Татуласып әкімшілік жауапкершіліктен босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса,)  С.Құсаиновқа қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сотта, С.Құсаинов өзінің үйінде алкогольдің масаң күйінде, ұрыс-керіс барысында бірге тұратын әйеліне балағат сөйлеп, отбасы-тұрмыстық қатынастағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiп, олардың тыныштығын бұзғандығы анықталды.

Сот отырысы барысында кәсіби емес медиатордың қатысуымен жәбірленуші мен құқықбұзушы медиациялық келісімге келді және соттан іс бойынша өндірісті қысқартуын сұрады.

Соттың қаулысымен С.Құсаинов жәбірленушімен татуласуына байыланысты әкімшілік жауапкершіліктен босатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Зырян аудандық сотының

баспасөз қызметі