Архив событий

29/06/2016

Глубокое аудандық сотының судьясы «Қазақстан Республикасында медиацияны дамыту» тақырыбында өткен семинар тренингке қатысты

29/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық сотының судьясы А.Касенова  «Қоғамдық бірлестік орталығы-достық үйі» МҚМ-де Қазақстан Республикасында медиацияны дамыту» тақырыбында өткен семинар тренингке қатысты.

Өткізілген шараға қоғамдық келісім кеңесінің өкілдері, аналар кеңесінің, жастар одағының, «Шаңырақ» медиация орталығының өкілдері қатысты.

ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Достық үйінде семинар-тренинг өткізді

29/06/2016

ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Г.Боранбаева Достық үйіндегі Медиация кабинетінде семинар-тренинг өткізді.

Зайсан ауданы әкімдігінде ашылған медиация кабинетінде «Бітімгершілік ұлы елдің ұстанымы» тақырыбына дөңгелек үстел өтті

29/06/2016

Аталған шараға Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев  Зайсан ауданы әкімінің м.а. М.Сапарғалиева, аудан әкімінің жанында құрылған қоғамдық кеңестің төрағасы Ш.Оралбаев, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Т.Мырзахан, аппарат басшысы С.Андырбаев, аудан әкімі аппаратының заңгері Ұ.Мейрамбекұлы, ішкі саясат бөлімінің басшысы З.Дүйсенбаева, «Достық» редакциясының бас редакторы А.Бөлдекбаева қатысты.

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мамандары көшпелі семинар өткізді

29/06/2016

«Сот кабинеті» - сот жүйесінің сервисіне электронды түрде кіруге арналған бірыңғай терезе болып табылады. Бұл жүйе арқылы азаматтар кез келген өзіне ыңғайлы жерден интернет желісі арқылы сотқа апелляциялық шағым, сот актілерін қайта қарау туралы өтініштерін электронды құжат түрінде бере алады.

Жаңа технологияларды белсенді қолдану мақсатында, ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мамандарымен Адвокаттар алқасында «Сот кабинеті» электрондық жүйесін қолдану бойынша көшпелі семинар  өткізілді.

Ерлі-зайыптыларды медиатор татуластырды

29/06/2016

Зырян ауданының №2 аудандық соты ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен   (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса,) П.Варгановқа  қатысты әкімшілік істі қарады.

Татуласу рәсімдері аясында меморандумға қол қойды

29/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасының міндетін атқарушы тұлғасында Г.Боранбаевамен Өскемен қаласының әкімі Е.Аймұқашев, Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі А.Нұрғазиев, Өскемен қаласының прокуроры Е.Шыныбаев, Өскемен қаласының Ішкі Істер басқармасының басшысы А.Уалиев, Өскемен қаласының білім беру басқармасының меңгерушісі М.Ахметова, Шығыс Қазақстан облыстық қорғаушылар алқасының төрағасы Б.Ахметжанова, МҚҰ өкілеттігі «Медиаторлардың Ұлттық палат

Зырян ауданының №2 аудандық сотында «Сот приставтары туралы» ҚР Заңын зерделеу» тақырыбында семинар өткізілді

29/06/2016

Зырян ауданының №2 аудандық сотында «Сот приставтары туралы» ҚР Заңын зерделеу» тақырыбымен семинар өтті.

Сот приставы А.Абылғазынов осы Заңға сәйкес сот жасауылы өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде ішкі істер органдарының қызметкерлерінен жәрдем сұрауға құқылы екендігін  айтып өтті. Олардың өзара іс-қимылдары құқық қорғау органдардың басшыларымен бекітілген заңнамалық актілерімен қарастырылады.

Сот процесінде дыбыс-бейне жазба құралдарын қолдану

29/06/2016

Зырян ауданының №2 аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сот процесінде дыбыс-бейне жазба құралдарын қолдану» тақырыбында семинар өткізілді.  

Семинар өткізу барысында бас маман - сот мәжілісінің хатшысы А.Туарбаева баяндамасында сот отырысында дыбыс-бейне жазбасын қолдану тәсілін толық түсіндіріп айтып берді. Сонымен қатар, барлық азаматтық және қылмыстық істер  бойынша сот отырысында дыбыс-бейне  жазба қолдану міндетті түрде енгізілген.

Сот шешімін орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды

29/06/2016

Зырян ауданының №2 аудандық соты  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 669-бабы (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша А. Андреевка  қатысты істі қарады.

