Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян ауданының №2 аудандық сотында  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат А.М. Кучерге  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот  отырысында А.М. Кучер үйінде жанжал шығарып, соның барысында енесін балағат сөздермен қорлап, сыйламаушылық көрсетіп,  тыныштығын бұзғаны анықталды.

Істі қарау барысында  тараптар медиация тәртібінде келісімге келіп,  тараптардың татуласуына байланысты,  соттан әкімшілік істі қысқартуды сұраған.

Сот қаулысымен ҚР-ның  ӘҚБтК-нің  64-бабына сәйкес тараптардың татуласуына байланысты  әкімшілік  іс медиация тәртібінде қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Зырян ауданының №2 аудандық

сотының баспасөз қызметі