Үржар аудандық сотында «Медиация заңын қолдану» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Үржар аудандық сотымен «Медиация заңын қолдану»  тақырыбына  дөңгелек үстел өткізілді.Дөңгелек үстел жұмысына аудандық прокуратура өкілдері, адвокаттар, аудандық әділет басқармасы мен кәсіби емес медиаторлар  қатысты.

Төрағалық етуші Д.Серікбай дөңгелек үстелді аша отырып,  «Медиация туралы» зыңның тәжірибеде қолданылуына  қазіргі кезде ерекше мән  беріле бастағанын, осы бағытта түсіндіру жұмыстары аясында сотпен  аудан әкімі аппаратының өкілдерімен бірге халықпен кездесулер және дөңгелек үстелдер өткізілетіндігін атап өтті. Сонымен қатар, медиативтік келісім жасау арқылы аяқталған қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істердің саны артқандығы аталды. 

Дөңгелек үстел барысында аудан әкімі аппараты өкілінің және кәсіби емес медиаторлардың баяндамалары  тыңдалып, соңынан қатысушылар пікір алмасып, «Медиация туралы» Заңды қолдану біздің мемлекетімізде  оң нәтижесін беріп жатқандығы атап өтілді.

 

Үржар аудандық сотының

баспасөз қызметі