Катонқарағай аудандық сотында қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай аудандық сотымен ҚР ҚК 108 бабы, 1 тармағы бойынша денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірген қылмыстық құқық бұзушылық жасаған айыпталушы азамат С.Зарылқановқа қатысты қылмыстық іс қаралды

Р.Бухарова ҚІЖҚ  408 бабына сәйкес ол, 2016 жылы 2 маусымда  Бұхтарма су қоймасының «Одесса» паромында азамат С.Зарылқанов алкогольдік масаң күйінде, өзіне жеңіл түрінде дене жарақаттарын келтірілгенін айтып сотқа шағымданған.

Сотта істі қарау кезінде, сотпен медиация дауларды реттеудің балама тәсілі ретінде кәсіби емес медиаторларды қатыстыруымен тараптарды таластыру бойынша шаралар қолданып, нәтижесінде тараптар дауды шешіп сотқа татуласуларына байланысты істі қысқарту туралы арыздарын бекітуді ұсынды.

Сот қаулысымен қылмыстық іс жәбірленушімен татуласуына байланысты және медиативті келісімнің жасалуына байланысты өндіріспен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Катонқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі