Архив событий

23/04/2024

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

23/04/2024

Риддер қалалық сотының қызметкерлері «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысты. Мұндай іс-шаралар азаматтық белсенділіктің, бірліктің және қоршаған ортаны жақсартуға деген жалпы ұмтылыстың жарқын мысалы болып табылады.

                

«Сотта мемлекеттік тілді дамыту» тақырыбында семинар өткізілді

23/04/2024

Катонқарағай аудандық сотымен «Сотта мемлекеттік тілді дамыту» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға соттың судьялары мен мамандары қатысты.

Аудандық сот төрағасы Е.Е.Токшекенов өз баяндамасында, қазақ тілінде қаралған істердің статистикасын келтіріп, сотта мемлекеттік тілде істердің түсуі мен қаралуы әлі де төмен  болып отырғанын еске салды.

«Мемлекеттік тілде жолданатын істер санын арттыру бойынша шаралар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

23/04/2024

Өскемен қаласының №2 сотында «Құқық қорғау органдарымен мемлекеттік тілде жолданатын істер санын арттыру бойынша шаралар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Өскемен қаласының №2 сотының судьялары, Өскемен қаласы прокуратурасының және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

«Тергеу судьясымен қаралатын материалдар бойынша әдістемелік ұсыныстарды талдау» тақырыбында семинар өткізілді

23/04/2024

Зайсан аудандық сотында «Тергеу судьясымен қаралатын материалдар бойынша әдістемелік ұсыныстарды талдау» тақырыбында семинарлық оқу өткізілді.

Іс-шараға Зайсан ауданының прокурорының орынбасары Д.Б.Альсеитов, Зайсан аудандық полиция бөлімінің бастығының тергеу жөніндегі орынбасары М.Р.Кеңесбек, Тарбағатай АІІБ тергеу бастығының орынбасары Е.Қ.Ақтанов,  аға анықтаушы Т.Мухаметжанов, аға криминалист А.Гумарқызы, сондай-ақ тергеушілер Б.А.Дүйсенов, Н.Б.Болатханов, З.Ж.Айтқалиев  қатысты.