Архив событий

03/06/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Салық салу саласындағы сот актілерін орындау мәселелері» тақырыбында ведомствоаралық кеңес өткізілді

03/06/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы С.Ибраев «Салық салу саласындағы сот актілерін орындау мәселелері» тақырыбында кезекті ведомствоаралық кеңес өткізді.

Шараға Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары және Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары С.Қабыш, Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өндіріп алу бөлімінің басшысы Л. Бейбишева және аталған басқарманың заң бөлімінің басшысы М.Жангурчинова қатысты.

Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

03/06/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат А.Ангылбаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот  отырысында А.Ангылбаев некедегі әйеліне сыйламаушылық көрсетіп, балағат сөздермен қорлап,  тыныштығын бұзғаны анықталды.

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының медиация кабинетінде кәсіби емес медиаторлармен семинар тренинг өткізілді

03/06/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының судьясы С. Жүніспекова медиация кабинетінде, медиаторлардың қызметтік біліктілігін арттыру мақсатында Теректі ауылдық округінің кәсіби емес медиаторларымен қатысуларымен семинар-тренинг өткізді.

«Сотты құрметтемеу кезіндегі жауапкершілік шаралары» тақырыбында семинар сабағы өтті

03/06/2016

Өскемен қалалық  сотында «Сотты құрметтемеу кезіндегі жауапкершілік шаралары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағында  Өскемен қалалық сотынң  судьясы А.Абжанов баяндама жасады. Семинар сабағы соттың судьяларының қатысуымен өтті.

Риддер қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық станцияның қызметкерлерімен семинар сабақ өткізілді

03/06/2016

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Г. Оспанова СЭС-ның қызметкерлерінің қатысуымен «ӘҚБтК-дегі санитарно-эпидемиологияқ саладағы заңнамалардың тәртібін, тазалық нормативтерін бұзуға және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыру және сотқа жолдау мерзімдерін сақтауға байланысты өзгерістер» атты тақырыпта семинар сабақ өткізілді.

Семей қаласы № 2 сотында дәріс өткізілді

03/06/2016

Семей қаласының №2 сотында «Шығыс Қазақстан облыстық дін  мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік мекемесінің өкілдері О.А.Гайко, орталықтың психологы Ж.К.Кунафинамен және Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы А.С.Садырбаевпен  «Радикалды діни ағымдардың идеологиясы және ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатерлері» тақырыбына дәріс өткізілді.

Аталған дәріс Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терротризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру  мақсатында өткізілді.

Үржар ауданы№2 аудандық сотында «Заңды күшіне енген сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

03/06/2016

Үржар ауданы№2 аудандық сотында   «Заңды күшіне енген сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына сот мамандары, Үржар аудандық прокурорының көмекшісі А.Есенов, Мақаншы аумақтық сот орындаушылар бөлімінің басшысы Е.Оразалиев қатысты.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйлерінде жүргізген

03/06/2016

Глубокое аудандық сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы, 1-бабы бойынша (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны) Е.С. Власовқа, А.В. Хохловқа қатысты әкімшілік істер қаралды.

Глубокое ауданының Винное ауылында Е.С. Власов түңгі уақытта орта дәрежелі алкогольды масаң күйінде  өзінің меншікті автокөлігін басқарып жолда жүру ережесін өрескел бұзған.

Төрт әкімшілік істер бойынша сот медиация тәртібінде келісім бекітті

03/06/2016

Глубокое аудандық сотында ӘҚБтК 73бабы, 1-бабы бойынша (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) азаматтар А.В. Шуставқа, И.В. Поповқа, А.В. Сидоровқа, А.Н. Шершневке қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.

Сот мәжілісінде барлық жақтар медиация тәртібінде келісім жасап оларды бекітуді сұрады.

Жүргізілген сот медиациясының нәтижесінде әкімшілік істерді қараған судьялар дауды медиация тәртібінде реттеу  туралы келісімді бекітіп, істерді өндірістен қысқартты.

