Архив событий

27/06/2016

«Медиация туралы» Заң Тарбағатай ауданында кеңінен насихатталуда

27/06/2016

Тарбағатай ауданының №2 сотының төрағасы С.Ахмеджанов, Тарбағатай ауданы Ақжар полиция бөлімінің учаскелік ииспекторы Т.Какимов, Ақжар ауылына қарасты кәсіби емес медиатор Т.Омармен бірге Тұғыл ауылдық округінің кәсіби емес медиаторларымен және ауылдың мекеме басшыларымен кездесу өткізді.

Шараға аталған Тұғыл ауылдық округінің әкімі Б.Амренова,  ақсақалдар алқасының төрағасы, кәсіби емес медиатор А.Хамзин, мекеме басшылары және  әкімдіктің мамандары қатысты.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

27/06/2016

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс шараның мақсаты тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениеттің және халықтың сот жүйесіне деген сенімін жоғарылату, сондай-ақ сот әділдігінің қол жетімділігі болып табылады.

Сот төрағасы А.Әлидің қабылдауына  жер даулар бойынша, қарыз соманы өндіру, бала асырап алу және көптеген өзекті сұрақтармен Катонқарағай ауылының тұрғындары келді.

Медиатордың қатысуымен отбасы сақталды

27/06/2016

Үржар аудандық сотымен талапкер М.Сағымбаеваның жауапкер С.Беговпен «заңды некеден ажырасу туралы» азаматтық ісі қаралды.

Сотта, тараптардың ортақ некеден  үш балалары бар екені, мінездері сәйкес келмегендіктен,  жауапкер жиі ұрыс-керіс шығарып, қол жұмсайтындықтан  талапкердің жанұяны сақтау мүмкін емес деген шешімге келгені анықталды.

Сот шешiмiн орындамағаны үшін айыппұл салынды

27/06/2016

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабы  (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азамат О.-ға қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

27/06/2016

Тарбағатай аудандық соты ҚР ҚК-нің 188 бабы 1 бөлігі (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша азамат Е.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, сотталушы Е. жәбірленуші Қызыл-Кесік ауылының тұрғыны Р-ның үйінің кіре берісінде тұрған ат әбзелдерін жасырын ұрлап, өзінің заңсыз әрекетімен жәбірленушіге 25 000 теңге елеулі материалдық зиян келтіргені анықталды.

Сот талқылауы барысында тараптардан залалдың толық өтелуіне байланысты қылмыстық істі медиация тәртібінде қысқарту жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды

27/06/2016

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434 бабы 1 бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) бойынша азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Есірткі затын сақтағаны үшін сотталды

27/06/2016

Көкпекті аданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 296 бабы 2 бөлігімен (өткізу мақсатынсыз есірткіні заңсыз сақтау) А.Мартыновқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қоғамдық орынға масаң күйде келгені үшін әкімшілік қамаққа алынды

27/06/2016

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440 бабы  4 бөлігі (қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам жасаған әрекеттер) бойынша азамат Қ.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, азамат Қ. «орта» дәрежедегі арақ ішкен мас күйінде қоғамдық орында адамның қадір-қасиетін әрі қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін масаң  күйінде жүргені анықталды.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпталды

27/06/2016

Курчатов қалалық сотында азамат Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) Т. Машгутовға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін сотталды

27/06/2016

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 106 бабы 1 бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) Т.Жакиевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

А.Айтқалиев, А.Айтуған, Т.Жакиев және С.Сексенбай көшеде ішімдік ішкен, ішімдік ішу барысында соңғы екеуінің арасында туындаған жан-жал кезінде Т.Жакиев қалтасынан бәкі алып шығып, С.Сексенбайдың денсаулығына ауыр зиян келтірген.

Шетел азаматы ҚР-ның көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған

27/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха аудандық соты ӘҚтК-нің 517-бабының 6-бөлігінде қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық (ӘҚБтК-нің 517-бабының 3-бөлігінде қарастырылған іс-әрекет үшін әкімшілік жаза берілгеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған ішкі істер органдарында тіркелмей-ақ елде болу мерзімін бұзу арқылы шетел азаматының ҚР-ның көші-қон саласындағы заңнамасын қайталап бұзуы) жасаған Ресей Федерациясының азаматы С-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

27/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха аудандық соты жеке кінәлау арызы бойынша ҚР ҚК-нің 108-бабында қарастырылған қылмыстық теріс қылық (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) жасаған И.Иванюкке қатысты қылмыстық істі қарады.

Жеке кінәлаушы П.Қасымов ауылындағы өз үйінің ауласында тұрғанда азамат И.Иванюк оның бетінен қасақана ұрып, денсаулығына жеңіл зиян келтіргені жөнінде жеке кіналау арызымен сотқа жүгінді.

Сот шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхатты қанағаттандырды

27/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха аудандық соты ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-тармағы бойынша сот үкімімен 1 жылға пробациялық бақылау белгілей отырып, 1 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған А-ның өтінішхатты қарады.

Сотталған А. белгіленген мерзімнің үштен бір бөлігінен артық мерзімін өткергендігіне, тәртіптік жазаларының жоқтығына байланысты сотқа өзін жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхатпен жүгінді.

