№1 ювеналды соттың судьясы Мектепте «семинар» өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы С.М.Тұтқанбаева Өскемен қаласының  №35 орта мектебінде «Кәмелетке толмаған баланың мүддесіне қатысты медиация рәсімдерін қолдану» тақырыбында семинар өткізді. Осы семинарға «Шығыс Қазақстан облысының  «Альтернатива» медиация және құқық орталығының» директоры А.А.Каленова, «Шығыс Қазақстан облысының  «Альтернатива» медиация және құқық орталығының» кәсіби медиаторлары А.О.Жұмағұлов, М.Т.Алиева, И.Е.Смаилова, «Медиаторлардың ұлттық  палатасының» директоры М.И.Дячук, «Медиаторлардың ұлттық  палатасының» кәсіби медиаторы Т.З.Танекенова, Өскемен қаласының білім бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және олардың құқығын қорғау комиссиясының хатшысы Р.П.Елеукенова, №7 орта мектептің мұғалімдері И.О.Бойкова, Т.Г.Осипова, А.Т.Маутканова, №27 орта мектептің мұғалімдері А.С.Мужебаева, В.И.Курочкина, Л.А.Немцева, №37 орта мектептің мұғалімдері Е.А.Третьякова, И.Р.Ярулина, Р.С.Базаров, №18 орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Э.К.Шакенова қатысты.

Ювеналды №1 соттың судьясы С.М.Тұтқанбаева, Медиация туралы заңына сай медиация технологиялары көмегімен даулар  сотта, соттан тыс, сотқа дейінгі тәртіпте шешілетіндігін атап айтты. Мектепке дейінгі және оқу орындарында орын алатын барлық жанжалда медиацияны -  дауды тәуелсіз адамның (медиатордың) жәрдемдесуімен реттеу әдісін сәтті қолдануға болады.

А.А.Каленова баяндамасында медиацияға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасы туралы, медиацияның принциптері туралы, медиацияның артықшылықтары туралы, медиацияның сот талқылауынан ерекшеліктері туралы айтып өтті. Медиация рәсімі ресми емес бейресми. Медиация қатысушылардың кез келгенінің ниетімен қалаған уақытында тоқтатыла алады. Медиация тараптардың бірі мемлекет болған жағдайда, сыбайлас жемқорлық және басқа да мемлекеттік қызметтің мүддесіне  қарсы  қылмыстық істерде қолданылмайды.   

Сонымен қатар, М.И.Дячук баяндама оқыды. Ол мектепке дейінгі және оқу орындарын басқару барысында замануи медиация технологияларын қолдану білім  жүйесіндегі әлеуметтік ынтымақтастық жағына қарай қомақты өзгерістерді жаңғырту қажеттілігімен негізделген. Мектепке дейінгі және білім мекемесін басқару барысында басшылыққа ұжымдағы  тұлғалар арасындағы қарым-қатынасты реттеу үшін медиациялық қабілеттер қажет.

Семинар соңында барлық қатысушылар медиаторлар мен судьяға алғыстарын білдірді және оларды оқу жылының басында басқа да мұғалімдер мен ата-аналардың алдында сөз сөйлеулерін ескертті. 

 

ШҚО  №1  кәмелетке толмағандардың істері

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

сотының баспасөз қызметі