Сот мәжілісінде, 2005 жылдың 20 желтоқсан шығарылған сот бұйрығы негізінде А.Андреев барлық табысының 1/3 бөлігінде алимент өндірілген, алимент бойынша қарызы 2 037 545 теңгені құраған, алайда осы күнге дейін борышкер А.Андреев алимент бойынша сот актісін орындамаған анықталғаны.

Жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші әкімшілік жазаға тартылды

29/06/2016

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабы 1-бөлігі (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) бойынша М.Нугиевке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған азамат қылмыстық жазаға тартылды

29/06/2016

Тарбағатай аудандық соты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346 бабы 1 бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотталушы М.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта, азамат М. 2014 жылы алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқарғаны үшін көлік жүргізу құқығынан үш жылға айырылғаны, 2016 жылдың 20 маусымында әкімшілік жаза мерзімі аяқталмай жатып қайталап көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды.

Бородулиха аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

29/06/2016

Бородулиха аудандық соты татуластыру  рәсімдерін тиімді қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастырып келеді.

Бородулиха аудандық сотының судьясы К.Раимбеков «Медиацияны атқарушы өндірісте қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіп, оған мемлекеттік сот орындаушы А.Шалғымбаев, жеке сот орындаушы К.Унербаев қатысты.

Сотта татуласты

29/06/2016

Глубокое аудандық сотымен азамат М.Бақтожаровқа  қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабы 1-бөлігі (Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Мекен-жайы бойынша тұрмағаны үшін айыппұлға тартылды

29/06/2016

Глубокое аудандық соты азаматша Л.Беляева  ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабы 2-бөлігімен (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның тіркеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген күнтізбелік бес күн өткеннен кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы)  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы әкімшілік іс қаралды.

Автокөлікті алкогольдік масаң күйінде басқарған үшін 20 тәулік әкімшілік қамаққа алынды

29/06/2016

Көкпекті аудандық сотында   ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6 бөлігімен  А.Көңілбаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сай,  А.Көңілбаев 2 қазанда Көкпекты ауылында көлік құралын басқару құқығынсыз автокөлігін алкогольдік масаң күйінде басқарған.

 Сот А.Көңілбаевты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен қарастырылған құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған осы баб бойынша 20  тәулікке әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жазасын тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енді.

Ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік қамауға алынған

29/06/2016

Бесқарағай аудандық сотында ӘҚБтК 434-бабының 2-бөлігінде (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластау, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіру) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Ф.Харитоновқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, Ф.Харитонов қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде темекі шегіп, қалдығын белгіленбеген жерге тастап, ол ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдірген.

Қылмыстық іс медиациялық келісім-шарт жасау арқылы қысқартылды

29/06/2016

Зайсан аудандық сотында 20.06.2016 жылы абысыны А.Нұрағалиеваны  ұрып-соғып, жеңіл дене жарақатын түсірген азаматша А.Сапарованы ҚР ҚК-нің 108-бабы бойынша жекеше айыптау туралы қылмыстық ісі қаралды.

Сот  отырысында жарияланған арызға сәйкес А.Нұрғалиева жекеше айыптаудан медиациялық келісім шарт негізінде бас тартқан, ал А.Сапарова  онымен келіскен.

Кәсіпқой емес медиатор К.Чекенов жекеше айыптаушы мен сотталушы арасында жасалған медиациялық келісім шартты ұсынды.

2016 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

29/06/2016

Өскемен қаласының №2 сотының төрағасы Г.Әділбаевамен 2016 жылдың 5 ай қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді.

Іс шараға «Мой город» газетінің тілшісі Р.Кудинов қатысты.

Баспасөз конференция барысында сот төрағасы сотпен қаралған істер бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталды.

Сот денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін қамауда ұстау бұлтартпау шарасын санкциялады

29/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық соты тергеушінің А.Денисовке қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасын  санкциялау туралы ұсыныс хатын қарады.

Психиатр дәрігерінің есебінде тұрған күдікті жұбайы екеуінің арасында болған жан-жалдың кезінде өзінің жұбайына пышақ алып, денесіне соққылар жасаған. Алған жарақаттарының салдарынан күдіктінің жұбайы ауруханаға түскен.

Күршім ауданының №2 аудандық сотында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" тақырыбында семинар өтті

29/06/2016

Күршім ауданының №2 аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Г.Шакирова және сот мамандары қатысты.

