Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлан ауданының №2  аудандық сотында,  Таврия ауылының орта мектеп оқушыларына арналған "Ашық есік күні" өткізілді.

Кездесу барысында кеңсе меңгерушісі Н.Омарова келушілерге сот жұмысы туралы  айтты. Соңғы жылдары соттың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі жақсарғандығы жөнінде  айтылды. Сонымен қатар, барлық сот отырыстарының дыбыс – бейне жазу құрылғысымен толығымен жабдықталғаны, оның сот өндірісінің ашықтығы  мен қолжетімділігін қамтамассыз ететіндігін атап өтілді. Келушілер үшін сот ғимаратында экскурсия  жүргізілді,  сот отырысының дыбыс-бейне жазу құрылғысының жұмысы көрнекі түрде көрсетілді. «Сот кабинеті»  сервисінің көмегімен, сот органдарымен ұсынылатын сервистерге қол  жеткіздіретін,  «Сот кабинеті» электрондық сервисі туралы түсіндірілді. Сотпен өткізілетін іс-шаралар кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа, қоғамға қайшы  әрекеттердің алдын алу, болдырмау мақсатында өткізіледі.

Бұған қоса қатысушылар соттағы стендтермен таныстырылды және оларға ақпараттық буклеттер таратылды. Кездесу соңында Н.Омарова келушілердің қызықтырған сауалдарына жауап берді.

 

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотының

 баспасөз қызметі