Архив событий

14/06/2016

Өскемен қаласының №2 сотында дөңгелек үстел өткізілді

14/06/2016

Өскемен қаласының №2 сотының төрағасы Г.Әділбаева  «Қылмыстық сот өндірісінде сот актілерін орындау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс шараның мақсаты – сот актілерінің орындалмауының себебін тауып, орындалуын жеделдету.

Дауды медиация тәртібіде реттеу арқылы ерлі-зайыптылар отбасыларын сақтап қалды

14/06/2016

Глубокое аудандық сотымен 2016 жылдың 6-10 маусым аралығында  неке бұзу туралы 6 азаматтық іс қаралып, 3 отбасы медиация тәртібі арқылы татуласты.

Сотта істі қарау барысында, тараптардан дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді бекіту жөнінде өтініш ұсынылды. Келісім бойынша, тараптар отбасын сақтап қалуға келіскен.

 Сот өндірісі тараптардың медиативтік келісімге келуіне байланысты  қысқартылып, төленген мемлекеттік баж толығымен талапкерлерге қайтарылды.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Медиация – татуласудың оңай жолы » тақырыбына тренинг өткізілді

14/06/2016

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Медиация – татуласудың оңай жолы» тақырыбында тренинг өткізілді

Тренингке Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотының судьясы Г.Күдербаева, мектеп мұғалімдері мен оқушылары  және аудандық «Арай-Луч» газетінің өкілдері қатысты.

Тренингті өткізу мақсаты – медиация  тәртібімен таныстыру.

Зайсан ауданы «Айнабұлақ ауылдық әкімдігі» ММ –де «Медиация кабинеті» ашылды

14/06/2016

Зайсан ауданы «Айнабұлақ ауылдық  әкімдігі»  ММ-де салтанатты түрде «Медиация кабинетінің» ашылу рәсімі болып өтті.

Салтанатты шараға Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Н.Мергембаев кәсіби емес медиаторлар Қ.Адиев, Д.Саспаев Айнабұлақ ауылдық әкімі  М.Көшербаев және ауыл  ақсақалдары  қатысты

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Н.Мергембаев өз сөзінде, Заң үстемдігі принципін іске асырудың басым бағыттарының бірі болып табылатын татуластыру процедураларын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Сотқа құрметтемеушілік танытқаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

14/06/2016

Зырян аудандық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653 бабы 1 бөлігімен (процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк)) әкімшілік іс қаралды.

Автокөлікті заңсыз иемденіп алу

14/06/2016

Семей қаласының № 2 соты ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен (автомобильді жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша азамат Р.Бакубаевқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта, Р.Бакубаев жәбірленуші азамат Р-ның жөндеу жұмыстарына қалтырған көлігін ұрлап алу мақсатынсыз, рұқсатсыз айдап әкеткендігі анықталды. Р.Бакубаев көлікпен қалаға шығып, жол-көлік оқиғасына түсіп, автокөлікке 226 881 теңге көлемінде материалдық зиян келтірілген.

«Медиация туралы» Заңының талаптарын халыққа түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

14/06/2016

ШҚО Көкпекті аудандық соты Көкжайық ауылдық округінің әкімшілігі ғимаратының медиация кабинетінде «Медиация туралы» Заңының талаптарын халыққа түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Ұрлау мақсатынсыз көлік құралын айдап әкету

14/06/2016

ШҚО Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 200бабы 3 бөлігімен (ұрлау мақсатынсыз үлкен залал келтіре отырып көлік құралын айдап әкету) Б.Каденовқа қатысты айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты тақырыбында конференция өткізілді

14/06/2016

Күршім ауданының №2 аудандық сотының ұйымдастыруымен «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты тақырыбында конференция өткізілді.

Конференцияға  қазақ тілінің мұғалімдері мен тіл саласының мамандары қатысты.

Өскемен қалалық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

14/06/2016

Өскемен қалалық  сотында «Ашық есік күні» шарасы өткізілді. Сот төрағасы Б. Тайтөлеуов заң төңірегінде туындаған мәселелерінің шешімін іздеген қала тұрғындарын қабылдап, сұрақтарына жауап берді.

Шара шеңберінде туындаған мәселелерімен мүлікті ресімдеу барысында құжаттарды заңдастыруда сұрақтарымен азамат жүгінді.

Сот төрағасы қалыптасқан жағдайларын шешіп беру үшін заңнамадағы талаптарға сәйкес дұрыс бағытты көрсетіп берді.

Өскемен қалалық сотымен 2016 жылдың 5 айының жұмысы қорытындыланды

14/06/2016

Бүгін Өскемен қалалық сотында  2016 жылдың 5 айлық жұмыс қорытындысы   бойынша  жедел кеңес  өткізілді.

Осы жылдың  5 айында  сотпен 8014 азаматтық іс аяқталған, оның ішінде шешім шығарумен 4683 іс, тараптардың бітімгершілікке келуіне байланысты 29 іс, медиациялық рәсім бекітумен 323 іс  аяқталған.

Сотпен жаңа технологиялардың енгізілуі бойынша, «Сот кабинеті», БЖЭҚА, СМС хабарландыруларды қолдану, сондай- ақ сот отырыстарының дыбыс-бейне қондырғыларын пайдалану арқылы арқылы тұрақты түрде жұмыстар атқарылуда.

Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік қамауға алынды

14/06/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сот актісін орындамау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды.

