Архив событий

15/06/2016

Отбасы-тұрмыстық қатынастардағы жанжал медиация тәртібімен реттелді

15/06/2016

Тарбағатай аудандық сотында  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын  іс-әрекет белгiлерi болмаса) азаматша Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Жарма ауданының ІІБ-нің атына жеке қаулы шығарылды

15/06/2016

Жарма ауданының №2 аудандық соты  Жарма ауданының Ішкі Істер бөлімінің бастығының атына Шар полиция учаскелік инспекторы Ж.Ахановпен  ӘҚБК-нің 434 бабы, 1 бөлігімен  Р.Абдраимоваға қатысты әкімшілік іс-құжаттарын дайындау барысында  анықталған заң бұзушылықтар туралы жеке қаулы шығарылды. Себебі  Р.Абдраимованың іс әрекеттерінде құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан, әкімшілік іс сот өндірісімен қысқартылды.

 Жеке қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Жарма ауданының №2 аудандық

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алынды

15/06/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 461-бабында (ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Б.Орынбасаровқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Жиырма бір жасқа толмаған адамға алкоголь өнімін сатқаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

15/06/2016

Ұлан ауданының № 2  аудандық соты ҚР ӘҚБК-нің 200-бабының 1-бөлігімен (жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу)  азаматша Л.Пономареваға қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта, аудан дүкендерінің сатушысы Л.Пономарева  21 жасқа толмаған тұлғаға алкоголь өнімін сатқандығы  анықталған.

Сот ғимаратында қауіпсіздікті қамтамасыз ету турлы семинар сабағы өтті

15/06/2016

Бесқарағай аудандық сотында «Сот ғимаратында қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар жұмысында сот төрағасы А.Абдрахманов, кеңсе меңгерушісі М. Алимханова, сот қызметкерлері қатысты.

Отбасылық жанжал медиация тәртібімен реттелді

15/06/2016

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы заңға қайшы әрекеттер) азамат Н.Қаржаубаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта  аталған  азамат  өзінің үйінде алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде өзімен бірге тұратын жұбайымен ұрыс шығарып, ұрыс барысында оған қатысты балағат сөздер айтқандығы анықталды.

Семей қаласының ювеналды сотында «Сотта қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өтті

15/06/2016

Семей қаласының ювеналды сотында «Соттағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Семинар жұмысында барлық сот қызметкерлері және ШҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасының инспекторлары қатысты.

Қоғамдық орындарға алкогольдік масаң күйде келгені үшін әкімшілік қамаққа алынды

15/06/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440-бабының 4-бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық   орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік іс қарады.

Сотта,  азамат К.Абзолин адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын алкогольдік масаң күйде полиция қызметкерлерімен ұсталғандығы  және бір жылдың ішінде 2 рет алкогольдік ішімдіктерді iшкені немесе қоғамдық  орындарға масаң күйде келгені үшін жауапқа тартылғандығы анықталды.

Бөтеннің мүлкін жасырын ұрлағаны үшін сотталды

15/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха аудандық соты ҚР ҚК-нің 188-бабының 2) тармағының 1), 3) тармақшалары бойынша (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, көлік құралына заңсыз кiруімен жасалған ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сотқа берілген екі сотталушыға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберді

15/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха аудандық соты «Бородулиха ауданының орталық аудандық ауруханасының» өтініші бойынша азамат Б.-ны маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы өтініші бойынша азаматтық істі қарады.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

15/06/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты азамат А.Жанпеисовқа қатысты Қазақстан Республикасының  әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес (ұсақ бұзақылық) әкімшілік іс қарады.

Сотта А.Жанпеисов  қоғамдық орында шылым шегіп, қалдығын жерге тастап, ортақ пайдалану орынын ластағаны анықталды.  

Соттың қаулысымен  А.Жанпеисов  ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны бойынша кінәлі деп танылып, 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Ұлан аудан әкімдігінде «Медиация жүргізу тәртібі» тақырыбында семинар өткізілді

15/06/2016

Ұлан  ауданының  №2 аудандық  сотының төрағасы А.Аринова Медиация кабинетінде «Медиацияны жүргізу тәртібі» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Семинар сабаққа әкімдік, прокуротура, ішкі істер органның қызметкерлері  және ауданның кәсіби емес медиаторы  Ш.Утепов қатысты.

Ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік қамауға алынған

15/06/2016

Бесқарағай аудандық сотында ӘҚБтК 434-бабының 2-бөлігінде (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластау, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіру) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін К. Мұқатаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында, К.Мұқатаев қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде темекі шегіп, қалдығын белгіленбеген жерге тастап, ол ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіргендігі анықталды.

Бесқарағай аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

15/06/2016

Бесқарағай аудандық сотында  «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының қағидаттары. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында сот мамандарының қатысуымен семинар сабағы өткізілді.

Ерлі-зайыптылар медиация тәртібімен татуласты

15/06/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат А.Құрманбаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот  отырысында А.Құрманбаев некедегі әйеліне сыйламаушылық көрсетіп, балағат сөздермен балағаттап, қорлап, тыныштығын бұзғаны анықталды.

Істі қарау барысында  тараптар медиация тәртібінде келісімге келіп,  тараптардың татуласуына байланысты  соттан әкімшілік істі қысқартуды сұраған.

Татуласқандықтан әкімшілік жауапкершіліктен босатылды

15/06/2016

Зырян аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігімен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы құқық бұзушылықты жасаған Т.Досаевқа қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сотта, Т.Досаев өзінің үйінде алкогольдің масаң күйінде, ұрыс-керіс барысында бірге тұратын зайыбына балағат сөйлеп, отбасы-тұрмыстық қатынастағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiп, олардың тыныштығын бұзғандығы анықталды.

Автокөлікті алкогольдік масаң күйінде басқарған

15/06/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық соты автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарған азамат Ч. Амреневқа қатысты әкімшілік істі қарады.

Құқық бұзушы Ч. Амренев. автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйінде жүргізу

15/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық соты азаматтар Р.Гук  және А.Болдыреваға қатысты ҚР ӘҚБтК 608 бабы, 1 бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік істер қаралды.

Істі қарау кезінде Р.Гук және А.Болдырев «В» категориялы көлік басқару құқығына ие бола тұра,  көліктерін алкогольдік масаң күйлерінде жүргізгендігі анықталды.

Көлікті алкоголдік масаң күйде басқарғаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылды

15/06/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік,  есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде  басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік,  есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң  күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік іс қарады.

Сотта,  Д.Нұрсапаровтың алкоголдік масаң күйде көлік жүргізгені анықталды.