Архив событий

17/06/2016

Әкімшілік іс медиация тәртібінде қаралды

17/06/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде (отбасы-тұрмыстық қатынастар құқыққа
қарсы әрекеттер) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта,  азамат  үйінде отбасылық жанжал шығарып, өзінің апасына  анайы сөздер айтқан, осылайша ол үйдің тыныштығын бұзғандығы  анықталғанды.

Көші-қоны саласында, яғни еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда мұндай рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін Ресей азаматы әкімшілік жауапқа тартылды

17/06/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Ресей Федерациясының азаматына қатысты Қазақстан Республикасының  әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабының 5-бөлігіне сәйкес (еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда мұндай рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы) әкімшілік іс қарады.

Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

17/06/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат Д.Даутбаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот  отырысында, Д.Даутбаев анасына сыйламаушылық көрсетіп, балағат сөздермен тіл тигізіп,  тыныштығын бұзғаны анықталды.

«Медиация татуластыру рәсімі» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді

17/06/2016

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Г.Оспанова ЖШС Казцинк басқармасының заңгерлер бөлімінің заңгерлеріне Медиация татуластыру әрекеті тақырыбы бойынша семинарлық сабақ өткізді.

Семинар сабақ барысында, тікелей Медиация заңын қолдану аясын, оның дауларды шешудің оңтайлылығы, медиация тәртібін қолдану бойынша мысалдар келтірілді.

Сот төрағасы семинарлық сабаққа қатысушылардың сұрақтарына жауап қайтарды.

 

Күршім ауданының №2 аудандық сотымен аудандық білім бөлімінің атына екі жекеше қаулы шығарылды

17/06/2016

Күршім ауданының №2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 434 бабының 1 бөлігі бойынша істерді қарау нәтижесінде Күршім ауданының білім бөлімінің басшысының атына екі жекеше қаулы шығарылды.

Жекеше қаулыларды шығаруға аталмыш тұлғалардың орта мектептің ұстаздары бола тұра, мектеп ғимаратының ішінде және жұмыс уақытында ұрсыс-жанжал шығарып, соның барысында бір-біріне былапыт сөздер айтып, ұсақ бұзақылық жасағандары себеп болды.

Жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды

17/06/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК  596-бабы, 3-бөлігінде (жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін А.Құсманға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сотта, А.Құсман өзінің басқаруындағы автокөлікпен  көше бойымен қозғалыс кезінде төрт жолақты қозғалысы бар екі жақты қозғалысқа арналған жолда  жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып, сол боймен қозғалғаны анықталған.

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

17/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен азамат  М.Акеджановқа  және Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 2-бөлігімен К.Кисановқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта,  М.Акеджанов пен К.Кисанов  «Көкжал» сауда үйінің алдында, қоғамдық орында бірін - бірі балағаттап, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, төңірегіндерге сыйламаушылық білдіргендігі анықталды.

«Медиация заңын қолдану» тақырыбына семинарлық сабақ өткізілді

17/06/2016

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Г.Оспанова Риддер қаласының ІІБ жергілікті полиция қызметкерлеріне «Медиация заңын қолдану» бойынша семинарлық сабақ өткізді.

Семинар сабақ барысында, тікелей Медиация заңын қолдану аясын, оның дауларды шешудің оңтайлылығы, медиация тәртібін қолдану бойынша мысалдар келтірілді.

Сот төрағасы семинарлық сабаққа қатысушылардың сұрақтарына жауап қайтарды.

 

Риддер қаласының мамандандырылған

Тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен аналысу, сондай-ақ әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асырғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды

17/06/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 463-бабының 1-бөлігі (тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама  жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен  айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)  жүзеге асыру ) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сотта,  азамат  Н.Дайырова  салық  органында  тіркелмей, қандайда  бір  рұқсат қағазсыз  кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны анықталды, яғни  азық-түлікті  сатумен айналысып ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігін бұзған.      

Әкімшілік қамауға алынып, Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды

17/06/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 7-бөлігі (осы баптың екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер)  бойынша Тәжікстан азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, С. есімді азамат Қазақстан Республикасының аумағына 19.03.2016 жыл мен 05.07.2016 жыл аралығында Зайсан аудандық ІІБ-да тіркелген.

Тараптардың медиациялық келісімі негізінде іс өндірісі қысқартылды

17/06/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігінде (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған құқыққа

қарсы әрекеттер) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған А.Гончаренкоға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта,  А.Гончаренко ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы анықталған, алайда ол әкiмшiлiк шара қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде тағы да сол әрекетін қайталап жасаған.

Экономикалық сотта «Татуластыру рәсімдері» тақырыбында «Ашық есік күні» өткізілді

17/06/2016

Сот жүйесінің білім беру орындарымен бірлесе жұмыс жасауы заңгерлерді дайындауға, оқу үрдісінің тәжірибелік құрамдас бөлігін, олардың құқықтық қолданыс тәжірибесі мен байланысын күшейтуге, студенттердің кәсіби ептіліктері мен дағдыларын, құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталған.

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының осындай қағидаларының бірі Қазақ гуманитарлық Заң инновациялық университетінің студенттері үшін 2016 жылдың 14 маусымында «Ашық есік күнін» өткізу болып табылады.

