Архив событий

02/06/2016

Судьялар Одағының ШҚО филиалы судьяларының командалық спорттық атрибуттарын айшықтады

02/06/2016

Аймақтық спартакиаданың іріктеу ойындарының қарсаңында Судьялар Одағының ШҚО филиалы облыс судьяларынан жасақталған құрама командасының спорттық атрибуттарын айшықтады.

Біздің облыстың судьялары  Өскемен қаласында 3-ші маусым күні өтетін ҚР Судьялар Одағы спартакиадасының іріктеу ойындарына қатысқанда осы атрибуттарды пайдаланатын болады. 

Үржар ауданының №2 аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

02/06/2016

Үржар ауданы №2 аудандық сотында   азаматтардың сот  жұмысын ұйымдастыру тәртібімен таныстыру үшін «Ашық есік күні» өткізілді.

Шара барысында сот төрағасы К.К.Конкаев елімізде жүргізіліп жатқан сот реформалары туралы таныстырып, келушілердің  сұрақтарына жауап берді, сот кеңсесінің меңгерушісі Г.Ибраева  талап арыздарды жаңа технологияны қолдану арқылы жіберу тәртібін түсіндіріп, іс жүзінде  талап арызды  «Сот кабинеті» сервисі арқылы жіберу тәртібін көрсетті.

Өскемен қаласының №2 сотының судьялары казақ тілің меңгеру бойынша емтихан тапсырды

02/06/2016

Өскемен қаласының №2 сотының 12-кі судьясы, сонымен бірге соттың төрағасы Г.Әділбаева қазақ тілін меңгеру бойынша емтихан тапсырды.

2015 жылдың қазан айынан бастап судьялар әр сәрсенбі сайын «ШҚО тілдерді және мәдениетті дамыту мектебі» КММ-нің оқытушы Күленді Байсұлтанқызы Алдабергеновамен өткізілетін қазақ тілі сабағына қатысты.

Өскемен қаласының №2 сотымен қазақ тілі сабағын жүргізу үшін арнайы бөлме бөлініп жабдықталды.

Шетелдік азамат Қазақстан Республикасының заңдылығын бұзғаны үшін ел шекарасынан шеттетілді

02/06/2016

 Семей қалалық сотының шешімімен Семей қ. ІІБ арызы бойынша Т.Ардаширов Қазақстан Респбуликасы аумағынан шеттетілді.

22.09.2015 жылы Алматы қаласының Медеу аудандың №2 сотының үкімімен Өзбекстанның азаматыТ.Ардаширов ҚР ҚК 200-бабының, 1-тармағы бойынша айыпты деп танылып (ұрлау мақсатынсыз өзгенің көлігі немесе өзге транспорт құралын заңсыз иемдену), түзеу колониясында жазасын өтеумен 9 айға бас бостандығынан айырылды.  

Катонқарағай аудандық сотында медиация тәртібімен екі күнде 6 іс аяқталды

02/06/2016

Қазақстандық сот төрелігінің басты бағыттарының бірі болып белгіленген, дауды, жанжалды шешудің балама жолы медиация институты басты басымдықтардың бірі екені баршамызға мәлім.

ШҚО, Катонқарағай аудандық сотында 2016 жылдың 30-31 мамыры  күндері  медиация институтының тиімділігі жайында құқық түсіндіру жұмыстарын жүргізуінің нәтижесінде медиация тәртібі бойынша дауларды шешу жолымен 6 қарызды өндіруге қатысты азаматтық іске қатысты келісім жасалған.

Зырян ауданының медиация кабинетінде "дөңгелек үстел" өткізілді

02/06/2016

Зырян аудандық сотының төрағасы Исмагулов А.Е. Зырян қаласының әкімшілігінде орналасқан  Медиация кабинетінде  судья Е.М. Қостубаевтың, кәсіби емес медиаторлар А.Құрмангалиеваның, Т.Жамбырбаеваның, Зырян ауданы әкінің өкілі Д.Козловтың және ішкі саясат бөлімінің өкілі А.Заббарованың қатысуларымен «Медиация татуласудың - жолы» атты тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Дау шешіліп, неке сақталды

02/06/2016

Аягөз аудандық сотынд неке бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан, азаматша А.,  2016 жылдың сәуір айынан бастап некедегі жолдасыман бөлек тұратындағы, үй-тұрмыс жағдайлары біршама қиындап ортада келіспеушілік көп орын алғандығы, ортақ некеден екі балалары бар екеніндігі көрсетілген. Талапкер жолдасымен бірге тұрмайтыныың себебі, қызғаныштан екендігін айтты.

Сот отырысында тараптар өзара татуласып және медиативтік келісім бекітілді.

Ерлі-зайыптылар медативтік келісімге келді

02/06/2016

Өскемен қаласының №2 соты ҚК-нің 108-бабымен қарастырылған, яғни денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру жеке айыптау тәртібінде айыпталушы  азамат Н-ға  қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта, азамат Н., өзінің жұбайы Д-ны жан-жал кезінде ұрғаны, осылайша денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтiргендігі, жәбірленушіге дене жарақатын түсіргендігі анықталды.

