Қоғамдық орынды темекі қалдығымен ластағаны үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай аудандық сотында ӘҚБтК 434-бабының 2-бөлігінде (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластау, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіру) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Р. Құрманғалинге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, Р. Құрманғалин қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде темекі қалдығын белгіленбеген жерге тастап, ол ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдірген.

Сот Р. Құрманғалинді  ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, әкімшілік жаза ретінде 2 (екі) тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы қаулы етті.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Бесқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі