Архив событий

16/06/2016

Өскемен қаласының №2 сотының судьялары қазақ тілін оқып-үйрену жөніндегі курсты табысты аяқтады

16/06/2016

Қазақтан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің барлық аумақтарында қоғамдық қатынастарда қолданылатын барлық салалардағы мемлекеттік басқару, заңнамалар, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі болып табылады. Барлық мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін жан-жақты дамытуға ат салысуы және оның халықаралық беделін  нығайтуға міндетті.

Еңбек жарақатын алған жұмысшының пайдасына кәсіпорыннан материалдық әрі моральдық өтемақы өндірілді

16/06/2016

Семей қалалық сотымен Г.Захаровтың «Компания Азия Энерго» ЖШС-нен өндіріс жарақаты салдарынан болған материалдық әрі моральдық өтемақы өндіру бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер Г.Захаров 2015 жылдың 1-ші қаңтарында Захаровтың «Компания Азия Энерго» ЖШС-іне газ және электр дәнекерлеуші ретінде жұмысқа орналасады.

«Сот құжаттарын мемлекеттік тілде жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

16/06/2016

Глубокое аудандық сотында Глубокое ауданының мемлекеттік органдарының өкілдерінің қатысуымен «Сот құжаттарын мемлекеттік тілде жүргізу» тақырыбында семинар өтті.

Судья А.Болатова  мемлекеттік тілді дамыту, қызметкерлердің  білімдерін арттыру және дамыту мақсатында қазақ тілінде іс-шараларды жиі ұйымдастыру қажеттілігін атап өтті.

Зайсан аудандық сотында азаматтық іс медиация тәртібінде қысқартылды

16/06/2016

Зайсан аудандық сотында талапкер М.Толыбаевтың жауапкерден  қарыз ақша өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында тараптар дауды өзара медиация тәртібінде реттеу туралы келісімін жасау туралы арыз түсіріп, оны сотпен бекітуді сұраған.

Келісімге сай, жауапкер талапкерге  49 670 теңге негізгі қарызын, 4900 теңге өкілдік шығынды, жиыны 54 570 теңгені белгіленген мерзімге дейін қайтаруға міндеттелген.

Өскемен қаласының №2 сотында "Ашық есік күні" өтті

16/06/2016

Өскемен қаласының №2 сотында ҚАЕУ-ті колледжінің «заңтану» факультетінің  3 курс студенттері болып қайтты.

Соттың кеңсе меңгерушісінің м.а. Ш.Домбаева «Сот кабинеті» электрондық сервисінің тиімділігі туралы, «Сот кабинеті» сервисі арқылы құжаттар тапсыру тәртібін түсіндірді.

Өскемен қаласының №2 сотында жол көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

16/06/2016

Өскемен қаласының №2 сотының медиация бөлмесінде ҚК-нің 345 бабы 1 бөлігі (автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы) бойынша сотқа берілген айыпталушы жәбірленушімен татуласты.

Әкімшілік қамаққа алынды

16/06/2016

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігімен (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) айыптау туралы азамат А. Набоковты әкімшілік іс қаралды.

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында бітімгершілік институттарын дамытуға арналған дөңгелек үстел өтті

16/06/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында «Бітімгершілік институттары - тарихы және болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Күршім ауданының №2 сотының төрағасы С. ЖЖансейіт, Күршім ауданы прокурорының орынбасары Р.Садвокасов, полиция инспекторлары және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан

16/06/2016

Ұлан ауданының №2 аудандық соты медициналық куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралған.

Сотта, құқық бұзушы Е.Чугаев полиция қызметкерлерімен тоқтатылып, орталық ауруханада ішкі істер органдары қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамаған, осылайша ҚР ӘҚБтК-нің 613 бабы 4 бөлігімен көзделген құқық бұзушылықты  жасаған.

Әкімшілік іс бойынша 100 килограмм табан балығы тәркіленді

16/06/2016

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  кодексінің  389-  бабы 1- бөлігімен М.Оразбековке қатысты   әкімшілік  ісі  қаралды.

Байтоғас ауылының тұрғыны М.Оразбеков меншігіндегі «Урал» маркалы мотоциклімен 100 килограмм  табан балығын ешбір құжатсыз және ветеринарлық анықтамасыз тасымалдаған.

Азаматтық іс медиациялық келісім негізінде қысқартылды

16/06/2016

Зайсан аудандық сотында талапкер Г.Жақсылықованың жауапкерден  қарыз ақша өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында тараптар дауды өзара медиация тәртібінде реттеу туралы келісім жасау туралы арыз түсіріп, оны сотпен бекітуді сұраған.