 Өскемен қалалық №2 сотының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы қаулысына сәйкес И.Минеевқа бірқатар міндеттемелер жүктелген. Нақтырақ айтқанда,  И.Минеевқа  ішкі істер органымен белгіленген уақытта  тұрғылықты мекен-жайынан кетпеуге, ішкі істер органдарын жазбаша түрде хабардар етпестен тұрғылықты мекен-жайын ауыстыруға тыйым салынған болатын, алайда, ол аталған сот актісін орындамған.

Сот шешімін орындамағаны үшін қамаққа алынды

14/06/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты қатысты  Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК 669-бабы (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша Ф.Қайырбаеваға қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта Ф.Қайырбаеваның  1 215 000 теңге қарыз ақша төлеуге міндетті бола тұра, осы уақытқа дейін сот шешімін орындамағаны анықталды. 

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында семинар өтті

14/06/2016

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасымен судьялардың қатысумен  «Қазақстандағы бала асырап алудың құқықтық аспектілері» атты тақырыбында семинар өткізілді.

ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы «Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істер бойынша медиация» тақырыбында семинар өткізді

14/06/2016

ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Г.Боранбаева Достық үйі-қоғамдық келісім орталығындағы медиация кабинетінде «Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істер бойынша медиация» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Анасына сыйламаушылық көрсеткені үшін қамаққа алынды

14/06/2016

Зырян аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігімен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы құқық бұзушылықты жасаған Д.Левченковқа қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сотта, Д.Левченков өзінің үйінде алкогольдің масаң күйінде, ұрыс-керіс барысында бірге тұратын анасына балағат сөйлеп, отбасы-тұрмыстық қатынастағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiп, олардың тыныштығын бұзғандығы анықталды.

Зайсан аудандық сотының төрағасы халықпен кездесіп, «дөңгелек үстел» өткізді

14/06/2016

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев Айнабұлақ ауылдық округінде болып, сот жұмысының ашықтығы мен жариялығын қамтамасыз ету мақсатында   «Медиация-бітімгершіліктің тиімді жолы» тақырыбында халықпен кездесіп, «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына ауыл әкімі М.Көшербаев, ауылдың ақсақалдары, кәсіпқой емес медиаторлар Қ.Адиев, Д.Саспаев және әкімшіліктің қызметкерлері қатысты.

«Медиация туралы» Заңының қолдануы жөнінде жиын өтті

14/06/2016

Тарбағатай ауданының №2 сотының төрағасы Тарбағатай ауданы Ақжар полиция бөлімінің бастығы Т.Нұрмұханбетовпен бірге Жетіарал, Құйған ауылдық округінің кәсіби емес медиаторларымен және ауылдың мекеме басшыларымен кездесу өткізді.

Шараға аталған ауылдық округтің әкімдері С.Кажиекберов, С.Малғаждаров, кәсіби емес медиаторлар К.Асылғазин, А.Искаков, А.Малғаждаров, С.Кұнафин, әкімдіктің мамандары, мекеме басшылары және ақсақалдар алқасының мүшелері қатысты.

Сот қаулысымен жүргізушіге айыппұл салынып, көлік басқару құқығынан айырылды

14/06/2016

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабы 2-бөлігі (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы, жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол әрекет) бойынша азамат Р.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында 2 әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

14/06/2016

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  73-бабы  1-бөлігімен Т.Мамаев және М.Жакиновке қатысты әкімшілік істер қаралды.

Іс материалындарынан, Т.Мамаев ішімдік ішкен масаң күйінде азаматтық некеде бірге тұрып жатқан зайыбын тұрғын үйінде, ар-намысына тиетін сөздермен, балағаттап отбасы тыныштығын бұзған.

Есірткі затын өткізу мақсатынсыз сақтаған

14/06/2016

Семей қаласының № 2 соты  ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен азамат Д.Умарқановқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта анықталған жайлар бойынша, Семей қаласының ІІБ жол патрульдық полиция батальоны қызметкерлерімен Д.Умарқанов ұсталынды, ол өз еркімен екі адамның қатысуымен оң жақ қалтасынан есірткі затын алып берді, яғни салмағы 2,12 грамм кептірілген марихуана, есіртке затын өткізу мақсатынсыз сақтаған.

Сотта іс материалдарымен және сотталушының мойындау айғақтарымен қылмыстық әрекеттері толықтай дәлелденді.

№1 ювеналды соттың судьясы Мектепте «семинар» өткізді

14/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы С.М.Тұтқанбаева Өскемен қаласының  №35 орта мектебінде «Кәмелетке толмаған баланың мүддесіне қатысты медиация рәсімдерін қолдану» тақырыбында семинар өткізді.

Қарыз өндіру жөнінде азаматтық іс қаралды

14/06/2016

Күршім аудандық сотында талапкер «Береке микроқаржы ұйымы» ЖШС-ның жауапкерлер А.Баймұтановадан., З.Солтанғұловтан қарызды өндіру туралы азаматтық  ісі қаралды.

Сот отырысына тараптар келмеген, олардан істі өздерінің қатысуынсыз қарау жөнінде жабаша арыз түсірген.

Глубокое аудандық сотында «дөңгелек үстел» өткізілді

14/06/2016

Глубокое аудандық сотының төрағасы  медиация кабинетінде  «Медиация туралы» заңның қолдану аясы  мен тәртібін, оң тұстарын талқылап, жүзеге асыру мақсатында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Дөңгелек үстелге «Нұр Отан» ХДП төрағасы Д.Қадырбаев, ақсақалдар алқасының мүшесі В.Н.Цой, аудандық мәслихат хатшысы А.Баймулдинов, кәсіби емес медиатор  қатысты.