Бесқарағай аудандық сотында қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай аудандық сотымен ҚК-тің 188 бабы 1 бөлігі бойынша С. Мусульманкуловқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен, С.Мусульманкулов жәбірленушінің үйінде ремонт жасаған кезде, жәбірленушіге тиесілі жататын бөлмедегі чемоданнан алтын бұйымдарды ұрлап, оларды  ломбардқа өткізіп, алған ақшаларды өзінің жеке қажеттілігіне жұмсаған, осылайша өз әрекеттерімен жәбірленушіге 460 000 теңгеге материалдық зиян келтіргендігі анықталды.

Сот отырысы барысында сотталушымен жәбірленушілерден медиация тәртібімен татуласу туралы өтініш түсті.

Сот қаулысымен медиативтік келісім бекітіліп, тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты іс бойынша өндіріс қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Бесқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі