Семей қаласының ювеналды сотында сот орындаушыларымен дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының ювеналды сотында «Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Дөңгелек үстелге» әкімшілік айыппұлдарды өндіру бөлімінің және жеке сот орындаушылардың  аймақтық палатасының басшылары қатысты.

Сот төрағасы Р.Ақпар өз сөзінде атқарушылық өндірісінің тиімділігі мәселесі қазіргі таңда аса маңызды болып табылатындығы, себебі, сот шешімдерінің тез және сапалы орындалуынан азаматтардың және бүкіл қоғамның сот жүйесіне деген сенімінің дәрежесі айқындалатындығын жеткізді.

Сот орындаушыларының басшылары өз баяндамаларында ӘҚБтК-тің 896 бабының талаптары туралы сөз қозғады, яғни  айыппұл салу туралы қаулы немесе айыппұл төлеу қажеттiгi туралы нұсқама мемлекеттік сот орындаушыларына және жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына жіберілген кезде оған айыппұл сомасының мемлекет кірісіне түспегені туралы мәліметтер қоса беріледі. Осы баптың талаптары бұзыла отырып, мәжбүрлеп орындатуға жіберілген айыппұл салу туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама әкімшілік жазаны қолданған мемлекеттік органға қайтарылуға жататындығы айтылды.

Соңында «дөңгелек үстелге» қатысушылармен атқарушылық өндірісінің құқықтық мәселелері талқыланды.

 

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі