Архив событий

08/06/2016

Семей қалалық сотында жаңа судья таныстырылды

08/06/2016

Семей қалалық сотының төрағасы Т.Т.Қасымов ұжымға судья Е.М.Тоқболатовты таныстырды.

Е.М.Тоқболатов  1970 жылдың 2 қазанында Семей облысына қарасты Жаңасемей ауданының Ново-Покровка ауылының тумасы.  

Еңбек жолын Ерлан Мұратұлы 1992 жылы  Барнаул қаласындағы АМУ заң факультетін тәмамдай сала, Семей облысының прокуратура органдарынан бастаған.  

Айта кетерлігі, Е.М.Тоқболатов  сот жүйесінде он бес жылдан артық қызмет атқарып келеді.

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Орындалмаған сот актілері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

08/06/2016

Бүгін Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Орындалмаған сот актілері» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Іс шараға  сот қызметкерлері, Катонқарағай аумақтық сот орындаушылар бөлімінің сот орындаушысы З.Смағұлова, Катонқарағай аудан прокуратурасының прокуроры Т.Даулетханов және  «Арай-Луч» газетінің өкілдері қатысты.

Ар-намысына тиетін сөздермен балағаттағаны үшін айыппұл тағайындалды

08/06/2016

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  кодексінің  434-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін  Б.Қылышевқа қатысты  әкімшілік ісі қаралды.

Сотта, Б.Қылышев  Тарбағатай ауданы Құйған ауылдық округіне қарасты «Мұқаш тамы» күзеулігінде осы күзеуліктің  тұрғыны, азамат Н-ді балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, айналасындағыларға силамаушылық танытып,  жеке адамның және қоғамның тыныштығын бұзғандығы анықталды.   

Жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды

08/06/2016

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің  346 бабы  1 бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі) сотталушы С.-ға қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Он бір әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

08/06/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша он бір әкімшілік іс қаралды.

Істі қарау барысында  жанжал медиация тәртібімен реттеліп, тараптар медиативтік келісімге келді.

ҚР-ның  ӘҚБтК-нің  64-бабына сәйкес тараптардың татуласуына байланысты  он бір әкімшілік  іс  медиация тәртібінде қысқартылды.

Абай аудандық сотында жаңа төраға тағайындалды

08/06/2016

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық сотында жаңа төраға -  Ербол Елібекұлы Әділбековті ұжымға таныстыруға арналған салтанатты жиын өтті.

Іс шараға аудан әкімі Т.Мүсәпірбеков, аудандық құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, соған қоса ауданның басқа да ұйым басшылары қатысты.

Д.Әміров қатысушыларға жаңа тағайындалған төрағаның жеке басының қасиеттері мен өмірбаянын таныстырып, сот саласындағы көп жылдық еңбек өтілімін атап өтті.

Судьяның құрметті демалысқа шығуына орай салтанатты жиын өтті

08/06/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында судья Аманбай Алдияровтың құрметті демалысқа шығуына орай салтанатты жиын  өтті.

Аталған шараға Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.С.Амиров, Семей қаласының әкімі Е.Б.Сәлімов,  Семей қаласының соттарының төрағалары,  сот жүйесінің ардагерлері және Семей қалалық прокуратурасының өкілдері қатысты.

Мамандандырылған медиаторлардың тиімділігі

08/06/2016

ШҚО Катонқарағай аудандық сотымен біртіндеп жүйелі түрде татуластыру келісім институты дамып келеді.

Ағымдағы жылдың маусым айының 7 жұлдызында бір күнде үш азаматтық іс қаралған. Үш іс бойынша сот талқылауы барысында тараптардан дауды кәсіби емес медиатор О.С. Тұрыспаевтың қатысуымен медиация тәртібімен реттеуге қатысты келісімді бекітуге арыздары келіп түскен, жасалған келісімнің шарты бойынша талапкер іс өндірісін қысқартуды сұраған, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап етпеген.

Медиатордың қатысуымен тараптар татуласты

08/06/2016

Тарбағатай аудандық сотында  кәсіби емес медиатор Ж.Маханованың қатысуымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1- бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) азамат Д.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Жеке қаулы – заңдылықтың бұзылуына жол бермеуге ықпал ету шарасы

08/06/2016

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБК-нің 434 бабы, 1-бөлігі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азамат Д.-ны  жауапкершілікке тарту туралы әкімшілік ісін қарау кезінде Үржар АІІБ-не қатысты жеке қаулы шығарылды.

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

08/06/2016

Ұлан ауданының № 2 аудандық соты ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен қарастырылған  Н.Кузьминға қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта Н.Кузьмин өзінің үйінде алкогольдік ішімдік ішкен күйінде әйеліне дөрекі  сөздер айтып, қорлаған, яғни отбасының тыныштығын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынаста бірге тұратын адамдарға сыйламаушылық танытып, олардың тыныштығын бұзатын  әрекеттер жасағандығы анықталды.

Көлік құралын басқару құқығынан айрылды

08/06/2016

Жарма аудандық сотында ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беруі) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған Р.А.Озбақановқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында, Р.А.Озбақанов алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарып, Алматы- Өскемен тас жолында орта дәрежедегі масаң күйде болғаны анықталған.

