытталатын болады. 

 

Риддер қалалық сотының баспасөз қызметі

 

Ұлан аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

09/04/2024

Ұлан аудандық сотының төрағасы Н.Б.Байжумин, судья А.С.Абуованың, Ұлан ауданы прокурорының орынбасары А.Ж.Бердікеновтың, Ұлан аудандық полиция бөлімінің бастығының тергеу бойынша орынбасары Б.М.Мұратовтың және жергілікті полиция қызметінің бастығы Е.Е.Сағатовтың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

«ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне Комментарийлер беру» тақырыбында семинар өтті

09/04/2024

Шемонаиха аудандық сотының мамандарының қатысуымен «ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне Комментарийлер беру» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Осы шарада Шемонаиха аудандық соты әкімшісінің басшысы Г.Т.Отешова Комментарий берудің мақсаты- Кодекстің мемлекеттік қызметшілерге қойылатын нормалары мен талаптарының мазмұнын түсіндіру болып табылатынын айтып өтті.

Бұл түсіндірмелерде мемлекеттік қызметшілерге күнделікті қызметте моральдық-этикалық және кәсіби қасиеттерін жақсартуға ықпал ететін ұсынымдар әзірленіп ұсынылып отырғанын түсіндірді.

"Аудандық және оған теңестірілген сотта іс жүргізу ережелері" тақырыбында семинар өткізілді

09/04/2024

Риддер қалалық сотында қылмыстық және азаматтық істер жөніндегі сот құжаттарын ресімдеу тәртібін түсіндіру мақсатында мемлекеттік қызметке алғаш кірген мамандар үшін "Аудандық және оған теңестірілген сотта іс жүргізу ережелері"тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға әкімші басшысы А. Т. Карибаева және Риддер қалалық сотының мамандары қатысты.

Семинар барысында спикер кіріс хат-хабарларын қабылдау, ресімдеу, тіркеу тәртібін, сондай-ақ шығыс хат-хабарларын жіберу тәртібін түсіндірді.

Алтай аудандық сотында "Ашық есік күні" өтті

09/04/2024

Сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, соттың беделін нығайту және мемлекеттік қызметке жас мамандарды тарту мақсатында Алтай аудандық сотында "Ашық есік күні"өткізілді.

Сот Әкімшісінің басшысы Г.С. Коспанова орта мектептердің 11 – сынып оқушыларына - болашақ түлектерге аудандық сот қызметінің негізгі бағыттары, судьялар мен сот жүйесі мамандары жұмысының маңыздылығы туралы айтып, мемлекеттік қызметтің келешегі мен мемлекеттік қызметке кіру тәртібімен таныстырды.