Сот жұмыскердің құқықтарын қалпына келтірді

17/06/2016

«Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» ММ-сі «Надежда-М»  МПК-не нұсқаманы орындауға міндеттеу туралы талып арызбен сотқа жүгінді. Талап арызда «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» ММ-сінің мекен-жайына түскен өтініш негізінде «Надежда-М»  МПК жоспардан тыс тексеріс жүргізілгені негізге алынған.

Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылды

17/06/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтКнің 608-бабының 3-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер) және ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігінде (жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) көзделген әкімшілік құқық

Катонқарағай аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

17/06/2016

Катонқарағай аудандық сотында құқық бұзушы «А»-ға қатысты ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Халықпен кездесу өткізілді

17/06/2016

Күршім аудандық сотының төрағасы Е.Шымыров  соттың  жұмыс жоспарын орындау шеңберінде татуласу процедураларын насихаттау бойынша Жастар орталығында  «Медиацияның ұтымдылығы» тақырыбында халықпен кездесу өткізілді.  

Халықпен кездесуге қоғамдық ұйым өкілдері, ауылдық әкімшіліктің басшысы, медиаторлары мен өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері, Күршім ауылының тұрғындары қатысты.

Үржар ауданы №2 аудандық сотында қылмыстық іс медиациялық тәртіппен қысқартылды

17/06/2016

Үржар ауданы  №2 аудандық сотында Д.Ақажанованың жеке шағымы бойынша  К.Баткаловка қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 131 бабының 1 бөлімімен (Қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту) қозғалған қылмыстық іс қаралды.

Сотта сотталушы К.Бакалов жәбірленушіні қорлап, оның абыройы мен қадір қаситетін әдепсіз түрде кемсіткендігі  анықталды.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

17/06/2016

Семей қаласының Ювеналды сотында  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 191 бабының 2 бөлігінің 1,3 тармақшасымен (тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру) кәмелетке толмағанға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ювеналды №1 сотында семинар өткізілді

17/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кеңсе мамандары арасында жетекші маман А.Алижанова «Сот актілерін уақытында орындауға және атқару парақтарын тараптарға немесе сот орындаушыларына жолдау» тақырыбында семинар өткізді.

Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы

17/06/2016

Катонқарағай аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-ің 611 бабы 2 бөлігімен, яғни жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы бойынша құқық бұзушы К.Сейтмұханбетовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот мәжілісі барысында, К.Сейтмұханбетов көлік басқарып келе жатып велосипедшіні басып кетті, осы әрекетімен ол соңғыға велосипедті сындыру түрінде материалдық залал келтіріп, соңынан өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалғандығы анықталды.

Зайыбын балағаттағаны үшін әкімшілік қамауға алынды

17/06/2016

Жарма ауданының №2 аудандық сотында  С.Бейсембаевқа қатысты ҚР ӘҚБК-нің 73 бабы 2 бөлігі, яғни әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер  құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер туралы әкімшілік іс қаралды.

Ерлі-зайыптылар медиативті келісім жасады

17/06/2016
Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық соты В. Мұртазалиеваның М.Мұртазалиевке неке бұзу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды. 
 
Істі сотта қарау кезінде тараптар жүргізілген сот медиациясының нәтижесі бойынша дауды шешу туралы келісімді сотқа ұсынып оны бекітіп, істі қысқартуды сұрады. 
 
ҚР АІЖК 277 бабы сәйкес, егер тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімге келсе, сот істі өндіріспен қысқартады. 

Қаруды заңсыз сақтағаны үшін айыппұл жазасы тағайындалды

17/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық соты ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен  (ішкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау ) азамат  Н.-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, құқықбұзушы өз үйінде қаруды Ішкі істер органына тіркемей, заңсыз сақтаған.

Дауды реттеудің баламалы тәсілдері талқыланды

17/06/2016

Қоғамдық келісім орталығы - Халықтар достығы үйінде  «Дауды реттеудің баламалы тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға  Семей қалалық сотының судьялары К.Сапинова мен С.Байкетаева, коммуналдық қызмет өкілдері, пәтер иелері кооперативі және тұтынушылар кооперативтерінің төрағалары қатысты.

Татуластырушы процедуралар бүгінде белсенді түрде дамып, жақтастарын көбейту үстінде. Дауды реттеудің баламалы тәсілдері тараптар арасындағы жанжал деңгейін төмендетеді.

Қоғамдық орында былапыт сөйлегені үшін айыппұл жазасы тағайындалды

17/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 434- бабының 1-бөлігімен азамат  А.-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы алкогольдік  масаң күйде балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіргендігі анықталды. Осы әрекетімен ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көрсетілген  құқық бұзушылықты  жасаған.

«БАҚ-мен өзара іс-қимыл» тақырыбында семинар өтті

17/06/2016

Глубокое аудандық сотында сот мамандарының арасында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-әрекеттерді арттыру мақсатында «БАҚ-мен өзара іс-қимыл» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі А.Амангелді өз сөзінде, сот қызметі жайлы мәліметтерді объективті және  кәсіби тұрғыда  жарыққа шығару, БАҚ-да сот жүйесі туралы сапалы және жан-жақты ақпараттық басылымдарды  жариялау халықтың сотқа деген сенімін және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыратындығын атап өтті.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылды

17/06/2016

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық соты азамат Б.Қабдешовқа  қатысты ҚР ӘҚБтК 608 бабы, 1 бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік істі қарау кезінде,  құқық бұзушы автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды.