Өскемен қаласының №2 сотының судьялары халықпен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылы Қазақстан Республикасы судьяларының V съезінде сот жүйесін жүзеге асырудың басым бағыты ретінде медиация жолымен дауларды реттеудің баламалы әдістерін енгізу, басты міндеттердің бірі болып қойылған болатын.

2011 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы  Қазақстанның құқықтық жүйесі үшін  азаматтық қоғамда жаңа институттардың шынайы дамуынының және құқықтық мемлекеттің негізін қалаудың куәсі  болып табылады. 

Осы Заңның ережесіне сәйкес, медиация институты азаматтық және қылмыстық сот ісін жүргізудің шеңберінде енгізілді.

Казіргі таңда медиация нормаларын түсіндіруде барлық мемлекеттік органдар, ішкі істер, прокуратура органдары жұмысқа белсенді қатысып, медиация институтын халыққа кең  насихаттау міндеті тұр.

Өскемен қаласының №2 сотының судьялары С.Сарсенбаев, У.Даутова және А.Алтынхан «ШҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ және «ШҚО Әкімдігі Аппаратының «Достық үйі-қоғамдық келісім орталығы» КММ ғимараттарында халықпен жоспарлы кездесулер өткізді.

Кездесу барысында азаматтарға медиацияны қолдану саласы, оның қағидалары, медиация тараптарының құқықтары мен міндеттері, сонымен қатар қылмыстық сот ісі барысында жүргізілетін медиацияның ерекшеліктері түсіндірілді.

Іс шара соңында азаматтар барлық сұрақтарына жауаптар алды.

 

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі