Есірткі затын өткізу мақсатынсыз сақтаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының № 2 соты  ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен азамат Д.Умарқановқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта анықталған жайлар бойынша, Семей қаласының ІІБ жол патрульдық полиция батальоны қызметкерлерімен Д.Умарқанов ұсталынды, ол өз еркімен екі адамның қатысуымен оң жақ қалтасынан есірткі затын алып берді, яғни салмағы 2,12 грамм кептірілген марихуана, есіртке затын өткізу мақсатынсыз сақтаған.

Сотта іс материалдарымен және сотталушының мойындау айғақтарымен қылмыстық әрекеттері толықтай дәлелденді.

Сот Д.Умаркановтың жасаған қылмыстық теріс қылқының ауырлығын және қоғамға қауіптілігің есепке алып, 25 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салу түріндегі, яғни 53 025 теңге көлемінде жаза тағайындауға үкім етті.

Үкім заңды күшіне енді.

 

Семей қаласы № 2

сотының баспасөз қызметі