Архив событий

03/04/2024

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясының мақаласы жарық көрді

03/04/2024

«Юридическая» газетінің 2024 жылдың 29 наурызда шыққан № 23 санында Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы, татуластыру процедурасының координаторы Анжелика Володкинаның «Нелегкий выбор или правильное решение» атты мақаласы жарияланды.

Радиода сөз сөйледі

03/04/2024

Ағымдағы жылдың  наурыз айында Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы А.А.Кайранова  Өскемен қаласындағы  «МИКС» радиостанциясының тікелей эфирінде «Отбасылық –тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылық» тақырыбында  сөз  сөйледі.

Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі

«Процессуалдық құжаттарды мемлекеттік тілде дұрыс даярлау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

03/04/2024

Катонқарағай аудандық сотында «Процессуалдық құжаттарды мемлекеттік тілде дұрыс даярлау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің  мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, құжаттарды рәсімдеу бойынша әдістемелік көмек көрсету.

Іс-шараға судья А.Ш.Кенесбекова, Катонқарағай аудандық прокуратурасының прокуроры Е.Кусаинов, Катонқарағай аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары, пробация қызметінің инспекторлары қатысты.