Семинар барысында Г. Шакированың баяндамасы тыңдалып, 2015 жылдың 8 қарашасында қабылданған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының нормалары талқыланды.

Тілшілерді құттықтады

29/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық соты «Огни Прииртышья» аудандық газетінің ұжымын байланыс және ақпарат саласының қызметкерлері Күнімен құттықтады.

Глубокое аудандық сотының төрағасының м.а. Б.Амиров «Огни Прииртышья» газеті редакциясы қызметкерлерімен бірлесіп жемісті жұмыс атқарғандары үшін алғысын білдірді. Бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа жетістіктерге жетіп,  сәттіліктер тіледі.

Жарма аудандық сотында «Сот кабинеті» электрондық сервисі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

29/06/2016

Жарма аудандық сотында «Сот кабинеті» электрондық сервисі» жөнінде дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстел жұмысында Жарма аудандық  Ішкі істер бөлімінің тергеушісі Е.Телжанов, аудан прокуратуратурасының өкілі К.Джунусов және соттың мемлекеттік қызметкерлері қатысты.

Бөтеннің мүлкін жымқырғаны үшін сотталды

29/06/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-нің 191 бабы 2 бөлігі 1 тармағымен (тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру, жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолдану) қарастырылған   А.Загаринге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот үкімімен адам өлтіргені үшін сотталды

29/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-тің  99-бабы 1-бөлігі (адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) бойынша айыпталған В.Мазницынға қатысты қылмыстық іс қаралды.

В.Мазницын бұрынғы танысы Л.Қаратаеваның үйіне қарызға ішімдік алуға келген. Оның өтінішінен жәбірленуші бас тартқандықтан, соңғысы пышақпен жәбірленушінің кеуде тұсынан бір рет соққы жасаған. Алған жарақатының салдарынан Л.Қаратаева сол жерде қайтыс болған.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисіндегі жаңашылдықтар» тақырыбына семинар өткізілді

29/06/2016

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында  «Сот кабинеті» сервисіндегі жаңашылдықтар» тақырыбына семинар өткізілді.

Іс шараға  Катонқарағай ауылының мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін сотталды

29/06/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін сотқа берілген С.Шабашовқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта әсті қарау барысында, С.Шабашов саяжай участкесінде өзінің таныстары Т. және А.-мен спирттік ішімдіктер ішкендігі, спирттік ішімдіктер ішу барысында С.Шабашовпен танысы Т.-ның арасында болған жан-жал кезінде С.Шабашов жәбірленушіге балтамен бір рет соққы жасағаны анықталды.Келтірілген дене жарақаты сараптама қортындысымен  денсаулыққа ауыр зиян келтірілген деп дәрежеленді. 

Көлік құралын басқару құқығынан айырылды

29/06/2016

Зырян ауданының №2 аудандық сотымен  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608 бабы 3 бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша В.Исаенкоға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта істі қарау барысында құқық бұзушының алкогольдік масаң күйінде жол көлік оқиғасын жасағаны анықталды. Нәтижесінде жәбірленушінің көлік құралы зақымданып,  материалдық залал келтірілген.

Сотта татуласты

29/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен  ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен (Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) С.Марчукке, Л.Долгопятоваға  қатысты әкімшілік істер қаралды.

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің жаңашылдықтары тақырыбында семинар өтті

29/06/2016

Бородулиха аудандық соты кеңсесінің меңгерушісі Ә.Әкімбаева мемлекеттік мекемелер арасында «Сот кабинеті» қызметіндегі кейбір өзгерістер мен жаңашылдықтарды түсіндіру бойынша семинар өткізді.

Аталған семинарға жергілікті мемлекеттік мекемелердің, атап айтқанда Бородулиха АІІБ-нің, Прокуратураның, Мемлекеттік кірістер басқармасының, Аумақтық сот орындаушылар бөлімінің, Аудандық орталық аурухананың өкілдері қатысты.

Өскемен қаласының №2 сотында жас судьялардың отставкадағы судьялармен кездесуі өткізілді

29/06/2016

Өскемен қаласының №2 сотының төрағасы Г.Әділбаева сот төрелігін жүзеге асыру барысында адамгершілік қағидаларын, заңдылықты бұлжытпау сақтауға  тәрбиелеу мақсатында отсавкадағы судьялар В.Кизамединовпен және А.Әмірғалиевпен кездесу ұйымдастырды.

Аталған іс шараға 3 жылға дейін еңбек өтілдері бар, Өскемен қаласының №2 сотының судьялары Д.Қожахметов, Қ.Салбанова, Э.Мұқаев, Г.Қайролдина қатысты.