Некені бұзу туралы іс медиация тәртібімен қысқартылды

08/06/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық соты азаматша  А-ның азамат К-ға неке бұзу туралы  талап қою арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Істі қарау барысында тараптар ҚР АПК-нің 179-180 баптарына сай дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді бекіту жөнінде  өтініш ұсынды.

Келісім бойынша, тараптар отбасыны сақтап қалуға шешті.

Тараптардың медиация тәртібінде келісімге келулеріне байланысты, медиация тәртібімен реттеу туралы ұйғарым шығарылды.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

08/06/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 190 бабының 2 бөлігінің 2) тармағымен алаяқтық, яғни бірнеше рет сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену түріндегі қылмысты жасаған деген айыппен Г. Милихановқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Аталмыш іс бойынша сот отырысында тараптарға істі медиация тәртібінде қысқарту мүмкіндігі түсіндірілгеннен кейін, жәбірленушілер мен сотталушы медиаторға жүгіну үшін соттан уақыт беруді сұрады.

«Медиатор отбасын сақтап қалды»

08/06/2016

Катонқарағай аудандық сотымен некені бұзу туралы азаматтық істі қарады.

Сотта істі қарау кезінде, кәсіби емес медиатор  қатыстыру арқылы дауларды реттеудің балама технологиясы ретінде медиация қолданылды, кәсіби емес медиатордың көмегі арқылы ерлі-зайыптылар татуласып,  арадағы  дауды реттеу туралы келісім бекіту жайлы арыз ұсынды. 

Сот қаулысымен әкімшілік іс өндірісі тараптардың бітімгершілікке келуіне және медиативтік келісімге келуіне байланысты  қысқартылды.

Сот ақтау үкімін шығарды

08/06/2016

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің  108 бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) жеке айыптау бойынша азамат Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Азамат Н. жеке айыптаушы С.-ның шағымымен оның тұрғын үйіне барып, ұрып-соғып жеңіл дене жарақатын түсірді деп айыптады.

Айыпталушы Н. сотта өзіне тағылған айыпты мойындамай, сол күні өзінің үйінде болғанын, ешқайда шықпағанын, оны бекітетін куәлары бар екенін, айыптаушының жала жауып отырғанын, өзін ақтауды сұрады.

Өскемен қалалық сотында «Неке және отбасы дауларын қарау барысында туындайтын сұрақтар» тақырыбында семинар өтті

08/06/2016

Өскемен қалалық сотында «Неке және отбасы дауларын қарау барысында туындайтын сұрақтар» тақырыбында семинар  өтті. Бұл іс-шараға сот судьялары қатысты.

Семинар жұмысы барысында сот тәжірибесінен мысалдар келтірілді, азаматтық істерді қарау кезінде туындайтын мәселелерді нақтылады.

Семинарда судья А.Володкина неке және мүлікті бөлу дауларында тараптардың құқықтарын қорғаудың бірнеше тәсілдерін қарастыратындығын, оның бірі - бітімгершілік келісіммен дауды шешу екенін айтты.

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды

08/06/2016

Бесқарағай аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабы, 1-бөлігімен  (процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк)) әкімшілік іс қаралды.

Жол-көлік оқиғасы жерін тастап кеткені үшін жазаланды

08/06/2016

Зырян аудандық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 611- бабы, 2-бөлігімен келіп түскен әкімшілік ісі қаралды.

Сотта,  Коротков Ю.С. Зырян қаласындағы Солнечная  көшесінің 13 үйге қарама қарсы, «Газ 2705» маркалы автокөлікті басқарып келе жатып, Ваз 21093 маркалы автокөлікпен соқтығысқа жол беріп, жол-көлік  оқиғасы жерін тастап кеткендігі анықталды.

Жарма ауданының №2 аудандық сотына жаңа төраға тағайындалды

08/06/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.С. Әміров  Қазақстан Республикасының Президентінің 31 мамыр 2016 жылы шыққан №271  жарлығымен Жарма ауданының №2 аудандық сотына  төраға болып тағайындалған Әділжанов Тлеухан Советханұлын  таныстырып Шар қаласының әкімі, полиция бөлімінің бастығы  және  мекеме басшыларының қатысуымен жиналыс өткізді.

Таныстыру барысында облыстық сотының төрағасы Д.С.Әміров  қысқаша жаңа тағайындалған төрағаның өмірбаянымен таныстырды.

Жолдан шығып кеткені үшін айыппұл салынды

08/06/2016

Зырян аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабы 1-бөлігімен келіп түскен әкімшілік істі қарады.

Сотта, азамат Инсенов Н.М. технологиялық жолында автокөлікті басқарып келе жатып, жолдан  шығып кеткендігі анықталды. Нәтижесінде көлік иесі «Казцинк транс» ЖШС-не материалдық залал келтірілген

Жауапкер сотқа алкогольдік масаң күйінде келгені үшін ескерту жасалды

08/06/2016

Семей қалалық сотында некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысына жауапкер Т.Момбаев алкогольдік масаң күйінде келеді.

Ол өз әрекетімен сотқа құрметсіздік танытқандықтан, істі қараған судья оның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 653 бабының 1 бөлігімен қарастырылған құқық бұзушылықты жасағаны үшін, оған ескерту түрінде әкімшілік  шара қолданды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

 

Семей қалалық сотының