Архив событий

16/04/2024

Дөңгелек үстел өткізілді

16/04/2024

Алтай ауданының №2 сотының судьялары  Алтай ауданының No2 пробация қызметі мен  полиция бөлімінің қызметкерлерінің және Алтай ауданы  прокурорының қатысуымен «Үкімдерді орындау және шартты түрде мерзімінен бұрын босату тәжірибесін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел барысында пробациялық бақылау мәселелері, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде  көзделген пробация қызметінің өкілеттіктері және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 169-бабы жан-жақты талқыланды.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу өтті

16/04/2024

Риддер қалалық соты Риддер қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотымен бірлесіп, Риддер қалалық полиция бөлімінің ғимаратында құқық қорғау органдарымен кездесу өткізді.   

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 131-бабының тәртібімен сотқа жүгінген кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарында туындайтын проблемалық мәселелер, салынған электрондық құжаттардың сапасы, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді сотқа жолдау мерзімдерінің сақталуы талқыланды.

Сот әкімшілігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің және филиалдарының қызметкерлері экологиялық акцияға қатысты

16/04/2024

2024 жылы 13 сәуірде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Сот әкімшілігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің және филиалдарының  қызметкерлері сот ғимараттарына қарасты аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалыққа келтіру жұмыстарын жүргізді.

 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі