Айналасындағыларға сыйламаушылық танытқаны үшін кінәлі деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты азамат И.Заикинаға қатысты Қазақстан Республикасының  әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес (ұсақ бұзақылық) әкімшілік іс қарады.

Сотта, И.Заикина  кафеде жәбірленушіге балағат  сөздер  айтып, қоршаған ортаға сыйламаушылық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзғандығы анықталды.   

Сот қаулысымен  И.Заикина  ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 айлық есептік көрсеткіш – 21 210 теңге айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Семей қаласының мамандандырылған

 әкімшілік сотының баспасөз қызметі