Медиациялық келісімнің шарттарына сай, жауапкер 30 000 теңге негізгі қарызын  белгіленген мерзімде қайтаруға міндеттелді.

Сот ұйғарымымен азаматтық іс медиация тәртібінде тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды.

Өскемен қаласының №2 сотымен пәтер алаяғы сотталды

16/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласының №2 сотында ҚК-нің 190 бабы 3 бөлігі 3 тармағымен (алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену, екі немесе одан да көп адамға қатысты) қарастырылған қылмысты жасаған И.Баланға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, И.Балан тұрақты жұмысы болмай, ақшалай қаражатты қылмыстық жолмен табуды шешіп, пайдакүнемдік ниетпен алаяқтық жасағандығы, яғни тұрғындарды  алдау жолымен бөтен мүліктерін ұрлағандығы анықталды.

ШҚО экономикалық сотында брифинг өткізілді

16/06/2016

ШҚО экономикалық сотында өзекті тақырыптар бойынша 4 брифинг өткізілді.

ШҚО МАЭС кеңсе меңгерушісі С.Тұратпаевпен, А.Жилкашиновамен бұқаралық ақпарат құралдары: «7 күн» газеті, «Хабар» телеарнасы, «Мой город» газеті, «Ре-Марк» газетінің өкілдерімен кездесулер өткізілді.

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында сот қауіпсіздігінің өзекті мәселелері талқыланды

16/06/2016

Аталған іс-шараға сот қызметкерлері, Шығыс Қазақстан облысының МКҚБ 1-ші ПБ полицейлері және сот жасауылы Д.Абилмажин қатысты. Ұлан ауданының №2 аудандық сотында «Террористік акті қаупі кезінде қызметкерлердің іс-әрекеті және әкімшілік ғимараттарына кіргізу және ішкі объектілік режимінің тәртібін сақтау» тақырыбында семинар өткізілді.

Әкімшілік іс бойынша жеке қаулы шығарылды

16/06/2016

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық сотында ӘҚБК-нің 73 бабы,  1 бөлігі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азамат Н.Қаржаубаевты  жауапкершілікке тарту туралы әкімшілік ісін қарау кезінде Үржар АІІБ-не қатысты жеке қаулы шығарылды.

Медиация кабинетіндегі кезекті семинар өткізілді

16/06/2016
Татуластыру рәсімдерін насихаттау бойынша құрылған жоспарды жүзеге асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық сотымен медиация кабинетінде іс-шараларды өткізу жалғасуда. 
 
Судья А.Болатова бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, кәсіби емес медиаторлардың, әкімдік мамандарының қатысуымен «Медиация туралы» Заңды қолданудағы ерекшеліктер» тақырыбында семинар өткізді. 
 

Жеке айыптау бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

16/06/2016

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 107 бабымен (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) жеке айыптау тәртібінде айыпталушы  азаматша Т.-ға  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, азаматша Т. өзінің ұлымен сөзге келіспей қалғандықтан оны  жұдырығымен сол жақ көзінен ұрып жіберіп, жәбірленушіге дене жарақатын түсіргендігі анықталды. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес жәбірленушінің  денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiрілген.

Ел аумағынан шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамағаны үшін сотталды

16/06/2016

Өскемен қаласының №2 сотында ҚК-нің 393 бабымен қарастырылған қылмыстық теріс қылықты жасаған И.Бедаревқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта И.Бедарев шетелдік тұлға бола отырып, оған қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамағаны анықталды.

Курчатов қалалық сотында әкімшілік іс қаралды

16/06/2016

Курчатов қалалық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда жасалған басқа да әрекеттер) азамат  И. Ивлевқа қатысты айыптау туралы әкімшілік іс қаралды.

Достық үйінде тараптар дауды медиация тәртібінде шешу туралы келісімді бекітті

16/06/2016

Семей қалалық сотында қарызды өндіру туралы іс қаралды.

Істі қарау барысында тараптар  дауды медиация тәртібінде шешу туралы келісімге келді. 

Достық Үйіндегі медиация кабинетінде олардың арасында дауды медиация тәртібінде шешу туралы келісім бекітілді.  Оның шарттары бойынша жауапкер 2 айы ішінде, яғни келісім бекітілген сәттен бастап  талапкерге 230 000 теңгені қайтарып, қалған 200 000 теңгені белгіленген мерзімге дейін қайтаруы тиіс, ал жауапкер өз арыз талаптарынан бас тартады.

