Катонқарағай аудандық сотында оқу семинары өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай аудандық сотында «Сот кабинет»  сервисінде  жаңадан өзгерістер еңгізілуіне байланысты оқу семинары өтті. Семинарға мемлекеттік  және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, адвокаттар мен аудан азаматтары шақырылды.

Іс-шараға қатысушыларға аудандық соттың жетекші маманы  Н.Тоқтарбаева баяндама жасады. Ол «Сот кабинетінің» жұмыс рәсімдерімен таныстырып, сот кабинетін кеңейту мақсатында ақпараттық технологияларды қолдану, оңайтылған сот ісін жүргізу, сот төрелігінің ашықтығы мен айқындылығын жаңғырту жұмыстары тұрақты жүргізілетінін атап өтті. Семинарға қатысушылар жаңадан енгізулер азаматтарға уақыт пен ақшаны үнемдеуге сотқа дейінгі және де тікелей сот мәжілісіне қатысуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Сот кабинеті» арқылы негізгі арыздар мен қосымша құжаттар мен өтініштерді, электронды түрде берілетін болады.Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн беру тәртiбi көрсетілгендей қолданушы «Өтiнiш» бөлімін таңдап және электронды өтініш нысанын толтырады.

Семинарға қатысушылар «Сот кабинеті» сервисінің жаңашылдықтары азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдейтінін көрсетті, сонымен қатар сот тек сотқа дейінгі дайындықта және тікелей сот процесіне ғана қатысады.

 

Катонқарағай аудандық сотының

 баспасөз қызметі