Судья К.Садуақасовамен татуласу арқылы медиация тәртібімен қылмыстық істі қысқарту мүмкіндігін тараптарға түсіндірді.

Семей қаласының № 2 сотында медиативтік келісім бекітілді

02/06/2016

Семей қаласының № 2 соты  ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігінің 1,3 тармағымен (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, мас күйінде  тұрғын үй-жайға заңсыз кіру) бойынша азамат А.Жакуповқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта А.Жакупов алдын ала адаммен сөз байласып,  Семей қаласындағы үйдің  жерқоймасына масаң күйінде жасырын заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін (тұздық, тосап) жымқырғаны анықталды. Осы әрекеттерімен ол жәбірленуші Л-ға барлығы 110700 теңге көлемінде  залал келтірген.

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотымен әкімшілік қадағалау орнатылды

02/06/2016

Ұлан ауданының № 2 аудандық соты бұрын сотты болған Р.Яфясовқа қатысты әкімшілік қадағалау орнату туралы ішкі істер бөлімінің ұсынысын қарады.

Бұрын бірнеше рет сотталған Р.Яфясов жазасын өтеу мекемесінен босатылғаннан кейін,  Ішкі істер бөлімінің арнайы есебіне тұрған кезде, оған әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда әкімшілік қадағалауға алынатыны туралы үш рет  ресми ескертулер жасалған. 

«Медиация туралы» Заңы бойынша халықпен кездесу өтті

02/06/2016

Үржар аудандық сотының  төрағасы  Үржар ауданы Әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық – заң бөлімінің қызметкерімен бірге «Медиация туралы» Заңын түсіндіру мақсатымен  Үржар ауданының  Жоғарғы Егінсу ауылдың тұрғындарымен кездесті.

Аталған шарада ауыл тұрғындарынан басқа ауылдық округ мамандары, және де ақсақалдар кеңесі қатысты.

Үржар аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

02/06/2016

Үржар аудандық сотында ӘҚБК-нің 434-бабының, 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер)  бойынша әкімшілік іс қаралды.  

Көлік құралын есірткілік масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды

02/06/2016

Ұлан ауданының № 2 аудандық  соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде  басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік,  есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша азамат А.Затеевқа қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта А.Затеев есірткілік масаң күйде көлік жүргізгені анықталды. 

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Достық үйінің қоғамдық келісім Орталығында «дөңгелек үстел» өткізді

02/06/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты облыстық Достық үйінің қоғамдық келісім Орталығында жер жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің,  қаладағы қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен «Әкімшілік дауларды реттеудегі медиация институтының рөлі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді. Іс-шара сот төрағасы С.Ибраевтың төрағалық етуімен өтті.

Өскемен қалалық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

02/06/2016

Өскемен  қалалық сотында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ университетінің 2 курс студенттеріне арналған «Ашық есік күні» өткізілді.

Бүгінгі таңда сот қызметінің ашықтығына, қол жетімділігіне көп көңіл бөлінеді.

Шараның мақсаты соттың жұмысы, оны ұйымдастыру, талап арыздарды беру тәртібі, туралы ақпараттандыру болып табылады.

Достық үйінде тараптар дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісімге келді

02/06/2016

Семей қаласының ювеналды сотында  алименттің мөлшерін азайту  туралы іс қаралды. 

Алдын ала сот отырысында тараптардан дауды медиация тәртібімен шешу және медиация рәсімін істі қарап жатқан судьяның жүргізуі туралы өтініш түсті.

Судья Р.Байжұманов келісімнің мүмкін шарттарын Достық үйінде орналасқан медиация кабинетінде өткізді.

Сотталғанға іздеу жарияланды

02/06/2016

Глубокое аудандық сотында пробация қызметінің сотталған С.В. Ивановқа қатысты ұсынысы қаралды.

С.В. Иванов 2016 жылдың 29 наурызында Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 1-бөлігі бойынша Глубокое аудандық сотымен сотталған. Істі қарау кезінде С.В. Иванов сотқа дейінгі тергеуден соң жоғалып кеткен үшін сотпен оны қамауда ұстау бұлтартпау шарасын қолданумен іздеу жарияланып, қамауда ұсталған.

Көлікті алкогольдік масаң күйінде басқарғаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды

02/06/2016

ШҚО Үржар ауданы  №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлімі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша азамат Д.М.Беркутовке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот мәжілісінде Д.М.Беркутов алкогольдік ішімдік ішкен күйінде ШҚО Үржар ауданы Маканшы ауылында көлік құралын жүргізгені анықталды.

Мерзімінен бұрын шартты босатылды

02/06/2016

Глубокое аудандық соты Н.Б. Кудрявцеваның жазасынан мерзімінен бұрын шартты босату туралы ұсынысын қарады.

Н.Б. Кудрявцева Қылмыстық кодексінің 149-бабы, 2-бөлігі бойынша  сотталып, 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген соң тұрғылықты мекені бойынша пробация қызметіне есепке тұрған.