Архив событий

10/06/2016

Медиация кабинетінде тараптар дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісімге келді

10/06/2016

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 24 бабы, 3 бөлігі,  191 бабы, 2бөлігі, 1,3,4 тармақтарымен қарастырылған, тонауға оқталу, яғни жәбірленушінің денсаулығы мен өміріне қауіпті емес күш қолданып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы  арқылы бөтеннің мүлкін ашық жымқыру, заңсыз ғимаратқа кіру квалификациялық белгілері болып есептелетін қылмыс жасады деп айыпталған кәмелетке толмағандар Т. және И.-ге қатысты қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты ҚР ҚК-нің 68 бабы, 2 бөлігі негізінде қысқартылды.

Медиативті келісім жасалды

10/06/2016

Үржар аудандық сотымен «Урджар пласт» ЖШС-нен Ю.Чурсинованың К.Канапиннен қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа талап арызбен жүгінген, онда 2012 жылы «Урджар пласт» ЖШС мен жауапкердің арасында тауар жеткізу және қызметтер көрсету туралы келісім шарт жасалған. 2013 жылдың қыркүйек айына дейін жауапкер төлемақыны келісім шарт бойынша бөліп төлеп жүрген, одан кейінгі қарызды төлеуі тоқтатылып қалған.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

10/06/2016

Жарма аудандық соты ҚР ҚК 188-бабы, 1-бөлігі (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша Б.Фазыловқа  қатысты қылмыстық істі қарады.

Б.Фазылов сағат мөлшері 14.00-де Жаңғызтөбе кентінде орналасқан бекеттің жанында жәбірленушіге тиесілі «Hongmiro» маркалы спорттық велосипедті жасырын түрде ұрлағандығы анықталды.

Сот мәжілісінде Б.Фазыловпен жәбірленушінің медиация тәртібімен бітімгершілік келісімге келді.

Қылмыстық іс медиациялық келісім жасау арқылы қысқартылды

10/06/2016

Зайсан аудандық сотында  Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен айыпталған (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) А.Дүсүпке қатысты  қылмыстық іс қаралды.

2016 жылдың ақпан айының соңында А.Дүсүп Зайсан ауданы «Майқапшағай» кеден бекетіндегі «Элхон Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салып жатқан құрылыс алаңында жұмыс істеп жүріп, «PIT» маркалы электр шүріп бұрғыны жасырын түрде ұрлап кетіп, «Элхон Строй» ЖШС-не 23 000 теңге мөлшерінде залал келтірген.

Автомобильді жымқыру мақсатынсыз заңсыз иеленген

10/06/2016

Семей қаласының № 2 соты  ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен, 346-бабының 1-бөлігімен (автомобильді жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) және көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, масаң күйінде көлік құралын басқарған) бойынша азамат А.Морозовқа қатысты қылмыстық істі қарады.

«Отбасылық амбулатория» мекемесінің директоры есіртке заттарын заңсыз айналымға салғаны үшін кінәлі деп танылды

10/06/2016

Өскемен қаласының  №2 соты,  қызметтік міндетіне кіретін есiрткі заттарын сақтау және жою қағидаларын бұзғаны үшін «Отбасылық амбулатория» мекемесінің директоры  З.Ғабитоваға  қатысты үкім шығарды.

«Ашық есік күні»

10/06/2016

Катонқарағай аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізді. Соттардың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Катонқарағай аудандық сотымен  ай сайын азаматтарға аталмыш іс-шара ұйымдастырылып өткізіледі. Бұл шараға адвокаттар, нотариустар мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері шақырылды.

Бас маман Т.А.Сивицкая келушілерге сот өндірісінде медиация рәсімін қолдану туралы, дыбыс бейне жазба жүйесін қолдануымен қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің жазылуы жайлы түсіндірді.

«Қылмыстық және әкімшілік істер бойынша айғақ заттарды жою және тәркілеу жұмыстары» туралы дөңгелек үстел өткізілді

10/06/2016

Тарбағатай  ауданының №2 аудандық сотында сот төрағасы С.К.Ахмеджанов «Қылмыстық және әкімшілік істер бойынша айғақ заттарды  жою және тәркілеу жұмыстары» туралы дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Тарбағатай аудандық прокуратурасының прокуроры А.Б.Тюлюбаев, Тарбағатай аудандық ішкі істер бөлімінің және Ақжар полиция бөлімінің айғақ заттарды сақтау камерасының жауапты қызметкерлері Б.А.Калиев, Е.Т.Тлеуғазин, Ақжар аумақтық сот орындаушылар бөлімінің басшысы-аға сот орындаушысы А.К.Баяхметов және сот қызметкерлері қатысты.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс медиациялық келісіммен қысқартылды

10/06/2016

Зайсан аудандық сотында азаматша Ж-ға қатысты ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта,  азаматша Ж. ішімдік ішкен масаң күйінде өз үйінде заңды некедегі еріне (жұбайына) себепсіз ар-намысына тиетін сөздермен балағаттап, жанұясының тыныштығын бұзып, оған сыйламаушылық білдіріп, отбасының мазасын алғандығы анықталды.

 Істі сотта қарау барысында тараптар медиатордың көмегімен өзара тауласып, медиативтік келісімге келген.

Тұрғын үйден шығару туралы азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылып, төленген мемлекеттік баж талапкерге қайтарылды

10/06/2016

Тарбағатай аудандық сотында тұрғын үйден шығару туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер Н. жаупакер С.-ны  тұрғын үйден заңсыз тұрып жатқандықтан шығару туралы талап арыз түсірген.

Сот әкімшілік іс бойынша жеке қаулы шығарды

10/06/2016

Тарбағатай аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің  73 бабы 1 бөлігі (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) бойынша азамат Д.Құмарбековқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде жеке қаулы шығарды.

Ерлі-зайыптылар медиация тәртібімен татуласып, қылмыстық іс қысқартылды

10/06/2016

Тарбағатай аудандық сотында ҚР ҚК-нің 107 бабымен (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) жеке айыптау тәртібінде айыпталушы  азамат М.-ға  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, азамат М. өзінің жұбайының денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтiріп, жәбірленушіге дене жарақатын түсіргендігі анықталды.

Кәсіби емес медиатордың қатысуымен тараптарға медация тәртібінде татуласу мүмкіндігі түсіндірілгеннен кейін сот талқылауының барысында тараптар медативтік келісімге келді.

Көлік басқару құқығынан алты жылға айырылды

10/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы, 3-бөлігі және 611-бабы, 2-бөлігі бойынша (жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы, жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) Т.Дюсебаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Тараптардың татуласуы

10/06/2016

Курчатов қалалық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда жасалған басқа да әрекеттер) азаматша М. Сургутанованы айыптау туралы әкімшілік іс қаралды.