Азаматтық іс медиациялық келісім негізінде қысқартылды

29/06/2016

Зайсан аудандық сотында қарыз ақша өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында тараптар дауды өзара медиация тәртібінде реттеу туралы келісімін жасау туралы арыз түсіріп, оны сотпен бекітуді сұраған. Келісімге сай, жауапкер 50 000 теңге қарызын қайтаруға міндеттелді. Сонымен қоса, 500 теңге көлемінде төленген баж алымы бюджеттен қайтарылды.

Тараптар медиация тәртібінде істі қысқартуды сұраған.Сот ұйғарымымен іс медиациялық рәсім тәртібінде тараптардың татуласуына байланысты қысқарды.

Қытай Халық Республикасының азаматы ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы тиым салынған затты контрабандылық жолмен алып өткені үшін сотталды

29/06/2016

Зайсан аудандық сотында ҚР ҚК-нің 286-бабының 1-бөлігімен   ықтиярхат негізінде Қазақстанда тұрып жатқан Қытай Халық Республикасының азаматы К.Дәулетке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Зайсан ауданында өз-ара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

29/06/2016

Зайсан аудандық әкімшілігінің мәжіліс залында Зайсан ауданы әкімі Т.Қасымжанов пен Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев сотқа дейінгі және соттан тыс дауларды реттеу институттары бойынша өз-ара іс-қимылды жан-жақты дамыту және белсенді жүзеге асыруға, соның ішінде «Медиация туралы» заңы толыққанды жұмыс істеуі  үшін татуласу рәсімдері институтын дамыту бойынша өз-ара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін сотталды

29/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха аудандық соты ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігінде қарастырылған (есірткі затын сату мақсатынсыз заңсыз сақтау) қылмыстық теріс қылық жасаған азамат А-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот отырысы барысында азамат А-ның өз үйінің ауласында өзі пайдалану үшін жабайы қара сораның жапырағын заңсыз жинағаны анықталды. Ол оны кептіріп, ұсақтап, гашиш наша затын алған. Бұл туралы құпия көздерден ақпарат алған Бородулиха АІІБ жедел уәкілі тінту жүргізген. Соның барысында наша заты табылып, тәркіленген.

Сот жеке қаулы шығарды

29/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха аудандық соты ӘҚтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде қарастырылған (отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған заңсыз әрекеттер) азамат Т.Танировқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Алкогольдік өнімді өткізу жөніндегі заң талаптарын бұзғандығы үшін жауапкершілікке тартылды

29/06/2016

Үржар ауданы№2 аудандык сотында Г Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 200-бабының 3-бөлігі бойынша Г.Жетібаеваға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Г.Жетібаева 1995 жылы туылған, яғни 21 жасқа толмаған адамға  алкоголь өнімін сатқан, яғни Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 200-бабының 3-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында ««Сот кабинеті» электрондық сервисі» тақырыбында семинар өткізілді

29/06/2016

Күршім ауданының №2 аудандық сотының қызметкерлері Теректі ауылында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, «Сот кабинеті» элетрондық сервисі жұмысымен халықты таныстыру және қызмет көрсету мәселелері бойынша семинар сабағын өткізді.

Өскемен қаласының №2 сотында «Сотта қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ғимаратты терроризмге қарсы қорғау» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді

29/06/2016

Өскемен қаласының №2 сотында соттың судьялары және соттың кеңсе  мамандары арасында «Сотта қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ғимаратты  терроризмге қарсы қорғау» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді.

Аталған іс шараға сот төрағасы Г.Әділбаева, «ҚР ІІМ ШҚО МКҚБҚ» ММ  полиция қызметінің ұйымдастыру бөлімінің басшысының м.а. полиция майоры Г.Солтанбаева, ШҚО ТЖД-нің офицері капитан А.Байжұманов, ШҚО ТЖД бас маманы И.Козыбова, Шығыс Қазақстан облыстық сотының ішкі қауіпсіздік қызметінің бас маманы В.Волынец қатысты. 

Үржар аудандық сотында «Медиация заңын қолдану» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

29/06/2016

Үржар аудандық сотымен «Медиация заңын қолдану»  тақырыбына  дөңгелек үстел өткізілді.Дөңгелек үстел жұмысына аудандық прокуратура өкілдері, адвокаттар, аудандық әділет басқармасы мен кәсіби емес медиаторлар  қатысты.