Көлікті алкогольдік масаң күйінде жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

16/06/2016

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 608-бабының 3-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік мас күйінде басқара отырып, мүлікті бүлдіруге әкеп соқтырған іс-әрекеттер) азамат А.Алиповқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, жүргізуші А. Алипов, 2016 жылғы 2 маусымда сағат мөлшері 23:55 кезінде автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқара отырып, қауіпсіздік жылдамдықты сақтамай тас жолдын бойындағы үйдің қоршауын қағып кеткендігі анықталды.  

Қоғамдық орында масаң күйде жүргені үшін әкімшілік қамауға алынды

16/06/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік шара қолданғаннан кейін соңғы бір жыл көлемінде қайталап осы құқық бұзушылықты жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған  А.Васильевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Жеке айыптау бойынша сот медиациясы

16/06/2016

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотына Самар ауылының тұрғыны Е.Дьяченко  өзінің жұбайы С.Шикаловты жеке айыптау тәртібінде  шағыммен жүгінген. Шикалов масаң күйінде әйелін соққыға жығып, ҚР ҚК-нің 108 бабында көзделген  қылмыстық теріс қылық жасаған.

Сот талқылауы барысында, тараптарға істі медиация тәртібінде реттеу жөнінде түсіндірілген.

Сот қаулысымен Е.Дьяченкоға қатысты қылмыстық іс медиация тәртібінде  қысқартылған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қоғамдық орынды ластаған

16/06/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігінде (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластау, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіру) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін А.Восториковқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

ШҚО Катонқарағай аудандық сотында «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ғимараттары мен аумағында сотқа келушілерге ішкі обьекті және өткізу режимдерінің сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

16/06/2016

ШҚО Катонқарағай аудандық сотында  2016 жылғы 2 маусымдағы № 13762 санды  Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министірлігінің бұйрығымен бірлесе бекітілген, 2016 жылғы 3 мамырдағы № 6001-16-7-6/183 санды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ғимараттары мен аумағында сотқа келушілерге ішкі обьекті және өткізу режимдерінің сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар жұмысына сот мамандары мен ҚР ІІМ-нің Катонқарағай аудандық МКҚБ өкілі Р.Самарханов қатысты.

Кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығына азық-түліктер жеткізілмеген

16/06/2016

«Риддер қаласының кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығы» КММ-сі ЖК З.Каримоваға мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызымен ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

Глубокое аудандық сотында брифинг өткізілді

16/06/2016

Глубокое аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен «Медиация туралы заңды қолдану» тақырыбында брифинг өтті.

Глубокое аудандық  сотының судьясы Б.Амировпен «Медиация туралы» Заңын қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер өндірісінде қолдану мәселесі жөнінде айтылды.  Б.Амиров татуластыру рәсімдерін   қолданумен қаралған істер бойынша ақпараттарды ұсынды, яғни, 2016 жылы медиация тәртібінде 144 азаматтық істер, 34 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер, 24 қылмыстық істер қысқартылған.

Алкоголь өнімдерін жиырма бір жасқа толмаған тұлғаға сатқандығы үшін жауапқа тартылды

16/06/2016

Жарма аудандық  соты Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 200-бабының 1-бөлігі (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь  өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) бойынша әкімшілік іс қарады.

Сотта дүкен сатушысы Д.Бейсекенова  21 жасқа толмаған тұлғаға бір шөлмек сыра сатқандығы анықталды.

Өзбекстан азаматы еліміздің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

16/06/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігінде (шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Өзбекстан Республикасының азаматы М. Жалолхоновқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қылмыстық іс медиациялық келісім жасалуымен қысқартылды

16/06/2016

Аягоз аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі, 3-тармағымен (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасырын жымқыру) Б.Қайраласовқа қатысты қозғалған қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдарына  сәйкес, Б.Қайраласов 2016 жылдың мамыр айының 10 күні, сағат 10:00 шамасында, жәбірленушіге тиесілі 6 метрлік 5 дана темір трубаларды жасырын түрде жымқырып кетіп, жәбірленуші 30 000 теңгеге материалды залал келтірген.    

Сотта медиациялық келісім жасалды

16/06/2016

«Ақ Ниет» ЖШС «Т.Исина» ЖК-не тараптар арасында жасалған жеткізу шарты барын, оның талаптарын жауапкер тиісті деңгейде орындамағанын негізге ала отырып, қарызды, айыпақы өндіру туралы талап арызбен ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

Азаматтық істің материалдарына сай, тараптар арасында жеткізу шарты жасалған. Талапкер тарапынан  тауарды жеткізу бойынша міндеттер тиісті деңгейде орындалған, алайда жауапкер шартта келіскен мерзімде жеткізу үшін төлем төлемеген.