Архив событий

01/04/2024

Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу соты дөңгелек үстел өткізді

01/04/2024

Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу соты сотқа дейінгі органдардың қылмыстық іс жүргізу заңнамасын біркелкі қолдануын қамтамасыз ету мақсатында «Тергеу сотына жүгінген кезде сотқа дейінгі тергеу органдарында туындайтын мәселелер» тақырыбында сотқа дейінгі органдармен дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға Өскемен қаласының Солжағалау полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді рәсімдеу кезінде жіберілетін кемшіліктерді болдырмау тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті

01/04/2024

Зайсан аудандық әкімдігінің ғимаратында  Зайсан аудандық сотының судьясы А.К.Актановтың төрағалық етуімен   әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді рәсімдеу кезінде жіберілетін кемшіліктерді болдырмау тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға  прокуратура,  полиция бөлімінің қызметкерлері, аудандық орталық ауруханасының қызметкерлері қатысты.