Көлікті алкогольдік масаң күйінде жүргізгені үшін көлік жүргізу куәлігінен айырылды

03/06/2016

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен, яғни жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру туралы азамат И. Золотаревқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қарама-қарсы жақтығы көлікке арналған жолмен қозғалғаны үшін жауапкершілікке тартылды

03/06/2016

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 596-бабы, 3-бөлігі (егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) бойынша, азамат Ф.Кабдрахмановқа қатысты әкімшілік құқық бұзу туралы ісі қаралды.

Сотта азамат Ф.Кабдрахманов Өскемен қаласы Виноградов көшесінде  автокөлік басқара отырып, қарама-қарсы жақтығы көлікке арналған жол жағына шығып сол жолмен қозғалғаны анықталды.

Жарма аудандық сотында азаматтық іс қаралды

03/06/2016

Жарма аудандық сотында некені бұзу жайлы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер М. зайыбымен ерлі-зайыптық қатынасының шырқы бұзылғанын ескеріп, сотқа  арасындағы некені бұзу жайлы  талап арызымен жүгінген. Талап арызында ерлі-зайыптылар мінездері сәйкес келмегендіктен бөлек тұрғанын, ортақ некеден екі балалары бар екенін көрсеткен. Сот отырысында тараптар дауды медиация арқылы шешу жөнінде ниет білдірді.

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында семинар сабақ өткізілді

03/06/2016

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Г. Оспанова кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекциясының қызметкерлерінің қатысуымен «ӘҚБтК-нің 54 бабына енгізілген өзгерістер мен кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері» атты тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Сабақ барысында, ӘҚБтК-тің 54 бабына енгізілген өзгерістер, әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істерді қарау кезінде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне қатысты мәселелер талқыланды.

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

03/06/2016

Ұлан ауданының № 2 аудандық соты ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) қарастырылған  А.Тропинге қатысты әкімшілік істі қарады.

«Медиация туралы» Заңды насихаттау

03/06/2016

Үржар аудандық сотының  төрағасы  Үржар ауданы Әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық – заң бөлімінің қызметкерімен бірге «Медиация туралы» Заңды насихаттау мақсатында Үржар ауданының  Науалы және Елтай ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Аталған шарада ауылдық округтердің мамандары, ақсақалдар кеңесінің мүшелері және ауыл тұрғындары қатысты.

«Медиация туралы» Заңды қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

03/06/2016

Үржар аудандық сотының  төрағасы  Үржар ауданы Әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық – заң бөлімінің қызметкерімен бірге Үржар ауданының  Көлденең ауылдық округінде «Медиация туралы» Заңды насихаттау мақсатында «дөңгелек үстел» өткізді.

 Аталған шараға ауылдық округ кәсіби емес медиаторлары, заңгерлік көмек көрсететін жеке кәсіпкерлер және нотариус қатысты.

Алкогольдік масаң күйдегі жүргізуші қамаққа алынды

03/06/2016

Күршім аудандық соты  көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, алкогольдік масаң күйінде көлік басқарған азамат С.Н.  әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Медициналық куәландыру қорытындысына сай  құқықбұзушыда алкогольдік масаю күйі анықталған.

Көкпекті ауданының ӘПБ анықтамасына сәйкес, аталмыш азамат С.Н.  көлік құралын басқару құқығын беретін куәлік алмаған.

Жол көлік оқиғасына қатысты азаматтық іс қаралды

03/06/2016

Күршім аудандық сотында жол көлік оқиғасы салдарынан келген материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық  іс қаралды.

Сот мәжілісінде жауапкер алкогольдік масаң күйінде көлік басқарып, жол көлік оқиғасын жасағандығы анықталды. Жол көлік оқиғасының салдарынан талапкердің автокөлігіне механикалық ақаулар келтіріліп, 722 940 теңге материалдық шығын келтірген.  

Сот тараптарды тыңдап, іс материалдарын зерттеп, талап арызды толық қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.