Тараптар медиациялық келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа
қарсы әрекеттер) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған С.Беляевке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, С.Беляев отбасы-тұрмыстық қатынаста бірге тұратын азаматшаға сыйламаушылық танытып, оның атына балағат сөздер айтқан және үйдің тыныштығы мен берекесін алғандығы  анықталған.

Сот отырысы барысында дауласушы қос тарап медиаторлық келісімге келіп, тараптардың татуласуына орай соттан іс бойынша өндірісті қысқартуды сұрады.

Сот тараптардың арасындағы медиациялық келісімнің негізінде, тараптардың татуласына орай С.Беляевке қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі өндірістен қысқарту туралы қаулы етті.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

 

Өскемен қаласының

мамандандырылған әкімшілік сотының

 баспасөз қызметі