Риддер қалалық сотының төрағасы «Нұр Отан» ғимаратында азаматтарға жеке қабылдау өткізді

27/06/2016

«Азаматтарды жеке қабылдау» халықтың құқықтық мәдениетін,   тұтас сот жүйесіне деген сенімін жоғарылатуда үлкен рөл атқарады. Азаматтар соттардың қызметі туралы жетік біле бермейді, сондықтан осындай іс-шаралар қала тұрғындары арасында тек оң пікірлер қалыптастырады.

Глубокое аудандық сотында «Татуластыру рәсімдерін насихаттау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

27/06/2016

Глубокое аудандық сотының төрағасы Б.Касеновпен татуластыру рәсімдерін насихаттау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Іс шараға жергілікті БАҚ құралдарының өкілдері, «Достық үйінің» директоры, кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды

27/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық соты ӘҚБтК 608 бабы, 1 бөлігі  бойынша ( жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқару) Кабидулин Есен Қанапьянұлына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, Е.Кабидулин Өскемен-Шемонаиха 32 шақырым тас жолында алкогольдік масаң күйінде автокөлік құралын жүргізу кезінде полиция қызметкерлерімен ұсталғаны анықталған.

Жолда жүру ережесінің талаптарын бұзғаны үшін айыпталды

27/06/2016

Глубокое аудандық сотымен ӘҚБтК 608 бабы, 1 бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін С.Кузнецовке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Медиатордың қатысуымен татуласты

27/06/2016

ШҚО Катонқарағай аудандық соты ҚР ҚК 188 бабы, 1 бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін, яғни 35 000 теңгені құрайтын жеке тұлғаның мүлкін ұрлаған деп айыпталған азамат Н.Атығаевқа  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта істі қарау кезінде, сотпен медиация дауларды реттеудің балама тәсілі ретінде кәсіби емес медиаторларды қатыстырумен  жақтарды татуластыру бойынша шаралар қабылданды, нәтижесінде, тараптар дауды шешіп сотқа татуласуларына байланысты істі қысқарту туралы  арыздарын бекітуді ұсынды.

Кәсіби емес медиатор отбасын сақтап қалды

27/06/2016

Ағымдағы жылдың ШҚО Катонқарағай аудандық сотымен некені бұзу туралы азаматтық істі қарады.

Сотта істі қарау кезінде, кәсіби емес медиатор  қатыстыру арқылы дауларды реттеудің балама технологиясы ретінде медиация қолданылды, кәсіби емес медиатор тартылып, нәтижесінде ерлі-зайыптылар татуласып,  арадағы  дауды реттеу туралы келісім бекіту жайлы арыз берді. 

Сот қаулысымен әкімшілік іс өндірісі тараптар бітімгершілікке келуіне және медиативтік келісімге келуіне байланысты  қысқартылды.

Отбасындағы болған жанжал бітімгершілік келісімге келумен реттелді

27/06/2016

Бүгін Абай аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер) қарастырылған  құқық бұзушы А.Теміроваға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Абай аудандық сотында «Мемлекеттік қызметкердің әдебі» тақырыбында семинар сабақ өтті

27/06/2016

Абай аудандық сотында төраға Е. Адильбековтың ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметшінің әдебі» тақырыбында семинар сабақ өтті. Семинарға кеңсе мамандары қатысты.

Төрағалық етуші семинар сабақта мемлекеттік қызметшінің әдебі, жұмыс орнында өзін-өзі ұстау мәдениеті, сонымен бірге моральдық-этикалық нормал­арды сақтамау қандай да жеке мәселе емес­, қоғамдағы өзара қарым-қатынас мәдениет­і мәселелерімен тығыз араласып жатқандығын түсіндірді.

Абай аудандық сотында «Медиацияның -дауды реттеудегі маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

27/06/2016

Бүгін Абай аудандық сотында төрағаның ұйымдастыруымен «Медиацияның - дауды реттеудегі маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараға  Абай ауданының ауылдық округтерінің әкімдері және «Нұр Отан» ХДП Абай аудандық филиалының басшысы  қатысты.

Дөңгелек үстелде сот төрағасы Е.Адильбеков  «Медиация туралы» Заңның қолдануының маңыздылығы мен тараптар үшін қолайлы екенін атап, ауылдық округтерде «Медиация туралы» Заңның насихаттау жолдарын күшейту және азаматтарға кеңінен түсіндіру қажеттігін айтып өтті.

Абай аудандық сотының төрағасы «Ашық есік күнін» өткізді

27/06/2016

Бүгін Абай аудандық сотының төрағасы Е.Адильбековтың ұйымдастыруымен Кеңгірбай би ауылдық округінде   азаматтардың сот  жұмысы тәртібімен таныстыру үшін «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Шара барысында сот төрағасы елімізде жүргізіліп жатқан сот реформалары туралы таныстырып, келушілердің  сұрақтарына жауап берді, талап арыздарды жаңа технологияны қолдануды түсіндіріп, талап арызды  «Сот кабинеті» сервисі арқылы жіберу тәртібін насихаттады.

Көлікті алкогольдік масаң күйінде жүргізгені үшін көлік жүргізу куәлігінен айырылды

27/06/2016

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен, яғни жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру туралы азамат Д.Омархановқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Бесқарағай аудандық сотында әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

27/06/2016

Бесқарағай аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 73 бабының 1-бөлігі (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер) бойынша Е.Мұхалевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот, Е.Мұхалев өз үйінде жанжал шығарып, өзінің жұбайына балағат сөйлеп, оның тыныштығын бұзғандығы анықталды.