Архив событий

02/04/2024

Мектеп мұғалімі жалған құжат пайдаланғаны үшін сотталды

02/04/2024

2024 жылы 2 сәуірде  Өскемен қаласының №2 соты ҚР ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігімен (көрiнеу жалған құжатты пайдалану) аз. Ж.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Аз. Ж. орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарған. Аталған лауазымдағы жалақысын көтеру мақсатында, 2023 жылдың сәуір айында аз.А.-ның көмегімен 310 000 теңгеге «педагог-модератор» квалификациялық санатын өткені туралы сертификатты, яғни жалған құжатты дайындатқызып, көрінеу мектеп директорының орынбасарына ұсынды.